ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет312/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   382
Байланысты:
Философия

сенім білдіру
жоғары дәрежеде болмаса, ғылыми жетістікке жету мүмкін емес.
Әлбетте, бір немесе басқа ғалымның ғылыми еңбегі жарыққа 
шыққан соң, әріптестері онымен танысады, оған тиісті бағасын береді. 
Алайда ол зерттеудің нәтижелерін бүге-шігесіне дейін егжей-тегжейлі 
тексеру мүмкін емес, кері жағдайда ғылымда тоқырау орын алуы ғажап 
емес, өйткені оның өзінің ғылыми идеяларын іске асыру үшін уақыты 
да, күші де жетпес еді. Сондықтан ғалымдар өз әріптестерінің зерттеу 
жұмыстарының нәтижелеріне 
сеніммен
қарауға тиіс. Ал бұл этиканың 
негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Сенімнің сондай деңгейіне 
жету үшін, ғалым өз әріптестерінің, өзі айналысып жүрген ғылыми 
мамандықтың алдында, сондай-ақ бүкіл қоғамның алдында да өз 
жауапкершілігін сезінуі керек. Бұл ғалымның 
кәсіби жауапкершілігі,
яғни ғылымның 
ішкі этикасын
құрайтын жауапкершілік деп аталады.
Сонымен қатар ғылымның 
сыртқы этикасы
да бар. Ол ғылым мен 
қоғамның өзара қатынастарын қамтиды. Ғалымның, тұтас ғылыми 
қауымдастықтың қоғам алдындағы 
әлеуметтік жауапкершілігі 
бұл 
этиканың өзегін құрайды. Ішкі және сыртқы этиканың арасында өте 
алмастай шек жоқ, олар өзара бір-бірімен табиғи байланысқан. Ғалым 
елсіз аралда өмір сүрмейді, ғылыми қызметтерінен өзге, ол басқа да 
істермен айналысады, яғни әртүрлі әлеуметтік: әкенің, кәсіподақ 
мүшесінің, филателистің, жүзушінің т.б. рөлдерін атқарады.
Жоғарыда айтылғандай, алынған зерттеулердің нәтижелерін 
ғалым міндетті түрде мақала, брошюра немесе монография түрінде 
баспасөзде жариялауға тиіс. Сол кезде ол өзінің заңды 
авторлық 
мәртебесін
алады. Кез келген жарияланған ғылыми жұмыста алдыңғы 
авторларға, олардың жеткен жетістіктеріне, зерттеудің пайдаланылған 
әдістеріне, әртүрлі қорытындыларға сілтеме жасалуға тиіс. Бұл – оның 
әріптестері алдындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет