173
Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру
бойынша ұсынылатын жұмыс алгоритмі:
- өткен оқу жылындағы оқу мақсаттары, оқу бағдарламасының
тақырыптары және күрделі тақырыптар бойынша диагностикалық бақылау
жұмысын жүргізу;
- өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сүйене отырып,
білім алушы меңгере алмаған оқу мақсаттарын айқындау;
- қысқа мерзімді жоспарды жасау кезінде
білім алушылардың игермеген
оқу мақсаттарын, өткен оқу жылының тақырыптарын жаңа оқу жылындағы
бағдарламалық материалдың мазмұнына біріктіру ұсынылады;
- қосымша сабақтар,
зерханалық жұмыстар, «Механика», «Жылу
физикасы», «Электр және магнетизм»», «Геометриялық оптика», «Кванттық
физика элементтері» бөлімдері бойынша консультациялар өткізу.
8-9-сыныптарда:
оқу бағдарламасының «Механика», «Жылу физикасы», «Электр және
магнетизм»», «Геометриялық оптика», «Кванттық физика элементтері»
бөлімдері бойынша білім алушылардың меңгермеген оқу міндеттерін орындау.
Достарыңызбен бөлісу: