Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «дарын» республикалық Ғылыми-практикалық орталығЫ



бет12/24
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79727
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

Сабақтың мақсатын анықтау


Сабақтың мақсаты мұқият ойластырылған болуы керек. Оқушы мен балалардың алдағы міндеттер туралы айқын түсінігі болғаны маңызды. Қазір бұл балалармен өзара әрекеттесудің ажырамас бөлігі.
Бұл ретте қашықтықтан оқыту процесінде сыныппен күнделікті «кездесулер» өткізу міндетті емес. Әр оқушының материалды өз бетінше оқып, сыныптастарынан қалыс қалмауы үшін белгеленген жұмыс жоспары болуы керек.

    1. Үлгілерді пайдалану


Электрондық сабақ жоспарын жасаған кезде бәрін жаңадан әзірлеу міндетті емес, интернетте бар дайындамаларды алуға болады. Және бұл сіз біреуден көшірген нәрсе емес, - сіз жай ғана бар схемалар мен материалдарды өз матариалдарыңызбен толықтырасыз. Осылайша, мұғалім шаблондар негізінде жеке оқыту ортасын құрады және нақты балалармен жұмыс ортасын өз бетінше әзірлейді.
    1. Пікірталастарды қолдау


Мектеп сабақтары кезінде мұғалім сұрақ қою арқылы пікірталастарды ынталандырады. Қашықтан курс оқытушысы мұны әрдайым үйлесімді ете алмайды, өйткені барлығы ақпаратты ұсыну әдісіне байланысты. Мысалы, біреу LMS (Learning Management System) — жүйесін қашықтан оқытуды басқаруда пайдаланады. Бұл өз алдына курстың барлық қатысушылары қол жеткізе алатын және қажетті оқу материалдары жинақталған онлайн-университет. Платформа тестілеу жүргізуге, нәтижелерді қадағалауға және кеңес беруге мүмкіндік береді.
Онлайн тақтаны іске қосу арқылы талқылауды ұйымдастыруға болады. Оқушы сұрақтарға дәйекті жауап беру керек (тек бірінші сұраққа жауап бергеннен кейін ғана ол келесіге ауыса алады). Тақтаны безендіре отырып, балалар коментарияға жауап бере отырып, бір-бірімен өзара әрекет етуі керек – бұл олардың әрқайсысын талқылау процесіне тартады.
    1. Тұрақты қарым-қатынасты қамтамасыз ету


Қашықтықтан оқытуда оқушы тапсырмаларды және дедлайндарды орындауда оңай шатасады, сондықтан сыныптастармен үнемі қарым-қатынаста болу маңызды рөл атқарады. Мұғалім сыныптағы балаларды үнемі көреді және вербалды не вербалды емес мінез-құлқын қадағалай алады, оған оның көмегі кімге және қандай сәтте қажет екенін түсіну оңай.
Қашықтықтан оқытуда мұндай өзара әрекеттесу мүмкін емес. Сабақтар күн сайын өтуі мүмкін немесе мүлдем өтпеуі мүмкін. Бірақ, егер үлгерімді үнемі қадағаламасаңыз, материалды игеруде олқылықтар туындап, болашақта толтыру қиын болады. Сондықтан үнемі байланыста болу маңызды, мысалы, апталық есеп беру түрінде немесе оқушыларға қажет болған жағдайда көмек беру.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет