Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет78/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

3.2. Құрылымның негізгі типтері

Құрылымның типтері көп. Олар әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі, бірақ бұл философиялық – математикалық мәселе. Біздің мақсатымызға орай екі өлшемге сәйкес құрылымды қарастырамыз. Әуелі айқындалу белгісі автономиялық элементтер дәрежесі болып табылатын құрылым туралы. Бұл көзқарас тұрғысынан екі айрықша типтің құрылым мен компоненттердің бөлінуінің екі тәсілін белгілеуге болады. Бұл айрықша типтер арасында көрсетілген белгілерге сәйкес қойып, басқа да жүйелерді орналастыруға болады. Біріншіден, бұлар элементтердің дербес құрылымды жүйелері. Бұл - элементтер ең болмағанда бір жүйеде жұмыс істейтін, бірақ басқа да жүйелерге ауыстыруға мүмкін болатындай дәрежедегі өзіндік дербес тұтастығы бар жағдай. Мұндай жүйенің мысалы ретінде көптеген техникалық жүйелер, мысалы, қозғалтқышын алып басқа машинаға салуға болатын автомобиль.


Білім беруде де мұндай мысалдарды табуға болады. Мысалы, жалпы білім беретін оқу пәні дәл осы атпен мектептің жоғары сыныбында, техникалық лицейде, колледждерде оқытылуы мүмкін. Екіншіден, имплицитті құрылым деген бар, мұндай құрылымдар жүйені бақылаушыларға көрінеді, бірақ жүйеден бөлінбейді. Бұл жүйенің құрылымдық проекциялары немесе оның кесінділері. Бұлар ерекше құрылымдар. Олар жүйені қандай да бір көзқарас тұрғысынан анық, нақты бейнелейді, бірақ сонымен қатар олар абстрактілі. Мұндай құрылымдармен біз бұрын тұлға құрылымының мәселесін талдау кезінде кездестік. Білім беру мазмұны бойынша да осылай. Оның көптеген құрылымдарын тұтас нақтылықтың проекциясы ретінде қарастыруға болады. Олар имплицитті типке жатады.
Құрылымды айқындаудың басқа бір тұрғысы бір жүйенің өзара байланысты екі құрылымшасының бөлініп шығуымен байланысты. Бұлар ішкі және сыртқы құрылымдар. Ішкі құрылымдар сыртқыға қарағанда әлі онша анық болмаса да базистік болып есептеледі. «Ішкі» және «сыртқы» - терминдері жалпы алғанда шартты болып табылады, себебі қандай жағдайда да ішкі қайда, сыртқы қайда екенін ажырату қиын.
Жүйенің әртүрлі негіз бойынша айқындалған ішкі және сыртқы компоненттерінің жиынтығы әдетте бір жүйенің құрылымшасы ретінде қарастырылады. Мұндай құрылымшалардың айқындалып шығуының қажеттілігі педагогикалық жүйелерге тән құбылыс. Мұндай құрылымшалардың компоненттерін айқындау және белгілеу өте қиын. Қарастырылған екі тұрғы да жақын арада дүниеге келді, олар әлі де білім беру теориясында жаңа мүмкіндіктер ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет