Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Оқыту - ғылыми негіздеудің нысанасы



бет68/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

2. Оқыту - ғылыми негіздеудің нысанасы
Бұдан бұрын жасалған педагогика ғылымы мен педагогикалық тәжірибенің арасындағы қатынасқа жүргізілген талдау нәтижесінде келесі осы ұғымдар жүйесінде оқытуды объективті педагогикалық ақиқат құбылыс және ғылыми негіздеу нысаны ретінде айқындауға мүмкіндік алдық.
«Оқыту» деген ұғымның өзі көп мәнді. Ол адамның әлеуметтік тұрмысының маңызды бөлігін қамтиды, бұл ұғым педагогикалық жұмыс авторларына ғана емес, әлеуметтанушыларға да, психологтарға да, философтарға да маңызды. Бұл, гентикалық қасиет бірклеткалы организмнен адамға дейінгі барлық тірі жан үшін маңызды қасиет бола тұрса да, биологиялық ақиқат емес, әлеуметтік құбылыс. Адамды қоршаған әлеуметтік орта күрделенген сайын онымен қарым- қатынас үшін оған неғұрлым күрделі құралдарды меңгеру қажет болады. Бұл өзара байланыста адамның өзі ғана емес, негізгі атқаратын қызметі адамзат қоғамын сақтауды және оның үздіксіз дамуын қамтамасыз ету болып табылатын оның қызметінің нәтижесі де (қару-жарақ, машина, ғылыми және басқа да білімдер) болашақ қызметінің құралдары ретінде қатысады.
Әлеуметтік даму барысында оқыту қоғамдық әрекеттің бөлек, арнайы түрі ретінде қалыптасып, салыстырмалы түрдегі тәуелсіз әлеуметтік құбылыс - әлеуметтік тәжірибені кейінгілерге беру құбылысына айналады.
Бұл жолмен оқытудың пәндік қызметі және қарым – қатынас формасы емес, оның қоғамдық санада белгіленген моделі, сызбасы, жалпы ұстанымдары, нормалары беріледі.
Мұнда, әлеуметтік деңгейде оқытуды қарастыруда оқыту мен тәрбиелеуді ажырату қажеттігі туады. Тәрбиеге қатысты алғанда генетикалық болып табылатын қазіргі әлеуметтік деңгейдегі оқыту тәрбиеге тәуелді үдеріс ретінде қоғам мүшесі адамды мақсатты түрде қалыптастыруда зор рөл атқарады.
Бұл құбылыс екі ұғымды шатастырып, қолданудың дәлсіздігіне әкеледі. Мысалы, оқытудың әлеуметтік тәжірибесінің келесі ұрпаққа берілуі туралы А.Ф. Полторацкий мен В.С. Швырев былай деп жазады: «адамдар өндірісті құрал-жабдықтар көмегімен жүзеге асыруы үшңн арнайы тәрбие мен оқыту жұмыстары жүргізілуі керек».
Л.П. Буева тұлғаның қызметі мәселесіне арналған еңбегінде әуелі әрекет пен қарым-қатынас формасына үйрету, содан кейін қоғамның тәрбиешілік және үйретушілік қызметі қажет дейді.
Педагогика әлеуметтік тәжірибенің берілуін өз бетінше жұмыс жүйесі ретінде ерекше қарастырады. Бұл деңгейде өзінің әлеуметтік мәнін сақтай отырып, оқыту мен тәрбиені қарастыру оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі екі қыры ретінде көрінеді: оқыту – білім, білік, дағдыны және таным қызметінің тәжірибесін беру және меңгеру үдерісі ретінде, тәрбие – дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын, дене дамуын мақсатты қалыптастыру ретінде қарастырылады. Тәрбие тек білімді меңгеру үдерісінде ғана емес, сенімі, моральдық сапалары, мінез-құлқы қалыптасатын оқытумен ажырамас қатынаста болады.
Дегенмен, біздің мақсатымыз оқытудың ғылыми зерттеудің объектісі болуы мүмкін жақтарын айқындау емес, ғылыми негізделуі болып табылатын қырын қарастыру. Бұл жерде әңгіме ғылымды (педагогика, дидактика, әдістеме) негіздеу немесе ғылыми теорияны негіздеу туралы емес, практикалық қызметті негіздеу туралы болып отыр.
Бұл қандай әрекет? Анықтама бойынша, әлеуметтік тәжірибені жеткіншек ұрпаққа берудің тұтас әрекеті емес, тек оның білім, білік және дағды, танымдық қызмет тәжірибесін беретін бөлігі ғана. Практикалық педагогикалық қызмет жобасы осы қызметті жүзеге қалай асыру керектігін қамтитын білімдер жиынтығы.
Қазіргі заманда педагогиканың бұл нормативтік аймағы әртүрлі дәрежедегі білімдердің барынша кең жиынтығы – теориялық жұмыстарда, бағдарламаларда, нұсқауларда, оқулықтарда т.б. берілетін педагогикалық ұстанымдар мен ережелер, әдістер мен тәсілдер, амалдар.
Бұл жұмыстың мақсатына сәйкес біз білімге қатысты бөлігін айқындаймыз. Жоғарыда айтылғандардан осы сала оқыту зерттеу нысаны ретінде ғылыми сипаттама алатындығы белгілі. Бұл кезде бұл сала әртүрлі, оқыту онда әртүрлі дәрежедегі білім жүйесі ретінде көрінеді.
Біз оқытудың жалпы жобасының нақтылыққа жақын, сонда жүзеге асатын, сонымен бірге іс-әрекетке басшылық ететін және оның жүзеге асырылуына құралдар жиынтығы ретінде қолданылатын буыны туралы сипаттауға тырысамыз.
Пәндік оқыту жағдайында, бұл - әрқайсысы нақты пәнді оқытудың құралдар жиынтығы болып келетін оқыту курстары:
а) берілген жағдайдағы нақты мақсатта пәндердің әрқайсысын оқытудың амалдары мен ұйымдастыру формаларына жататын әдістемелік ұйғарым;
б) оқулықтар, көрнекі құралдар, оқытудың техникалық құралдары. Сонымен қатар бұл өзіне барлық ғылыми–зерттеу және әдістемелік жұмыстардың нәтижелерін іске асыратын оқытудың қызметінің соңғы жобалары.
Мұндағы оқыту курсы екі түрлі қырында – оқыту құралдарының жиынтығы және оқыту әрекетінің жобасы – қосымша түсініктемені қажет етеді. «Курс» сөзі педагогикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылатынына қарамастан, оны түсіну және қолдану негізінен интуитивті, нақты анықтамаға құрылмаған. Педагогикалық сөздікте (М., 1960, 592 б.) «оқыту курсы» термині үш мағынаны береді: 1) аяқталған оқу кезеңі; 2) қандай да болсын бір пәннен білім, білік және дағдылар аумағы; 3) оқу орнындағы белгілі бір оқыту сатысы.
Педагогикалық энциклопедияда (1965) туынды түсініктер арнайы ашылған: «курстық жұмыс», «оқытудың курстық жүйесі», «курстық жоба»; курстық жоба бойынша мақаланың авторы, оқыту курсы оқу жылымен теңестіріледі.
Педагогикалық әдебиеттерде соңғы жылдары осы терминдер қолданылып жүрген жағдайларды қарастырайық.
Мектептің қазіргі мәселелері туралы бір мақалада әдебиеттің пропедевтикалық курсы, кірістіріп оқу, талдау, жекелеген шығармаларды есте сақтау; VIIIсынып географиясы курсының мазмұны туралы айтылады. Өзге авторлар мектеп курсын оқытудың ғылыми деңгейі, мектеп курсын жаңарту, оқу курсына діни үгіт–насихат материалдарын енгізу туралы (АҚШ), берілген курс үшін оқу жұмысының негізгі амалдарын іріктеу туралы («Советская педагогика», 1972, № 9; 1973, № 10.).
Терминдердің қолданылуынан тағы да бірнеше үзінділер келтірейік: «оқулық теориясының маңызды талаптары», «оқу курсының берілген тарауының құрылымының логикасын түсінуге көмектесетін жағдайлар», «геометрия курсының тараулары»; «оқулық әрбір мектеп курсының дүниеге көзқарасының үлкен үлесін көрсетеді»; «ғылым негіздері курсы»; «органикалық емес химия курсының негізгі мазмұны периодтық заң мен элементтердің периодтық жүйесін тиянақты меңгеруге негізделген»; «география курсының 1927 жылғы бағдарламасы V сыныптағы жертану курсының, VI сынып КСРО географиясын және VII сыныптағы шетел географиясының жалпы элементтерін қамтыды»; «географияның мектептік курсында оқушылар өз өлкесінің географиясы туралы білім алады», «курста бірінші рет Европаның социалистік жүйе елдері, Азия және Америка елдері туралы оқытылады»; «география курсын меңгеру басқа оқу пәндері сияқты оқушылардың ақыл – ойының дамуына ықпал етеді»; «орыс тілін оқыту міндеттері мен мазмұны тіл туралы ғылымның дамуының мазмұны мен деңгейінде, орыс тілінің оқу курсы ретіндегі ерекшелігі психология мәліметтері арқылы анықталады»; «сегізжылдық мектепті бітірген оқушылар мәтінді түсіну және нағыз күрделі ойларды айта білудің грамматикалық дағдыларын меңгеріп шығулары керек»; «мұндай ұғымдар мектеп курстарында логикалық анықтама ала алмайды (мысалы, физика курсындағы «уақыт» ұғымы)»; «бірақ қоғамтану курсы алғаш енгізілгеннен бастап, кейбір кемшіліктерге қарамастан, жаңа пән оқушыларды қоғамдық – саяси тұрғыда тәрбиелеуге зор ықпал етті», «оқудың психологиялық сипаты тұрғысынан қарағанда бастауыш кезеңде ол аналитикалық амалдардың үлкен көмегі арқылы, одан кейін оқу курсының аяғына қарай синтетикалық амалдардың басымдығымен жүзеге асуы мүмкін», «бұл міндетті табысты орындау үшін мектеп курсын барлық оқу материалын ғылыми идеяларға негіздеп құру керек».
Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болар еді, бірақ осының өзі «курс» ұғымының оқытудың мазмұндық та әрекеттік те жағын анықтауға жеткілікті. Осыдан бұл ұғымның нақты, берілген пән (әдебиет, биология, геометрия және т.б.) бойынша түсінік қалыптастыру үшін педагогикалық ақиқатқа ең жақын, оқытудың мазмұндық та әрекеттік те жағын қамтып отырғанын айту ғана қалады. Бұл ұсыныс оқытудың да, оқудың да құралдарында көрінеді: оқулықта, көрнекі құралдарда, мұғалімдерге арналған құралдарда және т.б.
Оқу курсына, оның компоненттеріне мұндай түсінік беру Дж. Брунердің берген сипаттамаларына сәйкес келеді. Ол оқу жұмысының көптігінен әр мұғалім курсты педагогикалық мақсатта құра алмайды. Сондықтан мұғалімдер қосымша оқу материалдарын қажет етеді дейді. Дж. Брунер оқу курсын әрқайсысы сабақтар сериясында, бір сабақта немесе оның бөлігінде жүзеге асатын материалдар мен жаттығулардың жиынтығы ретіндегі элементтердің (бірліктердің) белгілі бір жиынтығы ретінде түсінуді ұсынады. Дж. Брунердің түсіндіруіінше, курстың негізгі бірлігі алты элементтен тұрады: 1) мұғалімге арналған түсінік хат; 2) оқушыларға арналған сұрақтар; 3) оқушылар үшін материалдар; 4) жаттығулардың үлгілері; 5) құжаттар (есептер немесе оқушылардың орындаған жұмыстарының магниттік жазбасы); 6) ғылыми – көпшілік әдебиеттер, кинофильмдер енетін қосымща материалдар. Әрине, Дж. Брунердің оқу курсының құрылымына көзқарасына, «негізгі бірлікке» берген анықтамасына, жалпы оқыту теориясын құруға талпынысына әртүрлі көзқарастар бар. Бірақ, оның курсқа оқытудың құралдарының жиынтығы ретінде берген анықтамасы назарға алуға тұрады.
Біздің берген анықтамамыз бойынша оқу курсы нысанасы оқыту болып табылатын танымдық әрекеттің нәтижесін көрсететін білім тізбегінің соңғы буыны ретінде қарастырылады. Оқытудың практикалық әрекетінің өзі курсты құрушы үшін зерттеу нысанасы емес, ғылыми білімдерді кешенді қолдануды табатын құру нысанасы болып табылады. Келесі буын – курсты жүзеге асыратын мұғалімнің әрекеті. Курсты құрушы сүйенетін ғылыми білімдер жүйесі оның ғылыми әрекеттің нәтижесі ретіндегі статикалық түрдегі ғылыми негіздемесі болып табылады.
Егер «әрекет жобасы» адам әрекетінің кезкелген түріне жататын кең ұғым болса, онда «оқыту курсы» осы пәнді оқыту әрекетінің соңғы жобасы ретінде педагогикалық түсінік болып табылады. Компоненттері құралдары болып енетін іс-әрекет қоғамдық ғылым ретіндегі педагогикалық тұрғыда анықталуы керек.
Оқытудың педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларына жасалған талдау олардың педагогика ғылымның нысанасы ретіндегі құбылысты қамтуға жеткіліксіз екенін көрсетті. Оларда оқыту жеке субъектілер – оқушы мен мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқыту – оқушы мен мұғалім жүзеге асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты оқушының да әрекеті»; «Оқытуда барлық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту – мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пәнді оқыту барысындағы оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының материалды оқып–үйренуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс- әрекеті. Оқу (үйрену) – оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының түсіндіргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды ойға тоқудағы, білімді бекіту мен қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын саналы қызметі». «Дидактика негіздерінде» оқыту үдерісі мұғалімнің оқушылардың білім, білік және дағды жүйесін меңгеруге бағдарланған іс-әрекетіне басшылық бағытындағы жүйелі қызметінің жиынтығы. Соның нәтижесінде оқушылардың танымдық күшін дамыту, ақыл–ой және дене еңбегі элементтерін игерту, дүниеге көзқарасын және тәртібін қалыптастыру жүзеге асады.
Бұл анықтамалардың барлығында да оқыту өзара байланысты, бірақ екі дербес субъектінің – мұғалім мен оқушының жеке әрекеттерінің жиынтығы ретінде көрсетілген.
Біздің ұсынып отырған «оқыту» ұғымының анықтамасында неғұрлым терең философиялық негіз бар. Адам әрекетінің формалары және оның ойлау формасы жеке адамның еркінен және санасынан тыс, мәдени жүйенің тарихи дамушы формасы ретінде қалыптасады. Ал, бұл жүйе «психология заңдары бойынша, қоғамдық сананың дамуы жай ғана психикалық үдерістердің арифметикалық қосындысы ретінде дамымайды, жалпы алғанда қоғамның материалдық өмірінің дамуының заңдарымен басқарылатын ерекше үдеріс»
Жіктелу әлеуметтік деңгейден белгілі бір иерархияны құрайтын басқасына ауысу кезінде басталады.Ұғымның белгілі бір жүйесінің осы немесе басқа деңгейге жататыны адамның немесе ұжымның әрекетінің дербес субъектісінің бастапқысы ретінде алынатын алынбайтындығына байланысты. «Бірінші жоспар зерттеуді өзара жеке қарым–қатынас деңгейінде, ал екіншісі – топаралық, қоғамдық қарым–қатынас деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді».
Оқыту ғылыми ұғымдардың әртүрлі жүйесінде бейнеленетін әлеуметтік болмыстың күрделі құбылысы. Сондықтан оқытудың құбылыс ретіндегі ақиқаттығы мен белгілі бір ғылымдар жүйесіне тиісті ұғым ретіндегі айырмасын ажырата білу керек. К.К. Платонов ғылым нысанасы ретіндегі бейнеленуі мен ғылымның пәні ретіндегі бейнеленуін ажырата білу қажеттілігі субъективтік шындықты объективтікпен, жеке, топтық немесе қоғамдық сананы тұрмыстықпен шатастырғанда туады деп әділ айтқан. Ғылыми әдебиеттердегі оқытудың әртүрлі сипаты, бздің пікірімізше, осындай жағдай туралы. Оқыту құбылысының әртүрлі деңгейде: жалпы педагогикада, дидактикада, әдістемеде, психологияда бейнеленуінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық.
Педагогика деңгейінде оқыту – қоғамдық тәжірибені өскелең ұрпаққа беру әрекеті - педагогикалық әрекеттің тұтас қыры ретінде көрінеді.
Дидактика деңгейінде оқыту – білім беру мазмұнын үйрету мен үйренудің бірлігі түрінде көрінеді.
Әдістеме деңгейінде оқыту – оқыту (сабақ беру) әрекеті мен нақты оқу пәнінің материалдарын оқып–үйренудің бірігуін жүзеге асыру формасы ретінде көрінеді.
Психология деңгейінде оқыту – мұғалім мен оқушының нәтижесінде оқушының интеллектісін байытып, психикалық дамуы жүзеге асатын өзара іс-әрекетінің жиынтығы ретінде көрінеді.
Бұл айтылғандардан, егер педагогикалық әрекет жобасы ұғымы жалпы педагогика деңгейінде пайда болып және қоғамдық тәжірибені кейінгіге беруде мақсатты әрекетті реттеп отыратын барлық нормалар мен бағдарламалардың жиынтығын көрсететін болса, онда оқыту курсы педагогика ғылымының қағидаларын нақты оқу пәніне және нақты оқытуға жеткізе өрістетуде «соңғы инстанция» болып табылады. Соңғы компонент - мұғалімнің әрекеті компонентін Н.В. Кузьмина психологиялық зерттеулерінде болашақ мұғалімнің әрекетін жобалауды қамтитын және оның өзіндік әрекеті мен оқушының әрекетін құрастыру қызметі деп атайды. Бірақ бұл оқытудың курс жүзеге асатын нағыз практикасы, нағыз педагогикалық ақиқат. Көрсетілген деңгейлердің нақты ғылыми–педагогикалық ақиқатпен қалай сәйкесетінін проблемалық оқыту мысалында көрсетуге болады.
Педагогика деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес оның дамуының осы кезеңінде проблемалық оқыту идеясы мәдениеттің белгілі бір бөлігін кейінгіге беру бағытындағы педагогикалық ақиқаттың бір бөлігі ретінде пайда болады.
Дидактика деңгейінде проблемалық оқыту оқушыларға білім беру мазмұнының белгілі бір бөлігін беру бағытында оқу әрекетінің ұстанымдарын жүзеге асырушы ретінде көрінеді. Бұл деңгейде оқушылардың танымдық дербестігін дамыту міндеттерін және оқыту әдістемесінде проблемалық оқытуды жүзеге асыратын әдістер мен ұстанымдарды жасау жұмысы жүргізіледі.
Әдістеме деңгейінде проблемалық оқыту оқушыларға пәннің оқу материалы негізінде шығармашылық танымдық әрекет тәжірибесін беруге бағытталған оқу қызметінің формаларының жиынтығы ретінде көрінеді. Бұл деңгейде проблемалық жағдаят (психологиялық емес, дидактикалық тұрғыда), әр пән бойынша танымдық міндеттер жүйесін жасау жұмысы жүргізіледі. Сөйтіп, оқыту курсы әдістеме деңгейінде жасалады.
Осы айтылғандардан оқыту құбылысын тануда ғылыми ойлар қозғалысы қажетіне қарай әлеуметтік деңгейде басталуы керек екені көрінеді.
Оқыту (үйрету) және үйрену - әлеуметтік құбылыс болып табылады. Олардың бірлігі оқытудың ерекшелігін сипаттайды. Педагогика ғылымы бұл бірліктің әртүрлі формаларын педагогикалық ақиқат негізінде зерттейді және негіздейді. Сөйтіп, мұғалім мен оқушы әрекетінің бірлігі оқытудың өзін құрамайды, тек оны жүзеге асырады. Бұл тарауда ұсынылған оқытуды қарастырудың тәсілдері қызмет бағдарламасы нағыз әрекет кезеңіне айналғанда және осының арқасында оның ұжымдық субъектілері мүмкін болғанда қоғам дамуының белгілі кезеңінде пайда болған объективті факторларға сүйенілген.
Барлық айтылғандарды қорытындылай келе, ғылыми негіздеу оқытудың өзі емес, ол туралы ерекше әрекет жобасы түрінде түсінік беру. Айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады:
1. Оқыту әлеуметтік болмыстың нақты құбылысы ретінде түрлі ғылыми абстракция деңгейінде, ғылыми білімнің түрлі жүйесінде түрліше көрінуі мүмкін. 2. Әлеуметтік деңгей – оқыту құбылысын ғылыми талдаудағы бастапқы деңгей.
3. Оқыту ғылыми негіздеуге қатысты тұтас алғанда зерттеу нысанасы ретінде емес, құрастыру нысанасы ретінде болады.
4. Ақырында оқытудың әрекетінің өзі емес, мұғалім мен оқушының өзара әрекетін көрсететін материалдар жиынтығынан тұратын оқыту жобасы ғылыми негізделеді.
5. Оқыту курсы әдістемелік деңгейде жасалады, ол оқытудың ең соңғы жобасы және сонымен қатар ғылыми негіздеудің де соңғы нысанасы болып табылады.
3– ТАРАУ. Оқытуды ғылыми негіздеудің құрылымы



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет