ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет283/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   382
Байланысты:
Философия

фактілер
болып табылады. Факт – эмпириялық білім бірлігі, онда же-
келеген қатынастар белгіленеді. Ол – ғылымда белгілі жолмен алынған 
жаңалықты бекіту. Фактілер бола алатындарға: зерттелетін нысанның 
бір немесе басқа қасиеттері мен сапаларын көрсететін «хаттамалық 
ұсыныстар», сол нысанның суреттегі бір немесе басқа қырларын, 
әртүрлі формулаларды, дыбыстардың жазылуын және т.б. білдіру жа-
тады.
Кез келген факт өлшемдердің көпқабаттылығымен, көптігімен си-
патталады. Ғылыми фактіде төмендегі негізгі сәттерді бөліп көрсетуге 
болады:
а) фактіде бекітілген зат немесе құбылыс;
ә) зерттелетін нысанның әртүрлі жақтары мен қасиеттері туралы 
мағлұмат;
б) зерттелетін нысандардың ғылыми қауымдастық сол және 
басқа уақытта қабылдаған сандық және сапалық қырларын, сынақ 
деректерін, өлшеу тәсілдерін бақылау туралы әдістер мен амалдар;
в) басшылыққа алуға қабылданған теориялардың, тұжырым-
дамалардың қолда барларына сүйеніп, фактілерді түсіндірудің жолда-
ры мен тәсілдері.
Енді зерттеудің негізгі эмпириялық әдістерінің қысқаша сипттама-
сына көшу мүмкіндігі туды.
1. Бақылау.
Зерттелетін құбылыстарды 
ғылыми бақылау
заттар-
ды және адамдардың өмірінде күнделікті болып жататын үдерістерді 
жай ғана бажайлап қараудан мүлдем өзгеше. Ол «tabula rasa» – таза 
тақта емес, өйткені ғалым зерттелетін затқа белгілі бір ұстанымдар 
тұрғысынан келеді, оның басында белгілі бір пікірге, зерттелетін зат 
немесе құбылысқа қатысты идеяға жақын бір нәрсе бар. Нәтижесінде, 
ол зерттелетін нысанның табиғатына қатысты бір немесе басқа жора-
малдарын растау немесе терістеу мақсатында сол затты жүйелі түрде 


320
бақылай бастайды. Бақылау барысында бірте-бірте ғылыми фактілер 
жинақталып және талданып, содан кейін әлдебір жүйеге келтіріледі.
Ғылыми бақылау жүргізудің алдында төмендегідей қатаң талаптар 
белгіленеді:
а) зерттеудің айқын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет