ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет75/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   382
Байланысты:
Философия

2.5. әл-Фараби философиясы
Әл-Киндидің философиялық идеяларының ары қарай дамуын 
Әл-Фараби шығармашылығынан көреміз. Аристотельдің еңбектерін 
аударғаны және оларға түсініктемелер бергені үшін, ол – әлемдік фи-
лософияда «Екінші ұстаз» атанған адам.
әл-Фарабидің
толық аты – Әбу Нәсір Мұхаммед Ибн-Тархан Ибн-
Узлак ат Түрік (870-950 жж.). Ол Қазақстанда, Отырар қаласында (Фа-
раби) дүниеге келген. Ересек тарта бастағанда, білім іздеген ол керу-
енге ілесіп Таяу Шығысқа келіп, Бағдад және Алеппо қалаларында 
білім алады: араб және басқа тілдерді үйреніп, антика философиясына 
өз бетінше зерттеу жүргізеді. Біз оның өзіміздің ғұлама ойшылымыз 
болғанын мақтан етеміз. Бірақ белгілі бір дәрежеде ол араб ойшылы 
да болады, өйткені араб мәдениетінің ғаламат ықпалын сезінген және 
өз еңбектерін осы тілде тудырған. Сол себепті оны бәрінен бұрын 
«Шығыс философиясының жұлдызы» немесе «Жер планетасының ұлы 
ойшылдарының бірі» деп бағалағанымыз дұрыс болмақ.
Әл-Фарабидің сақталып, бізге жеткен еңбектерінен оның ғылым 
мен философиядағы айқын ұстанымын көреміз. Шығармаларының 
құрылымы, мәселелерінің тақырыптары мен қойылуы оны бізге 
арабтілді перепатетизмнің
1
негізін салушы ретінде танытады.
Оның негізгі еңбектері ретінде 
«ізгі қала тұрғындарының 
көзқарастары туралы», «ғылымдарды саралау жөнінде», «азамат-
тық саясат»
және басқа туындыларын атауға болады. Әл-Фарабидің 
болмыс туралы ілімі негізінде неоплатонизм өкілдері зерттеген 
эма
-
нация
(кемерінен асу) ұғымы жатыр. Әлемді Алғашқы мән жаратқан, 
ол – бар жаратылыстың себепшісі. Алғашқы мән мүлтіксіз, мәңгі, 
өздігінен жетілген, түр-пішінге де, себепке де, мақсатқа да мұқтаж 
емес. Азғантай болса да, бір нәрсеге мұқтаждық сезсе, ол Алғашқы 
мән болмас еді. Ол – барлығынан жоғары, Бәрін білгіш, Данышпан, 
Шындық, Өмір және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет