Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «бекітемін»


Жұмыстарды кешіктіріп тапсыру саясаты



бет6/6
Дата15.04.2023
өлшемі228 Kb.
#82914
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Физика 0

Жұмыстарды кешіктіріп тапсыру саясаты:

Студент дәрістік, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарға дайындалып келуі керек. Студент зертханалық жұмысты уақытылы қорғауы, барлық жұмыс түрлерін (тәжірибелік, зертханалық және лекциялық) орындауы қажет. Студент сабақтан қалмауы және кешікпеуі керек, жауапты және пунктуалды болуы қажет. Уақытылы тапсырылмаған жұмыс үшін максимал баллдан 10% алып тастау қарастырылады. Егер сіз белгілі бір себептермен аралық емтиханға келе алмайтын болсаңыз, Сіз оқытушыны емтиханға дейін ескертуіңіз қажет. Барлық студенттер емтиханды тапсырып болғаннан кейін және оны сабақта талдағаннан кейін, емтихан тапсыруға рұқсат жоқ. Ешбір себепсіз емтиханға қатыспау Сізді емтиханды тапсыру құқынан айырады.



  1. Сабақтарға қатысу саясаты:

Студент дәрістік, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға үнемі белсенді қатысуы керек. Сабақ жіберу сіздің үлгеріміңіз бен қорытынды бағаңызға әсерін тигізеді. Әрбір екі рет кешігу немесе кез келген себеп бойынша сабақ аяғын күтпей кетіп қалу бір жіберілген сабақ болып саналады. Курстың міндетті талабы әр сабаққа дайындық болып табылады. Оқулықтың көрсетілген бөлімдерін және қосымша материалдарды тәжірибелік сабаққа дайындалғанда ғана емес, сәйкес дәріс болардың алдында да қарастыру қажет. Мұндай дайындық сіздің жаңа материалды қабылдауыңызды жеңілдетеді және университет қабырғасында белсенді білім алуыңызға көмегін тигізеді.



  1. Академиялық тәртіп пен этика саясаты:

Толерантты болыңыз, басқа адамның пікірін сыйлаңыз. Келіспеушілігіңізді нақты тұжырымдаңыз. Плагиат және басқа да жалған жұмыс түрлеріне рұқсат етілмейді. СӨЖ, аралық бақылау және емтихан тапсыру барысында көшіруге, көмектесуге, басқа адамдардың жұмыстарын көшіруге, басқа студенттің орнына емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді. Пәннің кез келген ақпаратын жалған беруде ұсталған студент «F» бағасын алады.


Көмек: Өздік жұмысты орындауға, оларды тапсырып, қорғауға қатысты және өткен материалдар бойынша қосымша ақпарат қажет болған жағдайда және берілген курс бойынша қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайларда оқытушыға келіп оның офистік сағаттары уақытында немесе тәулік бойы электронды құралдар арқылы консультация алуға болады.


Кафедра отырысында қаралды: хаттама №1, «3 » тамыз 2020 ж.

Қ ұрастырған ассистент-профессор Манабаев Н.К.



Силлабус
Сатпаев Университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет