Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет76/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   160
Леднев В.С
(1932)


Көрнекті педагог, ПҒА академигі (1992), педагогика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1982), 1932 жылы Брянск облысының Ярцево селосында дүниеге келген. Мәскеудің ауыл шаруашылығы өндірісі инженерлері институтын 1955 жылы бітірген.
1961-65 жылдары Мәскеу мемлекеттік педдагогикалық институты жанындағы мектеп-зертханада дәріс берді; 1965 жылдан ПҒА мекемелерінде жұмыс істеді: 1988-92 жылдары мектеп жабдықтары мен техникалық оқу құралдары институтының директоры, 1992-95 жылдары Жалпы білім беретін мектеп институты директоры болды. 1992-93 жылдары ПҒА жалпы орта білімі беру бөлімінің академик ұйымдастырушысы.
60 -жылдардың басында кибернетиканың жалпы білімдік курсын мектепке ендіру мүмкіндігін негіздері, курс мазмұнының тұжырымдамасын даярлады. В.С.Леднев мектепке информатика пәнін енгізудің эксперименттік бағдарламасын 1961 жылы ұсынды
В.С.Леднев жалпы білімнің құрылымы мен мазмұны теориясын жасады. Ғалымның зерттеулері білім мазмұны - адам әрекеттінің тұрақты құрылымы мен зерделеудің жиынтық нысаны құрылымына негізделіп құрылатынын дәлелдеді.. Оның беру мазмұны теориясы жоғары білім беруге таратылды. Сөйтіп, ол үздіксіз білім берудің мазмұны мен құрылымының жалпы теориясының негізін құрды.
Шығармалары: Об изучении элементов кибернетики и автоматики в ср.школе. М., 1962, Начала кибернетики.М., 1967, Классификация наук М., 1971, Содержание общего ср. образования.М., 1980, Структура пед.науки М., 1991. Содержание образования: сущность, структура, перспективы. М., 1991, Структура научного знания, М., 1995.


3.1.6 Леднев В.С. Білім беру мазмұны: мәні, құрылымы, келешегі


3- тару. Білім беру мазмұнын құрудың ұстанымдары
Білім беру мазмұны мәселесін зерттеудің ұзақ жылғы тәжірибесі педагогика саласының әлсіз тұстарының бірі - бұл теорияны дамытуда П.Ф. Каптерев, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, А.Т. Калашникова, С.Г. Шаповаленко және т.б. сияқты көрнекі педагогтардың іргелі еңбектері бола тұрса да, білім беру мазмұнын құрылымдау екендігіне көзімізді жеткізді. Соңғы уақытқа дейін білім беру мазмұнын құрылымдаудың көптеген маңызды ұстанымдары мен заңдылықтары (білім беру компоненттерінің қызметтік толықтығы ұстанымдары, бұл компоненттердің жалпы жүйеге қосарланып енуі т.б.) айтылмай келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет