ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет9/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47

номиналистер  жалпы  ұғымдардың  нақты  болмысын  мойындама-

ды.  Нақты  өмірде  тек  жекелеген  заттар  болады,  ал  жалпы  ұғымдар 

(универсалиялар) – заттардаң атауы, біздің аузымыздан шығатын ды-

быстар ғана. Ерте схоластика номинализмінің ірі өкілі, француз фило-

софы және теологы Иоанн Росцеллин (1050-1120 жж. шамасы) болды. 

Ансельм  Кентерберийскийдің  және  басқа  схоластардың  оған  қарсы 

шығуы номинализм мен реализм төңірегіндегі айтыс-тартыстың ұзақ 

жылдарға созылуына себеп болды.



Реалистер жалпы ұғымдардың заттарға дейінгі нақты өмір сүруін 

және  олардың  адам  санасына  тәуелсіз  екенін  мойындаған-ды.  XI 

ғасырда  «шектен  шыққан»  деп  аталатын  реализм  дами  бастады.  Ол 

И.Росцеллиннің  номинализміне  ғана  қарсылас  ретінде  пайда  болған 

жоқ,  бәрінен  бұрын  ол  «алғашқы  субстанция»  сияқты  универсалия-

лар  заттарда  олардың  мәні  ретінде  болады  деп  сендіретін,  Шамподан 

шыққан  шәкірті  Гильомның  (1070-1121)  қағидасына  да  қарсы  шықты. 

Философ  және  математик  Аделард  Батский  (1080-1150)  өз  ілімін  но-

минализммен  күрес  және  реализм  идеялары  аясында  дамытты.  Бірақ 

шіркеу  үшін  ең  орнықты  және  қабылдауға  тұрарлық  деп,  Альберт 

Великийдің және оның шәкірті Фома Аквинскийдің реализмін айтуға 

болады.


концептуализм  (concept  –  лат.  –  ұғым)  жалпы  ұғымдар  нақты 

өмір  сүре  алмағанмен,  олар  тек  атаулар  ғана  емес,  заттардың  жал-

пы  нақты  қасиеттерін  білдіреді  деп  санай  отырып,  жоғарыда  аталған 

бағыттардың  біржақтылығын  жоюға  әрекет  етеді.  Концептуализмнің 



79

теориялық  негіздемесі  француз  философы,  теолог  және  ақын  Пьер 

Абелярдың (1079-1142) «Диалектикасында» көрініс тапқан.

Алайда  схоластиканың  жарқын  өкілдерінің  бірі,  католик  шіркеуі 

1323  ж.  әулиелер  санатына  қосқан  және  «періште  дәрігер»  атанған 

Фома  аквинский  (1225-1274)  болып  табылады.  Ол  Ортағасыр 

танымының  жалпылама  қағидасын  әзірледі.  Ойшылдың  негізгі  ең-

бегі – «теология жинағы».

Ф.Аквинскийдің  Құдай  болмысын  дәлелдеумен  аты  шықты.  Ол 



дәлелдеулер – бесеу:

Қозғалыс арқылы. Сірә, ешкім де әлемде қозғалыс болып жататы-

нына күмәнданбаса керек. Мысалы, оттың жануы – ағаштың әлеуетті 

жылуының нақты жылуға айналуы. Бірақ бірде-бір зат бір мезгілдегі 

қатынаста  әлеуетті,  әрі  нақты  бола  алмайды.  Олай  болса,  ештеңе 

де  бір  мезгілде  қозғалтқыш  және  қозғалушы  бола  алмайды.  Демек, 

қажеттілік туған кез келген қозғалыс    қозғалтқышты  қажет  етеді, 

ол,  өз  кезегінде,  екіншісін  қажет  етеді,  сөйтіп,  шексіз  созыла  береді. 

Бірақ біз енді өзіміз тоқтауға және өздігінен қозғала алмайтын, бірақ 

басқаларының  барлығын  қозғалта  алатын  күшті  мойындауға  тиіспіз. 

Ол – Құдай.



себеп  арқылы.  Әлемде  себепсіз  құбылыстар  жоқ.  Себеп  келесі 

өзгерістерге себеп болатын салдарды туғызады, өйткені ешкім де өзін-

өзі  тудырған  затты  көрген  емес.  Солай  десек,  зат  бұл  дүниеде  өзінің 

алдында  пайда  болар  еді.  Ол  ақылға  сыймайды.  Демек,  бұл  әлемнің 

басты себебін – Құдайды мойындау керек.

мүмкіндік  және  қажеттілік  арқылы.  Бұл  әлемде  осы  дүниеге 

келген,  бірақ  келмеуі  де  мүмкін  болған  заттар  бар.  Олар  бүгін  –  бар, 

ал  ертең  –  жоқ.  Олардың  болмысы  мәңгілік  емес.  Демек,  әлемдегі 

заттардың барлығы күндердің күнінде жоқ болуы мүмкін. Бірақ олай 

болып  жатқан  жоқ,  бұл  бар  болуы  мүмкін  нәрсенің  артында  қажетті 

нәрсе бар екенін көрсетеді. Ал ол – Құдай.



игіліктің сатылығы арқылы. Дүниеде бар заттардың барлығының 

да кемелдікке жету дәрежелері әртүрлі: біреулер әдемірек, екіншілері 

оншалықты  әдемі  емес.  Заттарды  тек  салыстыра  қарау  арқылы  біз 

оларды  бағалаймыз.  Ал  бұл  Игіліктің,  Әсемдіктің,  Жақсылықтың, 

Шындықтың жоғарғы үлгісін қажет етеді. Ол – Құдай.

мақсатқа  сай  болушылық  арқылы.  Ақыл  иеленуші  адам  ғана 

мақсат  көздеген  іс-әрекеттерге  ұмтылмайды.  Дүниедегі  әрбір  заттың 

болмысының  пайдаланылатын  өз  орны  бар.  Бұл  жағдай  садақтан 

атылған  жебені  еске  түсіреді.  Бірақ  садақтан  жебе  атқан  садақшыны 



80

ұмытуға  болмайды.  Егер  осылай  болса,  онда  әлемдегі  мақсатқа  сай 

болушылық Құдайды мойындауды талап етеді.

Ф.Аквинский  шығармашылығындағы  болмыс  мәселелерінің  түп-

тамырлары  Аристотельдің  «әлеует»  және  «әрекет»  ұғымынан  келіп 

шығады.  Әлеует  (мүмкіндік)  өмірде  бар,  бірақ  болмауы  да  мүмкін 

заттарды  көрсетеді.  Олар  орнықсыз,  әртүрлі  өзгерістерге  бейім, 

аяқталмаған, жетілмеген. «Таза әлеует» – бұл материя, ең бір болмашы 

болмыс. Ол өзгерістерге ұшырайды, сыртқы өзгерістерді қабылдайды. 

Әрекет болмыстағы іске асушылықты, аяқталушылықты, жетілгендікті 

көрсетеді.  Әрекет  –  ол  соның  нәтижесінде  заттар  өз  болмысын  иеле-

не  алатын  форма.  Дара  өзектілік  –  кез  келген  форманың  бастауы  бо-

лып табылатын Құдай. Демек, Құдай – шынайы болмыс, ал әлем – 

болмысқа қатыстыны иеленуші. Құдайда ғана болмыс пен мән бір-

біріне  сай  келіп,  олардың  кемеліне  келгендігін  көрсетеді.  Дүниеде 

бар заттарға келсек, олар кемеліне келмеген, олардың өмір сүруі және 

мәні ешқашан бір-бірлеріне толық сай келмейді. Олардың бұл дүниеге 

келуі де, келмеуі де мүмкін. Олай болса, бұл әлем мүмкіндіктер мен 

кездейсоқтықтар нәтижесінде пайда болған деп айта аламыз.

Ал,  шындығында,  схоластика  данагөйінің  көріпкелдігі  туралы 

бірлесе,  жақсылап  ойланып  көрейікші.  Біз  бұл  дүниеге  қалай  келдік? 

Темірдей  қатаң  қажеттілік  болғандықтан  ба?  Жоқ,  әрине.  Егер  біздің 

ата-аналарымыз кездейсоқ кездеспесе және бір-бірлерін сүйіп қалмаса, 

бұл  кітапты  басқа  студенттер  қолдарына  ұстар  ма  еді?  Әлбетте, 

кітаптың  да  басқа  болуы  мүмкін  ғой.  Сөйтіп,  біздің  бұл  дүниеге 

келуіміз  де,  келмеуіміз  де  мүмкін  еді.  Бірақ  біз  осы  дүниеге  келдік 

және баға жетпес сый  –  өмірге ие болдық.  Біздің  осы әлемнің  шексіз 

сұлулығын  көретін  және  солардың  рақатына  бататын  мүмкіндігіміз 

бар,  біз  ішкі  мүмкіндіктерімізді  ашып  көрсетуге  және  іске  асыруға 

ұмтыламыз. Бұдан асқан бағалы не бар? Біздің күнделікті күйбеңіміз, 

бірдеңелердің жетіспеуі бірегей болмыс аясында тым күлкілі көрінеді.

Қазіргі  заманғы  ғылым  да  ойшылдың  даналық  көріпкелдігін  рас-

тайды.  Қазіргі  заман  көзқарасы  тұрғысынан  алғанда,  Әлемнің  ора-

сан  үлкен  мүмкіндіктері  (әлеуеті)  бар,  ал  олардың  азғантай  үлесі 

ғана болмыста кездейсоқ өзекті болып шығады. Әлеует – өзектіліктің 

толқыны,  ал  қандай  толқынның  болмыс  жағалауына  келіп  ұратыны 

кездейсоқтықтарға байланысты.

Алайда Ф.Аквинскийге оралайық.

Адам  сана  мен  ақыл-ой  иесі  болғандықтан,  ол  заттардың  мән-

мағынасын,  олардың  не  үшін  пайдаланылатынын  танып  біле  алады. 



81

Сондықтан адам әрекет етпес бұрын, не істейтінін түсінеді. Адам және 

бұл дүние жаратылғандықтан, заттар жетілудің әртүрлі сатыларында 

болады.  Олай  болса,  адамның  өзі  қалайтын  құндылықтарды  таңдау 

мүмкіндігі  бар.  Ойшыл  атап  көрсеткендей,  жамандықтың  түп-

тамырлары  осында  жатыр.  Сөйтіп,  түсіну  мен  оған  сәйкес  келетін 

іс-әрекет  арасында  қарама-қайшылықтар  туады.  Таңдау  еркіндігіне 

бола  адам  күнәға  батқан  кезде,  шындықтан  таюы,  тіпті  оны  ұмытып 

та кетуі мүмкін.



әлеуметтік  философияда  ойшыл  қоғамдық  қатынастардың  нор-

мативтік  реттелуіне  үлкен  көңіл  бөледі.  Ф.Аквинский  әлемде  бар 

заңдардың үш түрін ажыратып көрсетеді:

1.  мәңгілік заңдар (лат. – lex aeterna).

2.  жаратылыс заңдары (лат. – lex naturalis).

3.  адам жасайтын заңдар (лат. lex humana).

Мәңгілік  заңдар  –  ол  Құдайдың  Әлемді  жарату  алдындағы  жоба-

сы. Оларда әрбір заттың не үшін пайдаланылатыны, оның орналасуы, 

тәртібі көзделген.

Жаратылыс  заңдары  ақыл-ойы  бар  тіршілік  иесі  ретінде  адамның 

жақсылық  пен  жамандықты  ажырата  алатын  қасиеттерінен  келіп 

шығады.  «Жақсылық  жасауға  ұмтыл,  жамандықтан  аулақ  бол»  –  жа-

ратылыс  заңы.  Жаратылыстың  ең  жоғарғы  құндылығы  –  өмір.  Олай 

болса, адам өз өмірін сақтауға ұмтылуға тиіс. Бұл да – табиғат заңы. 

Ер  адам  мен  әйелдің  өзара  қарым-қатынастары,  бала  тәрбиесі  және 

басқалары да осыған жатады.

Адам  жасайтын  заңдар  қылмыскерлерге,  әртүрлі  жамандықтарға 

қарсы  бағытталған.  Олар  адамның  ақылынан  туған.  Оларда  заң 

қатаң  қадағалайтын  мақсат  және  сол  мақсаттарға  жету  құралы 

көзделген.  Егер  Августин  адами  заңдардың  қажеттігін  адамның 

бастапқы күнәһарлығынан көрсе, Ф.Аквинский табиғи қажеттіліктен 

шығарады. Олар табиғи  заңдардың  нақтылануы сияқты және соларға 

сай болуға тиіс. Адам ақылының нәтижесінде жаратылыс заңдарынан 

адамның  азаматтық  құқықтары  келіп  шығады.  Мысалы,  өмірді 

сақтау – табиғат заңы, ал одан: «Өлтірме!» – деген қағида туады. Ада-

ми  заңдарда  нақтылана  отырып,  адамды  қасақана  ниетпен  өлтіру  не-

месе  адам  өлтіру  фактісінің  кездейсоқ  орын  алғаны  айқындалады. 

Тиісінше, қылмыс істеген адам жазаланады. Қылмыскерлерді қоғамнан 

оқшаулай  отырып,  заң  адал  ниетті  адамдарды  қорғайды.  Алғашында 

қылмыскер  заң  талаптарына  мәжбүрлі  түрде  бағынады,  кейіннен  бұл 



82

дағдыға айналады. Ақырында, қылмыскер адал адам болып шыға ала-

ды. Заңның тәрбиелік мәні осында жатыр.

Ф.Аквинскийдің  табиғат  заңдарына  қайшы  келгенде,  адами 

заңдардың  күштерін  жоятыны  туралы  ойына  назар  аударайық.  Ада-

ми  заңдардың  негізінде  әділеттілік  жатуға  тиіс,  әйтпесе  қоғамды 

сыбайласқан жемқорлық, билікті асырапайдаланушылық жайлайды.

Ф.Аквинскийдің ойынша, биліктің ең қолайлы түрі – монархия, ал 

ең жаманы – заңсыздықтар мен зорлық-зомбылыққа жеткізетін озбыр 

билік. Ал мемлекеттің рөлі үлкен: қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулай 

және  тәрбиелей  отырып,  сондай-ақ  тәртіп  пен  адамдардың  бейбіт 

өмірін  қамтамасыз  етіп,  мемлекет  адамдардың  өмірін,  олардың  әдет-

ғұрыптарын жақсартады.

Бірақ  мемлекет  адамдардың  барлық  рухани  тілектерін  қанағат-

тандыруға қауқарсыз. Сол себепті адамды шексіз сүйетін Құдай оған 

ашылу  (лат.  –  lex  divina)  заңдарын  (аяндар  арқылы)  берді,  адам,  өз 

кезегінде,  адами  заңдарды  солармен  өне  бойы  салыстырып  отыруға 

тиіс.

Ф.Аквинский қоршаған ортаны танып білу барысында адамның өзі 



қол жеткізе алатын білім шындықтарының алдында Құдайдан түскен 

аяндардағы сенім шындықтарының басым екеніне сендіре отырып, 

бұл іргелі қағиданы адамның қоршаған дүниені танып білуінің тұтас 

үдерісіне таратады.

Бұл  қағидаларды  ұлы  ойшыл  қалай  негіздейді?  Адам  –  кемеліне 

келмеген тіршілік иесі, оның кемшілік-міндері де көп, адасып-шатасуға 

бейім. Сондықтан бір уақыт ол Библияға (Қасиетті құжатқа) жүгініп, 

өзінің қолы жеткен білімдерін Ашылу (аян) шындықтарымен салысты-

рып отыруға тиіс. Егер олар бір-бірлеріне қайшы келсе, онда – адамның 

адасқаны деп біліңіз.

Ф.Аквинскийдің  бұл  қағидаларында  үлкен  мағына  бар.  Қазіргі  за-

ман тілімен айтқанда, бұл жерде ғылымның дамуына адамгершілік 

тұрғысынан  бақылау  жасау  туралы  сөз  болып  отыр.  Адам, 

өкінішке  қарай,  әлі  күнге  дейін  ғылым  жетістіктерін  бірінші  кезек-

те  соғыс  қаруларын  жетілдіру  мақсатында  пайдаланады.  Ал  қазір  біз 

термоядролық  ақырзаманда  адамзаттың  өзін-өзі  өлтіруі  мүмкін  шек-

терге  тым  жақын  тұрмыз.  Көріп  отырғанымыздай,  Ф.Аквинскийдің 

ойлары бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған екен.

Айтылғандарды  қорытындылай  келе,  Ф.Аквинский  шығарма-

шылығының  әлемдік  мәдениет  тарихында  елеулі  де  өшпес  із 

қалдырғанын ерекше атап айтуға тиіспіз. Оның жарқын ойлары, таза 


83

логикасы, өмірге құштарлығы, Құдай мен адамға деген сүйіспеншілігі 

әлі де қазіргі заман адамдарының рухани өмірлеріне, олардың филосо-

фиялық сипаттарына шабытты серпін беретін үлгі болып қала береді.



2.4. Орта ғасырлардың мұсылмандық философиясы.

әлеуметтік-саяси және идеялық алғышарттар

Орта  ғасырларда  Шығыс  Арабия  елдерінде  және  Орталық  Азияда 

әлемдік  мәдениетте  өзінің  лайықты  орнын  тапқан  өзіндік  философия 

пайда болды. Құл иеленуші Батыс-Рим империясы күйрегеннен кейін, 

«тарихи  бастамашылықтың»  біртіндеп  Шығыс  Арабия  елдеріне  өтуі 

орын алады. VII ғасырдан бастап, көшпенді өмір салтын ұстанған және 

өздерінің ру-тайпалық Құдайларына бас иетін араб тайпалары әскери 

демократия  деңгейінде  тұрып-ақ  енді  ғана  пайда  болған  исламның  – 

жаңа әлемдік діннің жасыл жалауы астына біріге бастайды.

Исламның  отаны  –  Батыс  Арабия.  Бұл  жаңа  феодалдық 

қатынастардың  қалыстаса  бастаған  кезеңі  еді.  Әлбетте,  олар 

үшін  арабтардың  қоғамдық  өмірінде  болып  жатқан  өзгерістерді 

идеологиялық тұрғыда бекітіп қана қоймай, қоғамды түбегейлі қайта 

құру үдерісін жеделдетуге қабілетті жаңа дін қажет болды. Ислам дәл 

солардың ойындағындай дінге айналды. Оның пайда болуына сыртқы 

саяси  ахуал:  Оңтүстік  Арабияны  парсылар  мен  эфиоптардың  жаулап 

алуы,  соның  нәтижесінде  Арабия  жарты  аралдарын  кесіп  өтіп,  Мек-

кеде  тоғысатын  дәстүрлі  керуен  жолдарының  кесіліп  қалуы  да  оң 

ықпалын  тигізді.  Бұл  экономикалық  тоқырауға  жеткізіп  қана  қойған 

жоқ, сонымен бірге ру-тайпалық билікті де айтарлықтай әлсіретті.

Бұрын  болған  экономикалық  және  саяси  әлеуетті  қайта  жандан-

дыру  үшін,  бөлек-бөлек  шашырап  кеткен  араб  тайпаларын  біртұтас 

мемлекеттік  құрылымға  біріктіру  қажет  болды.  Ал  ол  үшін,  бірінші-

ден,  шоғырландыратын,  нығайтатын  дүниетаным  керек  еді,  ру-

тайпалық  политеизмнің  орнына,  монотеистік  дін  ғана  сондай  бола 

алатын еді, ал, екіншіден, өзін барлық арабтардың рухани және саяси 

көсемі деп жариялай алатын жарқын тұлға қажет болды.

Арабтардың ұлы пайғамбары, исламның негізін салушы және басты 

адамы Мұхаммед (570-632) дәл сондай тұлғаға айналды.

Бір  дінді  ұстанған  әлеуетті  мемлекет  құра  отырып,  арабтар  сырт 

елдерді бағындыруға көшіп, Индтан бастап Атлантикаға дейін созылып 

жатқан  алып  империя  құра  алды.  Бұл  арабтарға  Батыс  пен  Орталық 

Азия  елдерінің  ежелгі  мәдениетімен  танысуға,  өндіргіш  күштерді, 


84

сауда-саттықты,  теңізде  жүзуді  ары  қарай  дамытуға  мол  мүмкіндік 

берді. Батыста Испанияға дейін жеткен арабтар өздерінің мәдениетін, 

тілі мен дінін және философиясын жаулап алған елдері арасында кең 

тарата бастады. Күні бүгінге дейін әлемдік лексикада арабтардың: ар-

сенал,  адмирал,  авария,  тариф,  медицина,  алгебра  және  басқадай 

сөздері  пайдаланылып  келеді.  Тарихи  қысқа  мерзім  ішінде  арабтар 

мемлекетті  басқару  өнерінде,  әскери  істерде,  сәулет  пен  философия-

да  таңғалардық  нәтижелерге  қол  жеткізді.  Осының  барлығы  да  басқа 

елдердің  тәжірибелерін  қабылдап  алып,  оларды  асқан  ептілікпен  өз 

мәдениетімен ұштастыра білу нәтижесінде мүмкін болды.

Мысалы,  арабтар  баға  жетпес  іс  істеді:  антика  философиясын 

мұқият  зерттеп  біліп,  көптеген  еңбектерді  араб  тіліне  аударды  және 

негізгі  идеяларын  ары  қарай  дамытты.  Бұл  ғаламат  жұмыс  тарих-

та  «аудармашылық  қозғалыс»  деген  атқа  ие  болып,  Эвклид  геоме-

триясынан  және  Птоломейдің  «Альмагестінен»  бастап,  Платон  мен 

Аристотельдің шығармаларын қоса алғанда, VII ғасырдың соңынан XI 

ғасырға дейін созылды.

Араб  мәдениеті,  әрине,  Орталық  Азия  халықтарына  үлкен  ықпал 

етті.  Бірінші  кезекте  исламның  таралуын  айтуға  болады.  Өз  зама-

нында  М.Вебер  атап  айтқандай,  «ислам  –  жеңілмейтін  жауынгер-

көшпенділердің  діні».  Ал  егер  осылай  болса,  онда  бұрынғы  қазақ-

тардың оны қабылдамауы мүмкін емес. Әлбетте, бұл үдеріс өне бойы 

табысты  бола  бермеген.  Қайғылы  сәттер  де  аз  болмаған.  Алайда, 

жалпы алғанда, ежелдегі қазақтардың исламды қабылдауы – олардың 

өмірлеріндегі елеулі оқиға болды.

«Тарихтың  өзі,  –  деп  жазады  белгілі  ислам  зерттеушісі  Осман 

Амин, – исламның ғылыммен қолтықтасып келе жатқанын дәлелдейді... 

Ислам Пайғамбары: «Ең болмағанда, сен Қытайдан таба алатын білім-

ді  іздеп  жүрмін»,  –  демеп  пе  еді?  «Ғалымның  сиясы  азаптанушының 

қанындай  қастерлі»,  –  дейтін  дінді  бар  мән-мағынасымен  білім-

ғылымға қарсы деп жазғыруға бола ма?.. Қысқасы, ислам ғылымды бар 

күшін сала желеп-жебеді» (Amin O. Mohammed Abduh’s Apologetic for 

the Muslim Faith. – In: «Islamic Rewiew and Arab Affairs». London, 1960, 

vol. 48, N 1, – P. 6-7). 



Ұлы  әл-кинди  (800-879)  –  араб  философиясын  бастаушы.  Ол 

Аристотельдің идеяларын жақтаушылардың алдыңғысы болды. Оның 

негізгі еңбектері: «Алғашқы философия туралы», «Бес мағына туралы 

кітап» және басқалары. Еңбектерінде Әл-Кинди өз заманының негізгі 

ғылыми жетістіктерін суреттеген болып саналады, дегенмен ойшылдың 


85

мұраларын  зерттеумен  айналысатын  кейбір  ғалымдардың  ойынша, 

оның  дәлелдері  әрдайым  сенімді  бола  бермейді  және  «шешендік,  ал 

кейде ақындық уәждерге бой ұрады». Бұл, мүмкін, біздің заманымызға 

оның мұраларының он бөлігінен де аз мөлшері ғана келіп жеткенінен 

шығар. Алайда ойшылдың бізге жеткен шығармаларының ешбір күмән 

тудырмайтындай  дәлелдейтіні  –  Әл-Кинди  философияны  жаратылыс 

және  ғылыми  білімдермен  тығыз  байланыстырған  және  философи-

ямен  айналыспақ  ниеті  бар  адамның  міндетті  түрде  математиканы 

жақсы білуге тиіс екеніне сенімді болған. Аристотельден кейін фило-

софияны  ұтымды  түсіндірген  сол  болды.  Болмыс  туралы  өз  ілімінде 

ол екі түпнегіз (субстанция) туралы айтады. Біріншісі – сезімдік зат-

тар,  сапалық  және  сандық  жақтарын  зерттеп  алып,  оларды  танып-

білуге  болады.  Осының  барлығын  математика  ғылымдары  зерттейді. 

Оларды  зерттемей  тұрып,  түпнегізді  түсіну  мүмкін  емес.  Кімде-кім 

түпнегізді  білмесе,  ол  философияны  біле  алмайды.  Ал  философияны 

білмеген  адам  екінші  түпнегізге  жете  алмайды,  өйткені  ол  тұрақты 

және өзгермейді.

Адамды қоршаған болмысты Әл-Кинди «Ай астындағы әлем» деп 

атайды.  Айдан  тыс  ешқандай  қозғалыс  та,  пайда  болу  мен  жойылу 

да  жоқ.  Олар  тек  Ай  астындағы  әлемге  тән.  Қоршаған  болмыс  төрт 

элемент:  жер,  су,  ауа  және  оттан  тұрады.  Олар  әртүрлі  өзгермелі  іс-

әрекеттерде табиғат денесін құрайды.

таным ілімінде Әл-Кинди ең ғажап ғылым деп философияны мо-

йындайды, өйткені ол заттардың шынайы табиғатын ашып көрсетуге, 

сол арқылы бізге іс-әрекеттерімізде жәрдемдесуге ұмтылады. 

Әлденені тану үшін, төрт сұраққа жауап беру қажет:

1.  Ол бар ма?

2.  Ол не?

3.  Ол қандай?

4.  Себебі не? 

Адам  танымы  екі  түрге  бөлінеді.  Біріншісі  –  сезімдік  таным.  Ол  

бізге  жақын,  бірақ  мағынадан  алшақ,  өйткені  заттар  тұрақты  емес: 

үздіксіз өзгеріп тұрады, өтпелі. Сан тұрғысынан алғанда, олар көбейеді, 

азаяды,  ал  сапалық  жағынан  да  бір-біріне  теңбе-тең  және  теңбе-тең 

емес  те  болып  жатады,  күш  алады  немесе  күшін  жоғалтады...,  біз 

өзгеретін заттардың пішінін ғана қабылдаймыз және оларды зердеміз-

де және миымызда сақтаймыз. 

Танымның екінші түрі мағынаға жақын, бірақ бізден алшақ. Бұл – 

ақыл-ой. Жекелеген заттар сезім арқылы қабылданады, бірақ әлденені, 


86

яғни  тұрақты  мен  тектікті  сезіммен  қабылдау  мүмкін  емес,  олар 

ақылмен қабылданады.

2.5. әл-Фараби философиясы

Әл-Киндидің  философиялық  идеяларының  ары  қарай  дамуын 

Әл-Фараби  шығармашылығынан  көреміз.  Аристотельдің  еңбектерін 

аударғаны және оларға түсініктемелер бергені үшін, ол – әлемдік фи-

лософияда «Екінші ұстаз» атанған адам.

әл-Фарабидің толық аты – Әбу Нәсір Мұхаммед Ибн-Тархан Ибн-

Узлак ат Түрік (870-950 жж.). Ол Қазақстанда, Отырар қаласында (Фа-

раби) дүниеге келген. Ересек тарта бастағанда, білім іздеген ол керу-

енге  ілесіп  Таяу  Шығысқа  келіп,  Бағдад  және  Алеппо  қалаларында 

білім алады: араб және басқа тілдерді үйреніп, антика философиясына 

өз  бетінше  зерттеу  жүргізеді.  Біз  оның  өзіміздің  ғұлама  ойшылымыз 

болғанын  мақтан  етеміз.  Бірақ  белгілі  бір  дәрежеде  ол  араб  ойшылы 

да болады, өйткені араб мәдениетінің ғаламат ықпалын сезінген және 

өз  еңбектерін  осы  тілде  тудырған.  Сол  себепті  оны  бәрінен  бұрын 

«Шығыс философиясының жұлдызы» немесе «Жер планетасының ұлы 

ойшылдарының бірі» деп бағалағанымыз дұрыс болмақ.

Әл-Фарабидің  сақталып,  бізге  жеткен  еңбектерінен  оның  ғылым 

мен  философиядағы  айқын  ұстанымын  көреміз.  Шығармаларының 

құрылымы,  мәселелерінің  тақырыптары  мен  қойылуы  оны  бізге 

арабтілді перепатетизмнің

1

 негізін салушы ретінде танытады.



Оның  негізгі  еңбектері  ретінде  «ізгі  қала  тұрғындарының 

көзқарастары туралы», «ғылымдарды саралау жөнінде», «азамат-

тық  саясат»  және  басқа  туындыларын  атауға  болады.  Әл-Фарабидің 

болмыс  туралы  ілімі  негізінде  неоплатонизм  өкілдері  зерттеген  эма-



нация (кемерінен асу) ұғымы жатыр. Әлемді Алғашқы мән жаратқан, 

ол  –  бар  жаратылыстың  себепшісі.  Алғашқы  мән  мүлтіксіз,  мәңгі, 

өздігінен  жетілген,  түр-пішінге  де,  себепке  де,  мақсатқа  да  мұқтаж 

емес.  Азғантай  болса  да,  бір  нәрсеге  мұқтаждық  сезсе,  ол  Алғашқы 

мән  болмас  еді.  Ол  –  барлығынан  жоғары,  Бәрін  білгіш,  Данышпан, 

Шындық,  Өмір  және  т.б.  алғашқы  мән  –  материя  емес.  Сондықтан 

ойшыл оны «белсенді ақыл-парасат» деп атайды. Өзінің қай жағынан 

1

  Арабтілді  перепатетизм  –  Аристотель  мен  неоплатонизм  ілімдеріне  негізделген 



ортағасырлық араб-ислам философиясы ағымдарының бірі.

87

да  мүлтіксіздігі  себепті  Алғашқы  мән  өз-өзіне  сыймай,  кемерінен 

асып төгіледі, соның нәтижесінде басқа дүниелер пайда болады. Басқа 

дүниелерді тудыра отырып, Алғашқы мәннің өзі жоғалып кетпейді, Ол 

мәңгі өмір сүреді. 

Егер ол жоғалып кеткен болса, онда Ол жоғарғы билігін жоғалтар 

еді де, Өзінің ар жағында одан да мүлтіксіздірек, жетілген әлдене бар 

екенін көрсетер еді. 

Алғашқы  мәннің  эманациясы  барысында  алдымен  материалдық 

емес  аспан  әлемдері,  содан  кейін  барып  Сатурн,  Юпитер  әлемі  пай-

да  болады.  Бұл  жерде  біз  ойшылдың  схоластикалық  ойларының 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет