89
Қоғамның жай-күйі және дамуы халифке тәуелді болғандықтан,
Әл-Фараби билеушінің жеке басына аса қажетті алты қасиетті жеке
бөліп көрсетеді:
даналық
, яғни билік жүргізу халықтың тарихи тәжірибесіне,
дәстүрлеріне, адамгершілік ізденістеріне сүйене отырып, терең ой-
толғаныстар негізінде жүзеге асырылуға тиіс;
білімділік
, яғни басшы өз заманының талаптарына жауап беруге
әзір, озық білімді адам болуға тиіс;
тапқырлық
, яғни жаңа жағдайда, күрт өзгерістер туғанда қоғамда
пайда болған мәселелердің шешімін жедел табуға қабілетті болу;
болашақты көре білу
, демек, бүгінгі күнді ғана емес, алыс
болашақта не болатыны туралы да ойлау;
сөзбен
халықты шабыттандыра білу, оның істерін игі мақсаттарға
бағыттау;
денсаулығының мықты
болуы, өйткені оған үлкен күш және
жауапкершілік жүктеледі, әсіресе соғыс қимылдары орын алған
кезеңдерде.
Бірақ барлық осы қасиеттердің ішінен ең бастысы ретінде Әл-
Фараби
даналықты
әділетті бөліп көрсетеді.
Көріп отырғанымыздай, бұдан мың жылдан артық уақытта өмір
сүрген Әл-Фарабидің ойлары бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ.
Кеңірек айтқанда, қай дәуірді алсақ та, философия тарихы ешқашанда
«ескірмейді», онда жинақталған ойлар жаңа шығармашылық
ізденістерге шабыт береді.
Достарыңызбен бөлісу: