Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «дарын» республикалық Ғылыми-практикалық орталығЫ


Орындайтын жұмыстың мағынасын түсіну



бет10/24
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79727
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Орындайтын жұмыстың мағынасын түсіну

Егер оқушы жұмысты мұғалімге қажет деп орындаса, ол оны жасамаудың амалын немесе оны ойланбай, аз уақыт жұмсап орындаудың жолын іздейді.


Мектеп әкімшілігі өз еркімен-еріктеріңізден тыс жіберген курстарды есіңізге түсіріңізші. Мүмкін сол кезде сабақ барысында сіз кітап оқып, тоқыма тоқып, оқушыларыңыздың жұмысын тексерген боларсыз т.б. Бұлай болудың себебі, Сіз үшін бұл курс құнсыз, өйткені сіз оны өзіңіз таңдаған жоқсыз және сізге мұнда оқудың еш мағынасы жоқ.
Селестен Френенің педагогикалық инварианттарының бірі: "Ешкім әрекет жасауды және оған жат және түсініксіз ойға бағынуды ұнатпайды".
Оқушыларға орындалатын жұмыстың мағынасын жеткізіңіз және тапсырмаларды құрастырған кезде олардың пікірін ескеріңіз. Бұл жағдайда біз таныс "бұл не үшін қажет?" дегенді естімейміз және жұмысқа деген ынта да артады.


  1. Таңдаудың болуы




Таңдау еркіндік сезімін береді. Оқушы өз таңдауын жасаған кезде, таңдауға жауаптылығы артады. Демек, жұмыстың орындалу ықтималдығы да артады.
Бірде әріптесім оқушыларға әрқашан таңдау ұсынатынын айтты, мысалы, сабақта: "не сіз тапсырманы орындайсыз, не мен бірлік қоямын" дейді.
Бұл таңдау емес, бұл оқушының дербестігі мен жауапкершілігін дамытуға ықпал етпейтін манипуляция.
Оқушыларға күрделілік деңгейі бойынша тапсырмаларда, жұмысты орындау тәсілдерінде, тапсырмалар санын таңдауда және т.б. таңдау ұсыныңыз. Оқушының таңдауы бар екенін түсінуі маңызды.


  1. Оқу материалын беру




TikTok ұрпағы үшін мазмұнды жеткізу оңай емес. Оқулықтың мәтіні тартымсыз көрінеді. Қызықсыз сабақтың бейнематериалы - бұл қызықсыз видео. Ал тарту үшін интерактив пен сторителлинг қажет.
«Нильстің жабайы қаздармен ғажайып саяхаты» ертегісі швед оқушыларына арналған география оқулығы ретінде жазылған.


Алайда, Швецияның Білім министрлігі бұл кітапты оқулық ретінде шығаруға рұқсат бермеді. Түсініктеме келесідей болды: оқулық осыншама қызықты бола алмайды.
Мектеп оқулықтарының авторлары да осы пікірді ұстанатын секілді. Оқушылар қашықтықтан жұмыс кезінде оқулықтарды оқымады және оқымайды да. Тіпті біз оқулықтардағы мәтінді презентация слайдтарында басып, суреттерді қоссақ та.
Оқу материалдары қызықты болуы мүмкін. Материалды беруді ойлаңыз: қысқаша оқу бейнелері, өзін-өзі тексеруге арналған қосымшалар, интерактивті жұмыс парақтары, анимациялар және динамиктер мен интерактивтерді қосатын басқа да мүмкіндіктер




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет