Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет62/263
Дата21.05.2022
өлшемі3,91 Mb.
#35213
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   263
Байланысты:
Ыбырай А ӘНХ

26-кесте. «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны. 
Сынып 
Жиынтық бағалау рәсімдері
І тоқсандағы 
ЖБ саны 
ІІ тоқсандағы 
ЖБ саны 
ІІІ тоқсандағы 
ЖБ саны 
ІV тоқсандағы 
ЖБ саны 
2-сынып 




3-сынып 




4-сынып 




«Өзін-өзі тану» оқу пәні 
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: әрбір 
адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа 
шығару; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен 
шешудің іс жүзіндегі дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін 
қалыптастыру; білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни 
адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын 
адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру. 
Бастауыш мектеп білім алушыларының жас ерекшеліктерін ескере 
отырып пәннің негізгі базалық мазмұны төмендегі тарауларға сәйкес келеді: 
«Ғасырлар даналығы», «Ынтымақты отбасы», «Адам болам десеңіз...», 
«Әсемдік әлемінде!» 4-сыныпта 25-26-сабақтардың тақырыбы «Табиғаттың 
жандандыратын күші», 27-28-сабақтардың тақырыбы «Жанды су». 
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға 
1-сыныпта 33 сағат, 2-4-сыныптарда – 34 сағат.
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
 
«Технология және өнер» білім саласының мазмұнына «Көркем еңбек» 
және «Музыка» пәндері енгізіледі.
«Музыка» оқу пәні
«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка 
бойынша 
негізгі 
білімі 
мен 
біліктерін, музыкалық 
іс-әрекеттерде 
шығармашылықпен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін 
меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық 
құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және 
шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. 
«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 
1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 
34 сағат; 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат, 4-сыныпта – 
аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. 
2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ 
қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек. 


80 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет