Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті


Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы



бет29/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Дәріс институт

Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:

  1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.

  2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген

нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.

  1. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

  1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.

  2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.

14 тақырып. Азаматтық қоғам әлеуметтік институт ретінде.

Дәріс мақсаты:Азаматтық қоғам туралы түсінік беру.
Басты түсініктер:Азаматтық қоғам,саяси партиялар,үкіметтік емес ұйымдар.

Дәріс жоспары:


  1. Азаматтық қоғам мен саяси ішкі жүйенің арақатынас мәселелері.

  2. Мемлекет аясындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы.

  3. Азаматтық қоғамның негізгі элементтері.

Дәріс мазмұны:

Саяси әлеуметтану-әлеуметтану ғылымының бір саласы.Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі ХХ ғасырдың 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталды,яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып саналады.Соған қарамастан саяси әлеуметтанудың өз алдына ұғымдары,заңдары, т.б. ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты.Осы айтылғандардың танымдық маңызы зор болғандықтан саяси әлеуметтанудың негізгі мәселелерін баяндаудың еш артықтығы жоқ шығар деп ойлаймыз. Ең бастысы оның обьектісін анықтаған жөн. Әлеуметтік саяси қатынастар-саяси әлеуметтануының обьектісі. Бұл қатынастар топтар мен өзгеде әлеуметтік топар, этностар арасындағы, елдер- мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтыйды.


Саяси әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға,мәдениетке, қызмет- әрекетке,олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді.Қоғам өмірінің барлық саласындағы саяси қызмет пен саясатқа талдау жасауға аса назар аударады.
Мұнда « саяси әлеуметтануы», « саяси қатынастар әлеуметтануы», « саяси ұғымы», ұғымдары кеңінен қолданылады.Алайда бұлардың ара жігін бүгінге дейін түбегейлі анық болған жоқ. Мысалы АҚШта «саяси әлеуметтануы» ұғымы аз пайдаланылады. Онда көбінесе саясат ұғымы, саясаттану туралы жиі сөз болады. Батыс Еуропада, керісінше, «саясаттану» терминін сирек қолданып, «саяси әлеуметтануы» ұғымына басымырақ маңыз береді. Дегенмен, бұл екі ғылымның зерттеу обьектілері бір болғанмен, қарастыратын пәндері өзгеше. Зерттеу пәні тұрғысынан алғанда, саясаттану негізінен саясат саласын, саясаттың бір түрін- «саяси саясатты» яғни мемлекеттік - әкімшілік билікті, оны жеңіп алу,ұстап тұру, қолдану аясына байланысты қатынастарды қарастырады. Ал саясат әлуметтану саясатты қоғамның өзге дербес салаларымен,яғни экономика, әлеуметтік,саяси және рухани салаларымен байланысты зерттейді. Бұл ғылым саясатты әлеуметтік құрылымдарға және формальды емес әлеуметтік жүйелерге, қоғамдық пікірмен тәртіпке, әлеуметтік саяси процесстердің бүкіл кешкеніне, нормалармен қатынастарға талдау жасау болашағымен, тұлғалар мен шағын топтарды, олардың коптеген психалогиялық және социо мәдени сипаттамаларын зерттеу тұрғысынан қарастырады.Саяси әлеуметтануының пәніне саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласымен құрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік- саяси қажеттіліктер, мүдделер тұлғалардың қызметі,әлеуметтік топтар,этностар,олардың ұйымдары,қозғалыстары, институттары жатады. Ғылым пәнін анықтау үшін зерттелетін заңдар мен категорялардың ерекшеліктерін айқындаудыңда маңызы зор.Саяси әлеуметтану бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің көп түрлілігін ескере отырып, әлеуметтік саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпы дүниежүзілік, жалпыадамзаттың заңдарын зерттеуге тиіс.
Осымен байланысты заңдардың екі нұсқасын айтуға болады; әлеуметтік- саяси өмірдің өмір сүру заңдары. Бұған әлеуметтік- саяси өмірдің әрекет ету заңы, оны ұйымдастыру тәсілдері саяды. Өмір сүру заңдары әлеуметтік- саяси өмірдің әр түрлі элементтерінің, субьектілері мен обьектілерінің байланыстарын,олардың өзара іс- қимылдарының мәнін ашады. Мысалы биліктің үш тармаққа бөліну заңы, әр түрлі саяси күштердің келісмге келу заңы,ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы болып табылады.
Даму заңы- бұл әлеуметтік саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы.Бұлар әлеуметтік- саяси құбылыстар байланыстарының себебін ашады, өзгерістердің бағытын,факторлары мен формаларын анықтайды.Мысалы саяси революция,саяси күрес,қоғамдығ-саяси қозғалыс тағы сол сияқты.Осы заңдарға сәйкес саяси әлеуметтанудың категориялары да қалыптасады. Олар топқа бөлінеді; 1) Саяси өмірдің өмір сүру категориялары. Мысалы саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет,билік жүйесі, партиялар бейресми бірлестіктер,популизм,ереулдер тағы сол сияқты. 2) Даму ктегориялары. Мысалы билік үшін күрес,реформа, жариялылық,коппікірлілік, саясаттандырылған тұлға және тағы басқа.саясат ұғымы саяси құбылыстар мен процесттерді толық көрсетеді. Оған ең алдымен мемлекетке және оның барлық деңгейіндігі жалпы саяси билігіне қатысты топтар мен басқада әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жатады. Саясаттың маңызды саласына ұлттық қатынастарды мемлекеттік реттеу жатады. Бұл көптеген қоғамдарда мемлекеттік құрылыстың сипатына және мемлекеттік басқару түрін таңдауға себепші болады.Саясат саласына халықаралық саясаттың негізгі мазмұнын құрайтын мемлекетаралық қатынастарды реттеу де жатады. Аталмыш процестердің бәрі де жинақталып « саясат» ұғымынан көрініс табады. Саясаттың ортақ мәселесі топтар,өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық қаумдастар, сондай ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасндағы қатынастар болып табылады.Бұл қатынастар нақты құбылыс ретінде саясаттың негізгі мазмұнын, оның өзегін құрайды, соның төңрегінде қоғамдағы жүріп жатқан сан алуан саяси процестердің элементтер топтасады,дамиды және бірін бірі ауыстырады.Саясат ұғымы сол жағдайды бейнелейді, яғни саяси билікке қатысты әлеуметтік субьектілері арасындағы қатынастарды корсетеді.Демек, саясат әлеуметтануы ең алдымен қоғамның нақты саяси өмірін зерттейтін саяси қытынастар әлеуметтануы болып табылады. Саяси қатынастар арқылы бүкіл саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара әрекеттері қарастырылады.
Саяси билікті жеңіп алу немесе оны жүзеге асыруда кезкелген субьектілер саясаттың субьектісі бола алады, сол субьектілер ішінде өзара қатынастарға түсетін топтар, саяси партиялар, жеке тұлғаларды бөліп айтуға болады.Өзара саяси қатынастарға түскен ұлттар мен тұтас халықтар, сондай-ақ мемлекет саясаттың субьектілері болып табылады.Жоғарыа атап айтылғандай, саясаттың негізгі мәселесі- саяси билік туралы мәселе.Соңғысы белгілі бір әлеуметтік күштердің өз саяси еріктерін басқа әлеуметтік күштерге және бүкіл қоғамға тану арқылы көрінеді. Мұны партиялық элитаның, яғни шағын тапты партия басшылары мен олардың төңірегілердің, сондай-ақ жеке партия көсемдерінің өз еріктерін бүкіл партияға таңатынынан жиі кездестіреміз. Бірақ саяси биліктің ең жоғарысы мемлекеттік билік болып табылады. Бұл жағдайда мемлекеттік билікті қасына жинаған әлеуметтік күштер өз еріктерін қалған қоғам мүшелеріне таңады, бұл істе мемлекеттік апарат пен қоғамға ықпал ететін мемлекеттік тетіктерге,яғни идеологиядан бастап құқық пен әскерге сүйенеді. Мемлекеттік билік тетіктерін қолдана отырып, олар өздерінің экономикалық,саяси, әлеуметтік және рухани мүдделеріне қатысы кең ауқымды мәселелерді шешеді. Қоғамда өз саяси билігін нығайта отырып,олар өздерінің әлеуметтік- экономикалық жағдайларын да нығайтады, өз жеке басының әл-ауқаты мен дамуы үшін жағдай жасайды.
Билік үшін күрес, оны бөлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтрадың,саяси партиялар мен қозғалыстардың, саяси билікке ие болған аппарат өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен көрініс табады. Олардың саяси қызметі сол қоғамда өмір сүріп отырған саяси құрылғыларды, азаматтық заңдар мен бостандықты, жалпы мемлекеттік құрылысты өзгертуге және нығайтуға бағытталған көптеген нақты саяси әрекеттерден тұрады.Бұл әрекеттер сол қоғамның басқа субьектілеріне олардың бағытына қарсылық білдіру немесе үшінші субьектілердің кері әрекеттерін бейтараптандыру, не тежеу мақсатында да қолданылады.Кез келген субьектінің саяси әрекеттерінде әрдайым сол әрекетті өзге судбектілердің қалай қабылдайтыны есепке алынады және бұл олардың саяси өзара іс-қимылдары ретінде көрінеді. Әрбір субьекті көбіне қайсыбір адамдардың үлкен әлеуметтік ете алады. Қалай дегенмен де, олардың саяси қызметі,әдетте, көпшілік бұқара халықтың мүддесін көздейтін болады. Саясатты милиондардың ісі дейтіні де сондықтан.Саясат пен саяси қызмет саяси қатынастар мен процестерді қалыптастырады.Топтың тағы басқа мүдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын құрылымдарға негіз қалайды.
Субьектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылыжүзеге асады. Бұл тәуелсіз обьективтік сипатта болады.Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір субьектілердің саяси қызметі жауап көзқарасты тудырады. Бұл өзара әрекеттер тұрақты қайталанып отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси қатынастар саналы түрде қалыптасады. Әрбір субьекті өзге субьектілермен саяси өзара әркеттерге түсіп,өздерінің саяси мүдделерін саналы түрде жүзеге асыруға тырысады және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарға қолданады. Бірақ, біріншіден саяси мүдделер мен талаптар олардың санасы мен еркіне тәуелсіз тұрған обьективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген ; екіншіден, қалыптасқан саяси қатынастар обьективтік саяси нақтылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегінде олар адамдадың саяси қызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айқындауға себепші болады. Таптар басқада әлеуметтік таптар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе өзге де саяси қызметтерінің нәтижесіндеқалыптасып, өздері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы ретінде танылады.Әлбетте, саяси қатынастар тек саяси билікке деген қатынастармен шектеліп қалмайды, соңғысы олардың өзегін құраса да, олар қоғамның саяси өмірінің бүкіл салаларына сәкес құралады, сонымен қатар олар ұлттық және ұлтаралық проблемаларды шешумен , азаматтық құқық пен бостандықты жүзеге асырумен байланысты да қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет