Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай



Pdf көрінісі
бет254/263
Дата21.05.2022
өлшемі3,91 Mb.
#35213
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   263
Байланысты:
Ыбырай А ӘНХ

9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай 
нысандарда өткізіледі: 
1) қазақ/орыс тілі және өзбек,ұйғыр,тәжік тілінде білім беретін мектептер 
үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан


369 
гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін 
жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе); 
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; 
3) орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі 
мен әдебиетінен жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы 
орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан; 
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан 
тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, 
француз, неміс), информатика бойынша жазбаша емтихан. 
9 (10)-сыныптың білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының 
материалдарын (тапсырмалар мен балл қою схемалары) облыстардың, Нұр-сұлтан, 
Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, Түркістан облысының 
адам әлеуетін дамыту басқармасы (бұдан әрі – білім басқармасы), республикалық 
мектептердің
9 (10) - сыныбының білім алушылары үшін және мектептердің 11 (12) - 
сыныбының білім алушылары үшін – ҚР БҒМ дайындайды.
Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар мен күтілетін 
нәтижелер әрбір пән мен оқыту тілі бөлінісіндегі ерекшелікпен реттеледі.
Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын мектептер дербес 
әзірлейді. 
Қорытынды аттестаттауды қайта тапсырған 9 (10) сыныптың білім 
алушыларына № 125 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы аттестат 
беріледі. 
№125 бұйрықтың 39 тармағына сәйкес 11 (12) сынып білім алушыларын 
қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі: 
1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер 
үшін ана тілі (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан: 
2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; 
3) Қазақстан тарихынан тестілеу; 
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ 
тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу; 
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, 
дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) 
тестілеу. 
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде «қанағаттанарлықсыз» баға алған
9 (10) сыныптың білім алушылары келесі оқу жылына қалдырылады.
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде «қанағаттанарлықсыз» баға алған
11 (12) сынып оқушылары № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім 
алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтама алады. 
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және ол жақта 
білім беру мекемелерін аяқтаған 11 (12) сыныпты бітірушілер шетелдегі оқуды 
аяқтаған соң 11 (12) сынып үшін Қазақстан Республикасының мектептерінде 
қорытынды аттестаттаудан өтеді. 
Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін мектеп комиссиясының 
шешімімен аталған мектеп бітірушілер «Қазақстан Республикасының бастауыш
негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР 


370 
БҒМ-нің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) 
үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің пәндері бойынша 
аттестаттаудан өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет