ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет310/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   382
Байланысты:
Философия

«қатаң бұйрық»
деп атады. Оның 
үстіне, И.Кант бұл априорлық ұстанымды адамның табиғи сезімдік 
бейімділіктерінен қатаң қорғаштады. Оның пікірінше, іс-әрекет 
қатаң бұйрық талаптарына құрметпен қарай отырып жасалғанда ғана 
моральдық болмақ. Осындай шектен шыққан ригоризм (салқынқанды 
пайымдылық) ол максиманы нақты өмірде іс жүзіне аспайтын етеді.
XX ғасырда Батыс ойшылдары 
«табиғат құқықтары»
идея-
сын (Э.Фромм) және 
«өмірдің барлық формалары алдында аса 
зор құрмет көрсету»
идеясын (А.Швейцер) ұсынды. Осындай 
қырынан алғанда, адамның мәнге ие күштерін ашып көрсетуге се-
беп болатын «Жақсылық», «Игілік» мәселесі өмір қуанышын сезінуге 
жеткізсе, ал «Жамандық» адамның гүлденуіне, оның таланттары мен 
дарындарының ашылуына кедергі келтіреді, күнәһарлық – ол адамның 
өзі үшін жауапкершілігінің болмауы (Э.Фромм).
Адам – өмірдің ең жоғарғы мәні. Бірақ өмірдің өзі Жердің үстіңгі 
бетінде болып жататын биологиялық, психологиялық, жан-дүниелік 
және рухани үдерістерді қамтиды. Бұл – бірегей ғаламдық оқиға. Сон-
дықтан «Жақсылық» – адамның ғана емес, өмірдің барлық форма-
ларының сақталуы және ізгілікке айналуы болса, ал «Жамандық» –
өмір формаларын қорлау және құрту (А.Швейцер). 
Мүмкін, бұл идеялар болашақ моральдың негізіне айналар. Оны 
уақыт көрсетеді.
3.2. ғалымның адамгершілік жауапкершілігі жайында
Қазіргі заман әдебиетінде ғылымның қай қырларын моральдық 
тұрғыда таразылауға жатқызуға болатыны туралы бірыңғай пікір жоқ. 
Сондықтан өз пікірімізді білдірейік.

Максима (лат. – негізгі, биік, жоғарғы) – адам ұстанатын басты адамгершілік қағида 
сияқты қанатты сөздің бір түрі; әдетте, өсиет түрінде айтылатын нақыл сөз.


352
Ғылымның моральдық өлшемін ашу, біздің көзқарасымыз бойын-
ша, жалпы, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдардың және 
ғылыми қауымдастықтың өзара-қарым-қатынастары мен қызметінің 
сипатын анықтау арқылы ғана мүмкін болады. Бұл мұнда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет