Зертханалық жұмыстарды бағалау критерилері
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Бағалаудың сандық эквиваленті
|
Критерилер
|
А
|
– 100
|
Жұмыс тәжірибені орындау және өлшеу жүргізуге қажетті тізбектілікті сақтай отырып, толық көлемде орындалған;
Барлық өлшеулер жоғары дәлдіктегі нәтижелер мен қорытындылар алуды қамтамасыз ететін жағдайлар мен режимдерде жүргізілген;
Келтірілген есепте барлық жазбалар, кестелер, суреттер, сызбалар, графиктер, есептеулер тиянақты орындалып, қорытынды жасалған;
Қателіктерді есептеу және талдау орындалған.
Жұмыс ауызша қорғалған. Қорғау барысында: а) берілген жұмысқа қажетті заңдар мен формулаларды білу; б) есептеу формуласын қорыту; в) жұмыстың орындалу барысын және әдістемесін білу; г) жұмыстың толық математикалық есептелуі қажет.
|
A -
|
– 94
|
1,2,3,4,5 пункттер орындалған. Бірақ нәтижелерді есептеу барысында шамалы қателіктер жіберілген немесе жұмысты рәсімдеу барысында тиянақсыздық жіберілген.
|
В +
|
– 89
|
1,2,3,4,5 пункттер орындалған. Бірақ есептеу формуласын қорыту барысында қателіктер немесе теориялық бөлімді қорғау барысында шамалы қателіктер жіберілген.
|
В
|
– 84
|
1,2,3,4,5 пункттер орындалған. Бірақ есептеу формуласын қорыту барысында қателіктер, теориялық бөлімді қорғау барысында шамалы қателіктер, жұмысты рәсімдеу барысында тиянақсыздықтар жіберілген.
|
В -
|
– 79
|
1,2,3,4 пункттер орындалған. Теориялық бөлімді қорғау барысында және есептеу кезінде қателіктер жіберілген.
|
С +
|
70 – 74
|
1,2,3,4 пункттер орындалған. Жұмыс толық қорғалмаған, теориялық материалды толық меңгермеген.
|
С
|
65 – 69
|
1,2,3 пункттер орындалған. Жұмыстың есептелуінде қателіктер бар, теориялық дайындығы жеткіліксіз, қателіктерді талдау және қорытынды жасалмаған.
|
С -
|
60 – 64
|
1,2,3 пункттер орындалған. Жұмыстың есептелуінде қателіктер бар, теориялық дайындығы жеткіліксіз, қателіктерді талдау және қорытынды жасалмаған, жұмыстың орындалу әдістемесін білмеуі.
|
D +
|
55 – 59
|
1,2 пункттер орындалған. Жұмыстың есептелуінде қателіктер бар, теориялық дайындығы жеткіліксіз, қателіктерді талдау және қорытынды жасалмаған, жұмыстың орындалу әдістемесін білмеуі, жазбаның тиянақты болмауы, суреттер мен графиктер дұрыс келтірілмеген.
|
D
|
50 – 54
|
1,2 пункттер орындалған жұмыстың есептелуі ғана бар.
|
F
|
0 – 49
|
Тапсырма орындалмаған немесе орындалуы дұрыс емес.
|
** Қосымша тапсырмаларды орындағанда бонустық балдар алуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |