313
XX ғасырда электр қозғалтқыштары пайда болып, көлемінің
шағындығына бола, олар бір немесе басқа машинаның, механизмнің
бір бөлшегіне айналып, техниканың ары қарай жетілуіне келтірді.
Алайда қандай машина жасалса да, оны басқаруды және бақылауды
адамның өзі жүзеге асырып отырды. Бірақ көп кешікпей, мұнда да
алға ілгерілеу орын алды: автоматтандырылған кәсіпорындар шығып,
оларда өндіріс үдерісін
бақылауды компьютер
жүзеге асыратын бол-
ды. Мысалы, қазіргі заманғы автозауыттарда кузов құрастыру, бояу
жұмыстары роботтар мен автоматтарға берілді.
Бүгінгі күні компьютер техникасының дамуы қажетті ақпаратты
шапшаң таңдауға, оны жүйелеуге, түрлерге бөлуге және т.б. мүмкіндік
береді, сол арқылы өндірісте өзгерістерге байланысты жедел әрекет
ету, тиісті шешімдерді жылдам қабылдау және оларды іске асыру
мүмкін болады.
Сөйтіп, әлемдік тарихта ғасырлар бойы адамның негізгі еңбек
қызметтері қоғамда өзінің ерекше орнын алған машиналарға беріліп
келді. Ғылым мен техниканың жедел дамуы кейінгі уақытта «Үлкен
жарылыс» дегеннің теориясын еске түсіреді. Автоматтандырылған за-
уыттар, аса ұшқыр ұшақтар, әлемдік телевидение, интернет, ұялы бай-
ланыс және басқалары енді адамды таңғалдыра алмайды. Ғылымда
адамзаттың болашағы әлдеқайда
сенімді
, келешекте оның барлық
мәселелері ғылыми-техникалық даму жолдарында оңай шешіледі деп
санайтын
сциентизм
(лат. scientia – ғылым) пайда болды.
Алайда шыңдар қаншалықты биік болса, тұңғиықтар соншалықты
терең емес пе. XX ғасырдың 70 жылдарында ғылыми-техникалық
өрлеудің оң салдарларымен қатар, теріс зардаптары да (климаттың
өзгеруі, қоршаған ортаның бұзылуы, адамның техника құлына айна-
луы және т.с.с.) сезіле бастады. Өзінің
Достарыңызбен бөлісу: