302
болса, жазалауға апара жатқан адамды өлтірген
жас жігітті мысалға
келтіріп айтқан. Тобыр оның сол жерде пайда бола кетуіне әртүрлі
қараған. Болып жатқан оқиғаға дерексіз көзқарас деген – осы, өйткені
жиналғандардың ешқайсысы да адам өлімінің егжей-тегжейін білмейді.
Тағы бір мәселе – ол
шындық
пен
сенімнің
арақатынасы. Кезінде
Инб-Рушд бір заттың екі шындығы болмайтынына сендірген. Ал
егер
шындық біреу
болса, онда ол
ақылға қонымды
болуға тиіс.
Екінші бір ортағасырлық ойшыл Ф.Аквинский
оған қарама-қарсы
пікір ұстанған: ол ақыл-парасат алдында
сенімнің басым
екені туралы
ұстанымынан қайтпайды. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бұл – ғылым
мен этиканың мәселесі.
Ал бізге Ф.Аквинскийдің пікірі дұрыс көрінеді, өйткені адамзаттың
ары қарайғы тағдыры
моральдық сананың тұрақты бақылауындағы
ғылымның дамуымен
тығыз байланысты.
Басқа жағдайда ғылым
өзінің мағынасын жоғалтып, адамға қарсы тұратын зұлым күшке айна-
луы мүмкін. Оның әлдебір белгілерін: климаттың өзгергенін, ядролық
апаттан келетін «ақырзаман» мүмкіндігін және т.б. біз қазір-ақ көріп
жүрміз.
1.3. ғылыми таным деңгейлері туралы
Таным үдерісінің екі:
Достарыңызбен бөлісу: