Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Кондаков М.И. Мектепшілік немесе мектептанудың теориялық негіздері



бет139/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

3.1.23 Кондаков М.И. Мектепшілік немесе мектептанудың теориялық негіздері

111 бөлім.


Революцияға дейін педагогика мазмұнында мектеп жұмысы, әдістемелік және дидактикалық оқу, мектептің халықпен байланысы жолдары және түрлері, мектепшілік тәртіп ережесі және нормалары, мұғалімдердің нақты жұмыстары болды. Әлеуметтік-экономикалық жетістіктер, ғылыми-техникалық даму мектеп алдына жаңа міндеттер қойды, Мұның бәрі мектепті зерттеу жұмыстарының кеңеюіне әсер етті.
А.Н.Волковский мектепшілік зерттеу жұмыстарын талдау арқылы төмендегідей қорытынды жасады, яғни мектепшілік пәні, мектеп жұмысын басқару үрдісі, әкімшілік, құқықтық, еңбек, этикалық қарым-қатынас. Соңғы бір кітабында ол: «Совет мектебінің зерттеу мақсаты мектеп жұмысын басқару мазмұнын және әдістері, мектеп басшылығы жүйесінің ерекшеліктерін ашу».Н.И.Соцердотов және Н.В.Черпинский мектепшілікті педагогика ғылымының бір саласы ретінде қарастырды. Осындай бағытта мектепшілік педагогика ғылымының бір саласы ретінде зертелуіне байланысты 1960 жылдар педагогикалық әдебиеттер жасалды, біріншіден, мектепшілік пәнін шектеді, өйткені ол мектеп басқару үрдісін зерттейді, екіншіден, тез арада оның ауқымын ұлғайтты, себебі мектепшілік халыққа білім беру жүйесінің барлық бөлігі бойынша басқару заңдары арқылы айқындалады. Мектепшілік дамуы және қалыптасуы көрсеткендей қазіргі кезеңде педагогиканың жеке өзіндік саласы ретінде мектептің көп деңгейлі жүйесін басқару жұмысын, оқу-тәрбие үрдісінде нақты дұрыс пайдалану, өзекті мәселелерді зерттеу бағыттарымен айналысады. Мектепшілік білім жүйесінің өзін сипаттайды, халыққа білім беру және педагогикалық ғылымдардың дамуына үлесін қосады. Совет мектепшілігі мектеп жұмысын басқару және ұйымдастыру үрдісіне мақсатты бағытталған. Ол мектеп басқару жұмысының мазмұныны, мәнін, құрылымын, ұстанымдарын және даму болашағын, мүлтіксіз орындалуын және басқару қызметінің жаңаша ұйымдастыру түрлері, әдістері мен тәсілдерін зерттейді.
Мектепшілік нысаны жалпы білім беру жүйесі және білім беру ұйымдарының көп салалы қызметтері және мектеп жұмысын басқаратын мектеп басшылары болып табылады. Ағарту жүйесіндегі «ғылыми басқару» түсінігі және мазмұнын қарастырсақ М.МүМехти-Заде ағартушылық басқару жүйесінене «іс-шаралар жиынтығы (ұйымдастырушылық, әдістемелік, тәрбиелілік, жоспарлы, қаржылық, жабдықтау, мамандау т.б.), ағарту жүйесі мекемелерінің қалыптылығын қамтамасыз етеді. Одан әрі оның кеңеюі және дамуы саны мен бірге сапалық қарым-қатынасында» деді. Ағарту жүйесін П.В.Худоминский ғылыми басқару, басқару субъектілерінің әртүрлі деңгейіне мақсатты әсерін, жүйелілік, жоспарлау, саналы және мақсатты әсерін (министрліктен мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер) жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру, балаларды, жасөспірімдерді, салауатты және психикалық тұрғыдан дамыту мақсатында анықтайды. Автордың бұл анықтаған түсінігіне қарсы келместен мектеп басқару жұмысында арнайы маманданған әлеуметтік-педагогикалық жүйе, басқару субъектінің мектеп өміріне жан-жақты саналы, жоспарлы және мақсатты әсер етуі жасөспірімдер тәрбиесінеде және білім беруде әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық-ұйымдастырушылық қызмет үрдісімен қамтамасыз ету үшін қажет. Басқарудың осындай қызметін мектеп жұмысын ұйымдастыру, оның барлық компоненттеріне ерекше байланыс ұсынды, бұл байланыс механизміне әсері, төтенше көп жоспарлылық, оқу-тәрбие үрдісінде күрделі және динамизм. Бұл басқару үрдісін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Жсаөспірімдерге білім беру және тәрбие беру саласындағы басқару субъектісі мекемелер және ұйымдардың жиынтығымен Коммунистік партыя басшылығымен оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асырады. Әртүрлі деңгейдегі мектеп жұмысын басқару және басшылық жасау қызметі және міндеттеріне байланысты білім беру саласында «СССР және Одақтас республикалардың халыққа білім берудің негізгі заңдылықтары» бағдарламасы қабылданды. Негізгі бастауы КПСС съезді, СССР Жоғарғы Кеңесі заңдары, КПСС Орталық Комитеті және СССР Министрлер Одағы Қаулыларымен еліміздегі ағарту жұмыстарын дамыту жандандырылды.
Екінші деңгейлі ағартуды басқару СССР ағарту Министрлігі болды. Оның мақсаты жастарға коммунистік білім және тәрбие беру, мектепке дейінгі тәрбиеге басшылық, жалпы орта білім және педагогикалық ғылымдарды дамыту, болашақтағы білі беру саласының дамуын жоспарлау, жалпы орта плитехникалық білім беру және оқушыларды еңбекке дайындау, оқу жоспары жиынтығы, бағдарламалар және оқулықтар. Үшінші деңгейлі басқару-Одақтас республикалардың ағарту Министрлігі. Олар кешенді мәселелер шгешеді. Автономиялық республикалар және өлке, облыстардың жеке білім беру бөлімдерінің жұмысына басшылық жасайды. Төменгі звено ағартушылық басқару ұйымдары білім беру аудандық және қалалық бөлімдері, яғни мектеп ұжымын жұмысқа бағыттаушылар. Барлық басқару ұйымдары нақты жүйе құрайды, мектеп алдында қойылған көптүрлі тапсырмаларды бірге және өзара байланысты шешуді қамтиды. Оқу-тәрбие басқару үрдістегі әдістері және мазмұны белгілі бір шамада педагогикалық ғылымның, дидактика, тәрбие теориясы, психология және тәрбиенің жетістіктерін, жасөспірімдердің психологиялық және физиологиялық дамуын анықтайды. Жасөспірімдерге тәрбие беруде қоғамдық ұйымдар комсомол, кәсіподақ, шығармашыл ұйымдар және ерікті қоғам үлкен әсерін тигізеді. Оқу-тәрбие үрдісінде басқару субъекті мұғалім, тәрбиеші. Тәрбие нысанына қарым-қатынас арқылы ғылым негідерімен қаруландырар (жеке адам, топтық, сынып, аудитория) марксистік-лениндік көзқарас қалыптастырады. Оның дайындығы, педагогикалық шеберлігі ой-пікірі, балаларға сүйіспеншілігіне, жұмыс жетістігіне байланысты.Партиялық- саяси ұйымдар көзқарасымен, әкімшілік-мемлекеттік және қоғамдық сипаттама, коммунистік тәрбие, саяси тәрбие және мұғалімдерге ғылыми-педагогикалық қызмет көрсетуі, оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік-бағдарламалар қамтамасыз ету кездейсоқ емес. Басқару үрдісінде басқарушы жүйенің басқарылуына бір нақты іс-әрекеті шексіз болады. Оның тиімділігі басқару субъект және нысаны арасындағы өзара динамикалық байланыс, олардың арасында тура және жанама кері байланысымен айқындалады. Бұл байланыстың терең талдауы және есебі, барлық кешенді сұрақтарын қамту, мектеп және мұғалімдердің ғылыми-педагогикалық және әдістемелік қызмет көрсетуі, басқару үрдісінің барлық жағынан жетістікті қызмет көрсететін маңызды жағдайы. Басқару субъекті мен нысаны арасындағы өзара байланыс мектеп жүйесінде әкімшілік, құқықтық, еңбек, этикалық және басқа басқару қарым-қатынастары жұмыстың біршама жетістіктеріне жетуіне әсер етеді.
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік жетістіктер орта білім беру және оқу-тәрбие үрдісінде жаңа міндеттер қойды. Бұл тапсырманы орындау мектеп басшылығының ғылыми деңгейін көтеру, педагогикалық-ұйымдастыру жұмыс тәжірибесін теориялық тұрғыдан байытуға байланысты. Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен ұйымдастыруда соңғы жылдары өзгерістерді жүзеге асыру мектеп тәрбие жұмысын басқаруды педагогикалы-ұйымдастыру және теориялық негізіне терең талдауды қажет ету салалары нәтижесінде мектепшілік деңгейі біршама кеңейді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұны және басқа салалар бойынша білім нығайды. Басқару мазмұны басқару нысаны алдында мақсат және міндеттерге байланысты аныталады. Мектепшілік пәні және нысаны оның мазмұнын төмендегінше анықтауға мүмкіндік берді: мектепшіліктің методологиялық және теориялық негіздері; мектеп жұмысын ұйымдастыру, орта білім беру материалдық-шаруашылық тұрғыдан қамтамасыз ету және оқу-тәрбие үрдісін басқару; мектеп жұмысын басқару бойынша жалпы білім беретін ұйымдардың қызмет мазмұны және әдістері, ұйымдастыру; мектепшілік басқару; мектеп және жанұя, қоғамның өзара байланысы; ағарту жүйесінің қызметін материалдық-техникалық және әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайының пайда болуы;
Мектепшілік пәнінің теориялық және методологиялық негіздері мектептіңмазмұны, мәні, пәні, мақсаты және міндеттерін анықтауға педагогика ғылымының бір саласы ретінде айқындауға мүмкіндік берді. Мектеп жұмысын ұйымдастыру оқу үрдісінің материалдық-шаруашылық тұрғыдан қамтылуын және педагогикалық-ұйымдастыру қызметтерінде мұғалімдер және мектеп басшыларының әртүрлі аспектілері мен байланысын қамтиды. Егізгі өзекті мәселе мектеп торын реттеу және жаңарту; мектептер және басқа оқу мекемелері арасындағы жалпы орта кәсіби дайындық, сегізжылдық және орта мектеп құрылымының экономикалық тиімділігі және педагогикалық көзқарастың мақсаттылығы; мектеп ғимаратын педагогикалық-ұйымдастыру талапқа сәйкес жобалау, мектеп жанындағы учаскелер, оның орналасуы, мектепті толықтыру ұстанымдары, табиғи-экономикалық және әртүрлі демографиялық жағдайдағы сыныптар; басқару еңьегі және әртүрлі педагогикалық нормативтер; интернат мекемелерінің негізгі жұмыстарын педагогикалық-ұйымдастыру; оқу-көрнекілік құралдары және техникалық құралдарды педагогикалық-ұйымдастыруды тиімді пайдалану. Бұл әрине, мектепшілік мәселелердің ұлғаюы, жалпы орта білім беруде оқу-тәрбие үрдісін терең ғылыми-педагогикалық қамтамасыз ету. Қазіргі кезеңде мектепті басқару қызметі, құрылымы, педагогикалық ұйымдастыру жұмыстары маңызды міндетттердің бірі. Оның құрамына: оқу-тәрбие басқаруды ғылыми-педагогикалық және әдістемелік қамтамасыз ету, ауданда, қадла, облыс, өлке, автономиялы және Одақтас республикаларда оқу-тәрбие үрдісін тиімді пайдаланудың өлшемдері және көрсеткіштері; әртүрлі иерхиялық деңгейде ағартудың басқару ұйымдарының жалпы және ерекше қызметтері, басқару қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету, ағартуды басқару жүйесіндегі статистикалық көрсеткіш және есеп, мектеп жұмысын кеңейту педагогикалық талдау факторлары; жалпы білім беру ұйым әкімшілігі қыметін ұйымдастыруды жетілдіру, мекеме жұмыстарының әдіс-тәсілдері, білім және тәрбие жүргізу барысындағы әдіс-тәсілдер және түрлері; мемлекеттік және қоғамдық бақылау. Ең маңыздысы әкімшіліктегі басшылардың біліктілігін көтеру және ғылыми қызығушылығын арттыру, кәсби деңгейіне талапшаңдылығын артыру. Қазіргі кезеңде мектеп жұмысын басқаруда қазіргі заманғы техникалық құрал - жабдықтарды пайдалану маңызды болып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, мектеп басқару жетістіктері белгілі шамада басшылардың кәсіби деңгейіне, педагогикалық кәсіби-басқару дайындығына байланысты.Сондықтан мектепшілік басқару қызметі олардың жұмыс әдіс-тәсілдері, мәселелерді талдау, педагогикалық үрдісте басшыларға терең бойлауды қамтамасыз ету, ең алдымен мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттеу әдістері жатады. Мұнда мектеп әкімшілігінің қызметі әдістемелік, педагогикалық ұйымдастыру және бақылау. Мектепшілік педагогикалық ұжымның ұйымдастыру және ұйымшылдығына ғылыми негіздемесін қалыптастыруға, шығармашылық негізге бағыттау, мұғалімдер демалысы және қайырымдылық еңбек жағдайы, педагогикалық шеберлігін жоғарлату жүйесі жатады.
Марксистік диалектика негізінде зертеуге сәйкес мектептің педагогикада біртұтас, нақты әдістері пайдаланады. Онда бақылау, сұхбат, құжаттарды зерттеу, сараптама тәжірибелік жұмыс. Ең көп сараптамалық бағалау, пікірсайыс, мектепті арнайы зерттеу, сұхбат беру, математикалық моделдеу және программалау, кез-келген ұжымның өзара қарым-қатынас сипаттамасын біліу үшін социометрия әдісін пайдаланады. Теориялық-методологиялық және педагогикалық ұйым негізі оның даму деңгейіне, сипатына, құрылымына төмендегідей анықтама береді:мектептің методикалық неіздері; жалпы білім беру ұйымдары қызметін басқарудың теориялық негіздері; мектепшілік басқарудың теориялық және практикалық негіздері;оқу-тәрбие үрдісін оқу-техникалық, материалды-шаруашылық, экономикалық және педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Мектеп басқарудың теориялық және әдістемесі бойынша мектептердің өзара байланысы, жанұя және қоғам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет