310
болады. Мысалы, ғылымда бірнеше ғана таңданарлық нәрселер бола-
ды. Бұл,
бәрінен бұрын, – біздің алдымызда жайылып жатқан шексіз
Әлемнің, өмірдің, «ақыл берілген адамның» өзінің бар байлығы мен
ұлылығының шығу тегіне байланысты мәселелер.
Егер біз аталған мәселелердің діни шешімін жақшаның сырты-
на шығарсақ, онда материалистік философияның өмір сүріп
жатқан
әлемнің мәңгілігін мыңжылдықтар бойы дәлелдеп келгенін көреміз.
Алайда мәселенің қиындығы бұл әлемде мәңгі болуы мүмкін бірде-
бір заттың немесе құбылыстың жоқтығында жатыр. XX ғасырдың 70
жылдарында астрофизиктер «Үлкен жарылыс» (Grand Explosion) ту-
ралы ғылыми болжамды ұсынды. Ол бұл әлемнің вакуумның «үлкен
жарылысы» нәтижесінде пайда болғаны жайындағы жорамалды алға
тартып, оның мәңгілігін теріске шығарады. Осы ғылыми болжамның
көмегімен «инфрақызыл сәуленің орын ауыстыруы» деп аталатын
«ұлғаюшы Ғалам» себебін пайыммен түсіну мүмкін болды. Көп мил-
лиард жылдардан кейін ішкі тартылыс күші нәтижесінде бұл әлемнің
кері тартылу үдерісі басталады да, ол
жоғалады, бірақ кейін жаңа
«Үлкен жарылыс» Ғаламның жаңа үлгісін тудырады.
Ең таңғаларлығы,
осы көзқарастар пайда болғанның алдында 120 жыл бұрын соларға
ұқсас идеяларды орыс теософы Е.Блаватская өзінің «Құпия доктри-
на» атты кітабында баяндаған.
Ал өмірге қатысты айтсақ, оның пайда болуы жайындағы көптеген
жорамалдардың ішінен біздің көңілімізге қонымдысы – академик
В.Опариннің «коацерваттық» ғылыми болжамы. Оның мәні: мұхиттың
көптеген тұздар еріген бастапқы «жылы сорпасында» күн сәулелерінің
көмегімен есепсіз химиялық реакциялар орын алып,
олар ақыр
соңында белок қосылыстарының пайда болуына келтірді.
Адамның пайда болуы жайындағы ғылыми болжамдарды кейінірек
қарайтын боламыз.
Жоғарыда келтірілген ғылыми болжамдарды теорияға айналдыру
өте қиын, өйткені олардың тамырлары миллиардтаған жылдарға кетеді.
Бірақ егер біздің алдымызда жатқан табиғат пен қоғамның әлдебір
үдерістері туралы ғылыми болжамдарды алатын болсақ, олардың
шынайылығы ерте ме, кеш пе, тексеруге түседі,
өйткені өмірдің өзі
олардың бірқатарының жалған екенін көрсетеді. Мысалы, флогистон
немесе эфир идеясы ғылымның дамуына орай өзінің жетілмегендігін
байқатты және санаттық (ұғымдық) мәртебесін жоғалтты.
теория
деп шынайы екендігі тәжірибемен дәлелденген, бір-біріне
қайшы келмейтін, өзара байланысты ұғымдарда зерттелетін заттың не-
311
месе құбылыстың ішкі маңызды байланыстарын түсіну керек. Мысал
ретінде А.Эйнштейннің «салыстырмалылық теориясын», Ч.Дарвиннің
«эволюциялық теориясын», К.Маркстің «қоғамдық-экономикалық
құрылымдар теориясын» және т.б. келтіруге болады.
Теорияның негізгі қызметтері –
Достарыңызбен бөлісу: