ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет282/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   382
«табиғатты сынау»
деп ай-
тылады. Зерттеуші зерттеліп жатқан құбылысқа 
«сұрақтар»
қойып, 
оларға 
«жауап»
алады. Әрине, ондай кезде барлық сұрақтарға жа-
уап алу мүмкін емес. Сынақтың мәні зерттеу нысанына қойылатын 
сұрақтардың ол үшін «түсінікті» болуында, яғни оның осы уақытқа 
дейін ашылмаған қасиеттерін, байланыстарын білдіру екендігінде жа-
тыр. Ал егер олай болса, онда сынақ зерттеуші мен табиғат арасын-
да ұйымдастырылған 
«сұхбаттың»
ерекше түрі болып шығады. Бұл 
жердегі негізгі қиындық – 
табиғаттың ғалым қойған сұрақты түсіне 
алмауының мүмкін екендігі және алынған жауапты зерттеушінің 
дұрыс түсінбеуінің мүмкін екендігі.
Алайда ғылым белсенділігінің 
жүзжылдықтары ішінде зерттеушілер 
табиғатпен өнімді сұхбат 
құруды жүзеге асыру деңгейіне
дейін өсті. Бүгінгі күні сынақтар өткізу 
барысында зерттелетін нысандардың жаңа қырлары мен қасиеттерін 
ашуға, содан кейін оларды математикалық өңдеу арқылы бір не-
месе басқа тұжырымдар, заңдар жасауға мүмкіндік беретін қазіргі 
заманға сай әртүрлі аспаптар мен құрал-жабдықтардың кең ауқымы 
қолданылады.
Алғаш рет сынақтар 
Қайта өрлеу
дәуірінен бері қарай кең өткізіле 
бастады. Содан кейін олар Жаңа заманда кең құлаш жайды. Табиғатты 
сынақтан өткізе зерттеудің негізінде жатқан сол әлеуметтік-мәдени 
алғышарттар қандай болып еді? Олар төмендегідей:
– таным субъектісі (зерттеуші) өзінің табиғатқа қарсы тұратынын 
сезінеді, ол сезінуге қоғамның артып келе жатқан талаптарын 


319
қанағаттандыру мақсатында табиғатты өзгерту мүмкіндігін түсіну 
және сену ілесе жүреді;
– адамның табиғат үдерістеріне тәжірибе жолымен қандай 
өзгерістерді енгізгеніне қарамастан, жаңадан құрылған денелер мен 
құбылыстар бәрібір табиғат заңдарына бағынады;
– табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстар болмыста 
қаншалықты қайталанатын болса да, барлық жерде және барлық 
уақыттарда болатын табиғи заңдылықтарға бағынады.
Барлық мүмкін болатын өлшемдер мен сынақ-тәжірибелер арқылы 
эмпириялық (тәжірибелік) білімдер жинақталады. Олардың өзегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет