ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2.22 Mb.
Pdf просмотр
бет1/47
Дата06.03.2017
өлшемі2.22 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

ҚазаҚстан Республикасының 

білім және ғылым министРлігі

а.и.артемьев, с.Қ.мырзалы

ғылым таРиХы 

және 

ФилОсОФиЯсы

Алматы, 2011 



УДК 001:1/14(07)

ББК 72.3:87я7

А 82

Рецензия жазғандар:

Сәбит Мұрат 

–  Абай  атындағы  Қазақ  Мемлекеттік  педагогикалық 

университетінің  философия  кафедрасының  меңгеру-

шісі, философия  ғылымдарының докторы, профессор

Асқаров Нұртас  –  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің                                          

доценті, философия ғылымдарының кандидаты

Шәкенов Е.Ж. 

–  М.Тынышбаев  атындағы  Қазақ  Көлік  және  ком-

муникация  академиясының  доценті,  философия 

ғылымдарының кандидаты      

а 82  артемьев  а.и.,  мырзалы  с.Қ.  ғылым  тарихы  және  философиясы: 

оқу құралы. / Артемьев А.И., Мырзалы С.Қ. – Алматы: «Бастау» баспасы, 

2011. –  432 бет.

 

 

ISBN 978-601-281-026-4



 

Бұл  еңбек  ғылым  тарихы  және  философиясы  бойынша  біздің  еліміздегі 

алғашқы  басылымдардың  бірі  болып  табылады.  Базалық  курстың  үлгі 

бағдарламасы аясында әзірленген басылым материалды терең де тартымды баян-

даумен қатар, шұрайлы да жеңіл тілмен жазылған.

 

Сол  себепті  бұл  оқу  құралын  осы  тақырыпты  оқып  зерттейтін  және  сол  бо-



йынша  емтихан  тапсыратын  магистранттар  ғана  емес,  гуманитарлық  пәндердің 

оқытушылары  және  студенттеріне,  сондай-ақ  ғылымның  философиялық 

даналығы мен жалпы теориясына ден қойған басқа адамдар үшін де ұсынуға бо-

лады.


УДК 001:1/14(07)

 

 



     

 

 



 

 

 



   ББК 72.3:87я7

 

 



ISBN 978-601-281-026-4

 

 



     

 

 



       © Артемьев А.И., Мырзалы С.Қ., 2011

 

 



     

 

 



            © «Бастау», 2011

Авторлық құқық заңмен қорғалған.

3

кіРіспе сөз

Реформалар барысында кейінгі жылдары жоғары білім саласында, 

оның ішінде ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау ісінде де елеулі 

өзгерістер  орын  алып  жатыр.  Олардың  қатарына  аспиранттар  мен 

магистранттарға  арналған  «Ғылым  тарихы  және  философиясы» 

деп  аталатын  жаңа  курстың  енгізілуін,  сонымен  қатар  бұл  пәннің 

сол  бойынша  арнайы  емтихан  тапсырылатын  міндетті  пән  санала-

тынын  жатқызуға  болады.  Шын  мәнінде,  аталған  курстың  қазіргі 

заман  талаптарына  сай  екенін  айтуға  болады.  Тәуелсіздік  алғалы 

біздің еліміз экономикалық және саяси тұрғыда өте дамыған елдердің 

қатарында тұруды мақсат етіп және соған ұмтыла отырып, ілгері 

жылжудың  «қуып  жететін  даму»  сатысынан  өтіп  келеді.  Ал  ол 

үшін  табиғи-ғылыми,  әлеуметтік-гуманитарлық  және  техникалық 

білімдердің  қазіргі  заманға  сай  жетістіктерін  меңгеру  қажет, 

жұртшылық білімдерінің жалпы деңгейін жаңа биіктерге көтеру ке-

рек. Сондықтан ғылымның «тар жол, тайғақ кешуіне» бет алған жас 

мамандар  ғылыми  танымның  ғылымның  тарихи  қойнауларында  пай-

да болған әдістері мен түрлерін, ғылымның философиялық негіздерін, 

оның әлеуметтік, экологиялық, рухани-өнегелілік салдарларын, әлемнің 

қазіргі заманғы ғылыми бейнесін көріп білуге тиіс.

Соған байланысты бүгінгі таңда аталған курс бойынша қажетті 

және  тұшымды  білім  алуға  лайық  оқу  құралдарының,  әдістемелік 

әдебиеттің  тапшылығы  байқалады.  Соны  негізге  ала  отырып, 

оқырман  қауым,  қолдарыңыздағы  осы  оқу  құралының  орын  алып 

отырған  олқылықты  толтыруға  белгілі  бір  дәрежеде  септігін 

тигізетініне үміт артамыз.

Оқу  құралы,  негізінен,  үлкен  үш  тараудан  тұрады.  Біріншісінде 

ғылым  қоғамның  әлеуметтік  институты  ретінде,  ал  пайда  болуы 

ғылымның басқа түрлерімен өзара байланыста қарастырылады.

Екінші  тарауында  ғылым  мен  философияның  антика  дәуіріндегі 

шығу тегінен бастап, осы заманға дейінгі даму үдерісі талқыланады.

Ал  үшінші  тарауында  ғылым  философиясының  өзекті  мәселелері, 

оның  ішінде  ғылыми  таным  құрылымы,  оның  деңгейлері  мен  фор-

малары,  сондай-ақ  ғылыми-танымдық  әдістемесі,  білімдер  мен 

құндылықтардың  өзара  байланысы,  ғылыми-техникалық  дамудың 

әлеуметтік  салдарлары  кеңінен  талданады.  Бұл  жерде  әлемдік 

4

тарихтың  ғасырлар  мен  мыңжылдықтар  барысындағы  әлемнің 

ғылыми бейнесінің дамуына, дүниенің бүгінгі таңдағы ерекшеліктеріне 

баса назар аударылады.

Авторлардың алға қойған негізгі мақсаты – болашақ ғалымдардың 

бойларында  шығармашылық  қабілеттер  ояту,  терең  философиялық-

әдістемелік мәдениет, ғылымның тарихы мен философиясын зерттеу 

арқылы  ғылыми  дүниетаным,  сондай-ақ  ғылым  мен  қоғамның  өзара 

күрделі қарым-қатынастарын терең түсіну қабілетін қалыптастыру.

Бүгінгі  таңдағы  ғылымда  15000-ға  жуық  әртүрлі  бағыттардың 

бар  екені  жорамалданады,  бұл  салада  миллиондаған  ғалымдар, 

инженерлік-техникалық қызметкерлер, зертхана қызметкерлері және 

тағы басқалар еңбек етеді. Барлық осы бағыттарды және олардағы 

мәселелердің бәрін қамту – ақылға сыймайтын іс. Алайда, біздің ойы-

мызша,  ғылымның  дамуындағы  басты  басымдыққа  ие  бағыттарды 

және  олардың  қазіргі  заман  қоғамына  ықпал-әсерін  қарастыруға  бо-

лады.

Сол  себепті,  қымбатты  достар,  сіздерді  аталған  курсты  оқып 

білуге  шақырамыз  және  осы  қиындығы  мол  ғылым  жолына  түсуге 

толық  әзір  болуларыныз  үшін,  сіздерге  табандылық  пен  еңбекқорлық 

тілейміз.

Оқу құралының авторлары –  

 

а.и.артемьев,

       

 

 

  

 

с.Қ.мырзалы

бірінші бөлім

ғылым, Оның паЙДа бОлуы 

және Дамуының негізгі 

кезеңДеРі

6

1-тарау. ғылым, Оның ҚОғамДыҚ 

өміРДегі ОРны және Рөлі

1.1. ғылым түсінігі

таным  дегенде,  біз  адамның  заттарды  зерттеуге,  олардың 

маңызын  ашуға  бағытталған  ерекше  рухани  қызметін  түсінеміз. 

Адамзаттың  мыңдаған  жылдар  бойғы  тарихы  танымның  өзгеше 

күрделі,  көп  деңгейлі  құбылыс  екенін  көрсетеді.  Көптеген  кішкентай 

бұлақтар  мен  бастаулардан  құралатын  өзен  сулары  сияқты, 

миллиондаған  адамдардың  танымдық  қызметі  қоғамдық  маңызы 

бар,  мазмұнды,  танымдық  үдерісті  қалыптастырады.  Әлбетте,  нақты 

бір  жеке  тұлғаның  санасында  бір  немесе  басқа  зат  туралы  қиялға 

негізделген, жаңсақ пікірлер орнығуы немесе кейбір адамдар уақытты 

басып  озып,  бүгінгі  күні  әлі  қажеттілік  туа  қоймаған  жаңалықтарды 

ашуы  мүмкін.  Алайда  тірі  табиғаттағы  табиғи  іріктелу  секілді,  өмір 

сүріп  жатқан  нақты  тарихи  қоғамның  талаптары  іс  жүзінде  қажетті 

идеяларды  іректеуге  келтіреді  және  сол  арқылы  әлеуметтің  рухани 

байлығына айналады. 

Тереңдігі жағынан да, кеңдігі жағынан да әлем шексіз. Сондықтан 

ол оны танып білгісі келетін адам үшін әлеуетті шексіз мүмкіндіктер 

туғызады.

Әлемді  танып  білудің  негізгі  мақсаты  –  зерттеліп  затқан  заттар 

мен үдерістердің ішкі мәнін ұғыну, яғни олар туралы білімдерге қол 

жеткізу.  Білімдер  қашанда  нақты  шындықтың  мүлтіксіз  көрінісі  бо-

лып табылады, өйткені бірдеңені білу – зерттеліп жатқан нысан тура-

лы түсініктің болуы дегенді білдіреді. Олай болса, таным – заттардың 

маңызына енудегі өзгеше күрделі үдеріс, ал соның барысында алынған 

білім – соған жұмсалған күш-жігердің нәтижесі.

«Scientia» деген латын сөзінің шығу төркініне келер болсақ, ол да 

«білім» деп аударыла отырып, сонымен бірге ғылым дегенді білдіреді. 

Дегенмен  науқас  адамды  дуамен  емдемекші  болып  жатқан  бақсының 

білімін ғылыми негізді деп бағалау дұрыс бола қояр ма екен. Дәл осы 

сияқты, әрбір адамның күнделікті өмір тәжірибесінен алынған белгілі 

бір  білімдері  болады.  тарихи,  яғни  ғылыми  танымға  дейін  пайда 

болған,  адамдардың  күнделікті  өмір  тәжірибесінен  қалыптасатын 



білімдер шыға бастайды. Олар әлі арнайы танымның нәтижесі болып 

табылмайды, бірақ күнделікті өмір қажеттіліктерінен (аң аулау, балық 

ұстау, еңбек құралдарын жасау, тұрғын үй салу, балаларды тәрбиелеу, 


7

көкөністер  жинау  және  басқалары)  туады.  Осы  тектес  білімдерге 

халық  даналығын  жинақтаған  мақалдар  мен  мәтелдерді,  салттар  мен 

дәстүрлерді  жатқызуға  болады.  Бұл  білімдер  ертедегі  адамдардың 

өмірлік  бағыт-бағдарларына  айналған.  Олар:  ағашты  қалай  отырғызу 

керек, үйді қалай салуға болады, тамақ қалай әзірленеді, қойды қалай 

бағу  керек,  қайтіп  гүл  өсіруге  болады  деген  сияқты  тәжірибелерге 

үйрету,  баулу  арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  отырған.  Алай-

да  оларды  да  ғылыми  білімдерге  жатқызу  жөн  бола  қоймас.  Ол 

білімдер  адамдарға  қажет  болған  заттар  мен  құбылыстарға  сансыз 

көп  тәжірибелер  жасау,  адамдардың  мыңжылдықтар  бойы  әртүрлі 

жағдайларға бейімделуі нәтижесінде жинақталған.

Әртүрлі қиял-ғажайыптардың (мифтер), аңыздардың көркемделіп 

берілуі (шығармашылығы) арқылы алғашқы ата-бабаларымыз біздерге 

өздерінің  бар  өмірлік  тәжірибесі,  қиялдары  мен  еліктеуі,  армандары 

жинақталған  дүниетанымын,  өзара  және  қоршаған  ортамен  қарым-

қатынастарын  жеткізді.  Ал  соларда  белгілі  бір  білім  бар  ма?  Сөз 

жоқ,  бар!  Тұрмыс-тіршілік  мағынасындағы  мәселелерді  шешу  үшін, 

біз  оларға  қайта-қайта  жүгініп  отырамыз,  олардан  шабыт  алып,  ата-

бабаларымыздың даналығына сүйсінеміз.

Сонымен қатар кез келген дін бұл өмірде адамның қалай өмір сүруі 

керек дегенге қатысты белгілі бір білімдерден тұрады. Ғасырлар бойы 

адамдар өздерінің өмірлік бағдарламаларын іргелі діни ұстанымдардан 

тапқан жоқ па еді? Ал бүгінгі таңда, біздің «білім мен ғылым жоғары 

дамыған  ғасырымызға»  қарамастан,  жүз  миллиондаған  адам  өзінің 

болмыс-тіршілігінің  мағынасын  түсіну  үшін  дінге  жүгініп  жатқаны 

рас емес пе? Алайда діни білімдердің ғылыми білімдер еместігі де ай-

дай анық.



өнерде  де  сөздің  кең  мағынасында  өмір  көрініс  тауып  отыр. 

Көпшілік  жағдайларда  жазушылар  мен  ақындар,  басқа  да  өнер 

қайраткерлері қоғам өмірінің бір қарағанда әлеумет үстінен көрінбейтін 

терең түбінде жатқан құбылыстарын көргендей болады және көркемдік 

құралдар  арқылы  оларды  халыққа  жеткізіп  отырады.  Мысалы,  өткен 

ғасырдың  60  жылдарында  жазушылар  өз  шығармаларында  қоғамның 

болашақтағы  тоқырауы  туралы  болжам  айтқан-ды,  ал  ол  кезде 

қоғамтанушылар  Кремльден  шығып  жататын  «тапсырыс  санаттары»

1

 

арқылы социализмді мадақтаумен болды.



1

 Осы жерде және ары қарай: категория – санат – болмыстың жалпы белгісі туралы ғылыми 

ұғым. – Аудармашы.


8

Сөйтіп,  бізді  білімдерге  жетелеп  әкелетін  «соқпақтардың»  алу-

ан  түрлілігі  туралы  қорытынды  жасауға  болады.  Енді  сұрап  көрейік: 

білімнің  барлық  осы  формалары  арасында  ғылымның  алатын  орны 

қандай? Айқын болғандай, ғылым – әртүрлі білімдердің бірі ғана. Ал 

сонда оның айырмашылығы неде?



ғылымның ең жоғарғы мақсаты – шындыққа жету, яғни зерттеу 

барысында біреулерге ұнайтынына немесе ұнамайтынына қарамастан, 

білімдер  зерттеліп  жатқан  нысанның  табиғатына  барынша  сай 

болуға  тиіс.  Екіншіден,  ғылым  зерттелетін  нысандардың  терең  бай-

ланыстары  мен  қатынастары  көрінетін,  ал  олардың  жиынтығы  іштей 

қарама-қайшы  болмайтын  жүйе  құрайтын  түсініктерге  сүйенеді. 

Оның  үстіне,  қорытындылар  мен  тұжырымдарды  нақты  өмір  және 



тәжірибе арқылы тексеруге болатын кезде, бұл қисынды дәлелденген 

білім жүйесі болып табылады.

Үшіншіден,  ғылымға  негізделген  білімдердің  интерсубъективтік 

сипаты бар: олар сол білімдерді ашқан ғалымдардың рухани байлығы 

ғана  емес,  сонымен  қатар  ол  білімдер  іс  жүзінде  бүкіл  адамзатқа 

тиесілі,  өйткені  бір  немесе  басқа  ашылған  жаңалықты  тану  –  оны 

ашық  талқылауды,  ғылыми  журналдарда  жариялауды,  ғылыми 

жұртшылықты  барлық  мүмкін  болатын  конференцияларда,  симпо-

зиумдарда  алынған  білімдердің  нәтижелерімен  таныстыруды  талап 

етеді.  Нәтижесінде,  ғылыми  қауымдастық  ашылған  жаңалық  туралы 

өз пікірін қалыптастыру, ал керек болған жағдайда оны сынау немесе 

маңыздылығын тану мүмкіндігіне ие болады.

Төртіншіден, ғылыми қауымдастықтың ғылымдағы шындықтарды 

тек  қарапайым  қызығушылыққа,  «білімге  шөліркеуге»  бола  ғана  аш-

пайтынын атап көрсеткен жөн, дегенмен, сөз жоқ, оны жоққа шығаруға 

да болмайды, бірақ, негізінен, ғылымдағы жаңалықтар адамдар өмірін 

жеңілдету, қоғамдық байлықты арттыру үшін пайдаланылады.

Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  ғылым  –  арнайы 



даярланған  адамдардың  шынайы  өмірдің  әртүрлі  қырларын  та-

нып  білуге  бағытталған  ерекше  рухани  қызметі  деген  тұжырым 

жасауға болады.

Ондай қызметті іс жүзіне асыру үшін субъект қажет. Ол субъект – 

шындықты  іздеуге  бағытталған  саналы  мақсатты  қызметке  қабілетті 

адам болмақ. Олар – ғалымдар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, 

зертханашылар және ұйымға біріккен басқа да мамандар. Ең жоғарғы 

философиялық рефлексия (түсініктемесі кітап соңында берілген. – Ау-

дармашы)  деңгейінде  бүкіл  адамзат  әлемді  тану  және  түрлендіру 



субъектісі болып табылады.

9

Субъект  бар  жерде  объект  де  бар.  Объект  деп  зерттеушінің  наза-

рын аударатын, оның бойында аталған затты немесе құбылысты танып 

білуге  бағытталған  белсенді  іздестіру  қызметін  тудыратын  нәрсені 

түсіну  керек.  Адамзаттың  тарихи  дамуына  қарай  ғасырдан-ғасырға 

ұласып,  қоршаған  әлем  туралы  аса  терең  білімдердің  жинақталуы 

орын  алды,  ал  ол  ғылыми  таным  нысандарын  кеңейте  түсуге 

жеткізді.  Мысалы,  XIX  ғасырдың  соңы  –  XX  ғасырдың  басында  жай 

ғана  кішкентай  бөлшектердің  адам  көзіне  көрінбейтін  әлемі  зерт-

теу  нысанына  айналды.  Олай  болса,  ғылым  нысандарының  әрбір 

адамның  күнделікті  өмірінде  кездесетін  сан  мыңдаған  заттар  мен 

құбылыстардан айырмашылығы неде екені туралы заңды сұрақ туа-

ды. Жауап ретінде төмендегіні айтуға болады: күн сайын адам жанаса-

тын және пайдаланатын сол мыңдаған заттарды бәрінен бұрын біздің 

сезім  органдарымыз  қабылдайды.  Э.Гуссерльдің  сөзімен  айтқанда, 

бұл  –  біздің  өмірлік  әлеміміз.  Ғылым  нысандарын  біз  тек  сезімдік 

деңгейде қабылдамаймыз, сонымен қатар олардың ішкі мәніне үңілуге, 

олардың  жұмыс  істеу  немесе  өмір  сүру  заңдылықтарын  айқындауға, 

өзара  байланыстарын  және  басқа  заттар  мен  қоршаған  дүниенің 

құбылыстарымен  өзара  әрекеттесуін  анықтауға  ұмтыламыз.  Ол  үшін 

ғалымдар бізді қоршаған нақты шындықтағы «таза күйінде» болмай-

тын түсініктерді ойлап табады және оларды ғылыми танымда пайдала-

нады. «Таза (мүлтіксіз) газ», «шынайы қара дене» деген ұғымдар осы 

тектес түсініктерге жатады.

Ғылым  нысанының  ішкі  мәнін  ашып  көрсету  мақсатында  оған 

тереңдеп  ену  мүмкіндігіне  қарай,  оның  жаңа  жақтары  мен  қырлары 

көріне  бастайды,  ал  ол  мағлұматтың  кеңеюіне,  демек,  зерттеудің 

қиындауына  жеткізеді.  Нәтижесінде,  толық  ауқымда  зерттеу  үшін, 

адамдардың  үлкен  ғылыми  ұжымдары,  қауымдастықтары  қажет. 

ғылым нысанасы деген жаңа түсінік осылай пайда болады.

Нақты бір ғалымның зерттеу нысанасы – ғылым нысанының бір 



бөлшегі  ғана.  Мысалы,  философиялық  антропология  –  адамды  зерт-

теу  нысаны  ретінде  қарастыратын  ғылым.  Ол  салада  адамды  жанды 

табиғаттың күрделі құбылысы ретінде зерттейтін жүздеген ғалымдар 

еңбектенеді.  Бірақ,  егер  Сіз  адамның  биологиялық  табиғатын  немесе 

оның  рухани  өмірін  құрайтындарды  зерттеумен  айналыссаңыз,  бұл 

енді  Сіздің  іздену  нысанаңыз  болмақ,  өйткені  бұл  –  нысанның  бір 



бөлшегі ғана.

Ғылыми қызметті талдау барысында біз мақсатқа жетуге мүмкіндік 

беретін:  «зерттеу  мақсаты»  және  «зерттеу  құралдары»  дейтін 


10

түсініктерді шет қалдыра алмаймыз. Мақсат – ғалымның зерттелетін 

нысанның маңызды жаңа жақтарын ашып көрсетуге бағытталған зерт-

теу  бағдарламасы,  ал  құралдар  –  белгіленген  мақсаттарға  жету  үшін 

пайдаланылатын  бір  немесе  басқа  әдістер,  ғалымдарды  бір-бірімен 

байланыстырып  тұратын  ақпараттық  жүйелер,  барлық  мүмкін  бола-

тын  құрал-жабдықтар  мен  аспаптар,  тұрақжайлар,  баспа  мекемелері 

және  т.б.  Адам  қанша  дарынды  болса  да,  өзінің  алдына  зерттеудің 

қандай да бір үлкен мақсаттарын қойса да, егер зерттеу үшін барлық 

қажетті  құрал-жабдықтар  мен  аспаптармен  жабдықталған  зертхана 

болмаса,  ол  өнімді  жұмыс  жүргізе  алмайды,  демек,  алдына  қойған 

мақсаттарына  жете  алмайды.  Міне,  сондықтан  да  кейінгі  жылдары 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізу мақсатында жоғары оқу 

орындары  мен  ғылыми-зерттеу  мекемелерінің  зертханаларын  әртүрлі 

құрал-жабдықтармен жабдықтауға үлкен көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда 

еліміздің  ірі  қалаларында  талантты  жас  мамандар  тарту  мақсатын 

көздейтін әртүрлі «инкубаторлар», «технопарктер» құрылды.

Адамның  ғылыми  таным  саласындағы  белсенді  іздестіру  қызметі, 

әлбетте, қандай да бір нәтижелерге жеткізеді. Бұл зерттелетін нысан 

туралы  жаңа  және  бұрынғыдан  да  тереңірек  білім  болып  табылады. 

Бұл не үшін қажет? Жауап қарапайым: ол қоғам өміріне инновация-

лар енгізу үшін керек. Бүгінгі таңда кешігіп жеткен жаңартумен алға 

ілгерілеп келе жатқан қазақстандық қоғамның басты мәселесі осы емес 

пе еді?

Кейінгі жылдар тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл – өте күрделі 



үдеріс. Қоғамда болып жатқан инновациялық үдерістердегі ғылымның 

рөлі қандай?

Қолда  бар  әдебиетте  аталған  құбылыстың  көпсатылы  сипа-

ты  көрсетіледі.  Бірінші  кезекте  іргелі  зерттеулердің  орасан  зор 

маңызын  ерекше  атап  көрсеткен  жөн.  Жаңа  заманның  бастамасында-

ақ  Ф.Бэкон  «сәуле  беретін  тәжірибелердің»  (яғни  қпзіргі  заманғы 

терминдердегі  іргелі  зерттеулердің)  маңызды  рөлін  атап  көрсеткен-

ді. Ал олай болмаған жағдайда «жеміс беретін тәжірибелердің» (яғни 

қолданбалы  зерттеулердің)  күні  көп  ұзамай-ақ  бітеді.  Бұл  айтылған 

сөз осы уақытқа дейін де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Осыны негізге 

ала отырып, ерте ме, кеш пе, адамға пайдалы жаңа заттар үлгілерін 

құруға жеткізетін қолданбалы зерттеулерді жүргізуге болады. Соны 

іске  асыру  үдерісінің  соңында  бұл  жаңа  бұйымдар  тәжірибелік-

конструкторлық  ұйымдарда  сериялық  шығаруға  дейін  жеткізіледі. 

Егер  инновациялардың  осы  кезеңдеріне  тереңірек  «үңіліп»  қарайтын 



11

болсақ, онда «таза түріндегі» ғылыми жаңалықтар іргелі зерттеулерде 

ашылады  екен.  Бірақ  бұл  инновациялық  қызметтің  жалпы  көлемінің 

10%-ына  жуығын  ғана  құрайды.  Осындай  жағдай  XIX  ғасырдың 

соңында,  яғни  ғылымның  өнеркәсіппен  тығыз  байланысты  салалары 

пайда болғанда ғана орын алды. Ал қазіргі заманғы ғылым «ғылым – 

техника – технология» тізбегінде жылжып келеді және оның өмірмен 

байланысының  тығыз  болғаны  соншалықты,  біз  ондай  оқиғаларды 

өткен әлемдік тарихтан таба алар емеспіз. Осыдан мынадай қорытынды 

жасауға болады: табиғи қажеттіліктерді, шығармашылық адамдарына 

тән білімге шөліркеушілікті қанағаттандыру мақсатында «таным – та-

ным үшін» ғана болмауы керек, ғылымның негізгі міндеті – өмірге 

инновациялар енгізу.

1.2. Философия және ғылым

Мыңжылдықтар  бойы  философия  «барлық  ғылымдардың  патша-

сы» немесе «ғылымдардың ғылымы» аталып келді. Не себепті? Бұның 

себебі, бәрінен бұрын, оның барлық ғылымдардың «арғы атасы», «ана-

сы»  болып  табылатындығында  жатыр,  өйткені  әрбір  қазіргі  заманғы 

ғылым  философиядан  бастау  алады.  Қазіргі  заманғы  философияның 

негізін қалаушылардың бірі Рене Декарт өзі математик, физик, физио-

лог  бола  отырып,  діңі  –  физика,  ал  бұтақтары  барлық  қолданбалы 

ғылымдар  болып  табылатын  философияны  ағаштың  түп-тамыры 

жүйесімен салыстырады. Ал Ұлы Аристотель «Метафизика» еңбегінде: 

«Оған  (философияға)  қарағанда,  барлық  басқа  ғылымдар  қажеттірек, 

бірақ одан жақсы ешқайсысы жоқ», – деп жария етті.

Алайда  философия  және  оның  ғылыми  білімнің  дамуындағы 

рөлі  төңірегіндегі  пікірталас  енді  мәңгілік  сипат  алды.  XX  ғасырда 

«физиктер»  мен  «лириктер»  деп  аталатын,  яғни  гуманитарийлер 

мен  техникалық  мамандықтар  өкілдері  арасындағы  пікірталастар 

толқынында  оған  ерекше  өткір  сипат  берілді.  Пікірталастың  басты 

нысанасы: «Болашақ мамандарға философия керек пе?» – деген сұрақ 

болды. Ол шақта «физиктер» өте-мөте орыс философы Лев Шестовтың 

қазіргі  заманғы  физиканың  негізін  салушы,  ұлы  неміс  ғалымы  Аль-

берт Эйнштейнмен болған сұхбатына жүгінді.

Лев Шестов: «Егер Сіз Ньютонды кездестірген болсаңыз, одан не сұрар 

едіңіз: Құдай туралы ма, мәңгілік өмір немесе физика жайында ма?».

Альберт Эйнштейн: «Ньютон дейсіз бе? Әлбетте, физика жайында 

сұрар едім. Құдай және мәңгілік туралы бәрі де мәлім».


12

Ол  кезде  әңгіменің  жалғасы,  атап  айтқанда,  Лев  Шестовтың:  «Ал 

философ үшін дәл осы мәселелер қашанда беймәлім болып келеді және 

әрдайым қайтадан ашылуға тиіс, өйткені біз әлемді өзіміз арқылы және 

өз күшімізбен танып білеміз. Сондықтан әрбір жаңа ұрпақтың алдын-

да «философия жаңадан ашылып отырады», себебі әрбір жаңа тарихи 

дәуір материалдық, қоғамдық-саяси, адамгершілік құндылықтардың өз 

жүйесін, демек, дүниеге өз көзқарасын, өз философиясын құрады. Бірақ 

ол оны тақыр жерде немесе бәрінен, адамзат қолымен жасалғандардан 

безіп, қайтадан құрмайды.  

Ал егер философиялық көзқарастар мен түсініктер жүйесі – ол кез 

келген  қоғам  өзін  түйсініп-сезінуге,  өз  болмысының  шынайылығын 

ақтауға ұмтылады деген болып шығатынын ескерсек, онда кез келген 

ғылыми  жетістікте  бағдар  қызметін  философияның  атқара  алатыны 

және  атқаратыны  түсінікті  болмақ.  Қызметтің  барлық  салаларында, 

әсіресе  ғылыми  танымда  міндетті  түрде  философиялық  мәселелер 

туады,  ал  қойылған  міндеттің  сәттілігі  немесе  сәтсіздігі  көбінесе 

сол  мәселелердің  шешілуіне  тәуелді.  Гегель  ғылым  философиясын 

«заттардың  ойластырылған  шешімі»  деп  санаған»,  –  деген  сөздері 

«кездейсоқ» түсіп қалады.

Ғылым  философиясы  –  ол,  біріншіден,  өзінің  негізгі  келелі 

мәселелерінің  жиынтығы  ретінде  ғылымды  эпистемологиялық 

(танымдық)  және  әлеуметтік-мәдени  құбылыс  сияқты  таңдайтын 

философиялық  бағыт,  ал,  екіншіден,  зерттейтін  нысанасы  ғылым  бо-

лып табылатын арнайы философиялық пән.

«Ғылым  философиясы»  деген  термин  алғаш  рет  ғылым  филосо-

фиясын «қайта құру ғана емес, логика саласын айтарлықтай кеңейту» 

түрінде  құруға  әрекет  еткен  неміс  философы  және  экономисі  Евге-

ний  Дюрингтің  (1835-1921)  «Ғылым  логикасы  және  философиясы» 

деген  еңбегінде  пайда  болды.  Аталған  ой  іс  жүзіне  аспай  қалғанмен, 

терминологиялық жаңалық қазіргі заманға да өте лайық болып шықты. 

Бұл 1878 жыл еді.

Алайда осы уақытқа қарай ғылым философиясы енді философиялық 

ізденістерде,  бәрінен  бұрын,  ағылшын  философы  және  тарихшысы 

Уильман  Уэвелл  (1794-1866)  мен  оның  отандасы  Джон  Стюарт  Милл 

(1806-1973) және позивитизмнің (буржуазиялық философиялық бағыт) 

негізін  салушы  Огюст  Конттың  және  бірқатар  басқа  ғалымдардың 

еңбектерінде өз орнын иеленді.

Ал  егер  дәлірек  айтар  болсақ,  онда  ғылым  философиясы  мәселесі 

(ғылыми білімнің құрылымы және дамуы) Платон мен Аристотельден 

бастау алады, ал Жаңа дәуір ғылымының таным теориясымен бірлікте 


13

қалыптасуы  Бэконның,  Декарттың,  Лейбництің,    ДۥАламбердің, 

Дидроның,  Канттың,  Фихтенің,  Гегельдің,  кейірінек  чех  математигі 

және  философы,  «ғылыми  ілім»  терминін  қолданған  Бернард 

Больцаноның  (1781-1848)  философиялық  ізденістеріндегі  аса  маңызды 

салаға айналды.

XIX ғасырда ғылым жеке-дара әрекет етушілер мен шағын ғылыми 

академиялар  мүшелерінің  жартылай  әуесқойлық  қызметі  аясынан 

шығып,  кәсіби  жұмыстар  саласына  айнала  бастады,  өйткені  ғылыми 

еңбектің,  ғылыми  қызметті  кәсіптендірудің,  онын  пән  ретіндегі 

құрылымға  айналуының  әлеуметтік  маңызы  жедел  артты.  Бұл 

әлеуметтік  жағдайда  арнайы  ғылым  логикасына,  оның  эмпириялық 

(тәжірибеге  ғана  негізделген)  танымдағы  психологиялық  және 

индуктивті-логикалық іс-шараларына арналған еңбектер пайда болды.

XX  ғасырдың  басында  физикадағы  (салыстырмалылық  теория-

сы, кванттық механика), биологиядағы (генетикалық теориялар) және 

басқа  ғылымдарда  орын  алған  революциялық  жаңалықтарға  байла-

нысты,  ғылымның  философиялық  мәселелеріне  деген  қызығушылық 

мейлінше арта түсті.

20-30  жылдары  көбінесе  жас  кездегі  Л.Витгенштейннің  ғылым 

тілі  саласындағы  идеяларымен  шабыттанған  және  Вена  үйірмесі  мен 

Берлин  тобына  біріккен  австриялық  және  неміс  философтары  мен 

ғалымдары  ғылымның  логикасы  мен  философиясын  философияның 

басты  саласы  деп  жариялады  және  ғылыми  ойлауды  құрметтей  оты-

рып,  барлық  қалған  философияны  алыпсатарлық  метафизика  деп 

бағалады. Ғылым философиясында позитивистік сциентизм деген атау 

алған бұл ұстанымды 50 жылдардан бастап ғылым философтары бел-

сене сынға ала бастады.

Дәл  сол  уақыттан  бастап  осы  заманғы  «ғылымның  позитивистік 

философиясы»  тұжырымдамасын  әзірлеу  қолға  алынды.  Олардың 

барлығын біріктіретін басты нәрсе: ғылыми білімнің тарихи дамуына, 

оның философиямен сан түрлі байланыстарына, діни және әлеуметтік-

гуманитарлық ойларына көңіл бөлу.

1960  жылдары  ғылым  философиясының  келелі  мәселелерінің 

жиынтығы  айтарлықтай  дәрежеде  жаңартылды.  Ғылыми  ұтымдылық 

түсінігі  жаңа  мазмұнға  ие  болды,  ал  оның  негізінде  таңдау  белгілері 

(критерий)  мен  теориялардың  қабылдауға  тұрарлық  жарамдылығы 

қалыптасады.  Ғылым  философиясын  тарихтандырудың  (тарихқа 

айналдырудың) мығым үрдісі пайда болады, соған байланысты ғылым 

философиясы  мен  тарихының  арақатынасы  негізгі  мәселелер  қата-



14

рына  шығарылады.  Негізгі  позитивистік  тұжырымдамаларды  әзірлеу 

1970-80 жылдар айналасында аяқталады.

Бүгінгі күні ғылым философиясы бір жүйе ретінде көрсетіледі, ал 

оған  элементтер  қатарында  дамудың:  табиғат  туралы  (табиғаттану) 

және адам туралы (қоғамдық және гуманитарлық білімдер) ғылымның 

түсініктері мен заңдарын байланыстыратын және түсіндіретін филосо-

фиялық  қағидалары  мен  жалпы  заңдары  енгізілген.  Бұл  ғылымның 

дамуы барысында пайда болатын белгілі бір қиындықтарды еңсеруге 

мүмкіндік  беріп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  қазіргі  заманғы 

ғылыми танымдағы философияның алатын орны мен рөлін де айқын 

белгілеуге  жағдай  туғызады;  философия  нақты  ғылымдардың  тар 

ауқымын  бұзып  өтіп,  зерттеулердің  өзінің  меншікті  саласында  да 

тағдыршешті мәселелерді алға тартуға мүмкіндік береді.



Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Н. Н. Столярчук, Т. В. Василюк English Английский язык
books -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
books -> В языкознание теория речевой деятельности психолингвистика
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Сабақ жүргізетін: 1 Сыздыкбеков Н. Т. доцент, т.ғ. к 2 Шакенова Ж. Н. аға оқытушысы 3 Исанова М. К. оқытушысы
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет