§3. Ұғымдар анықтамасы Ұғымдар анықтамасы дегеніміз – (лат. defiaitio) логикалық операция, бұл процесс кезінде ұғымның мазмұны анықталып, айрықша белгілер көрсетіледі. Ұғымды анықтау, яғни, анықталатын заттың басты қасиеттерін қысқаша формада көрсету деген сөз. Ұғымдарды дәл анықтау, олардың ережелерін білу – ғылым мен практиканың барлық саласында үлкен мәнге ие. Ерте заманнан бері көптеген философтар осы мәселемен айналысты: Демокрит (б.э.д. 460-370 ж.ж.) «Логика туралы» трактаты, Сократ (б.э.д. 469-399 ж.ж.), Платон (б.э.д. 428-347 ж.ж.), Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.ж.), Т.Гоббс (1588-1679 ж.ж.), т.б.
Ұғымдарды анықтауға К. Маркс, Ф. Энгельс, В.И. Ленин де атсалысты. «Ұғымды анықтау заттың белгілерін атау деген сөз емес. Ұғымды анықтау дегеніміз – оны дамыту, түйін сызығына ұғымдық алмасуларды енгізу, теориялық құрылымды анықтау» – дейді В.И. Ленин.
Ұғымды анықтау тәсілдері. Логика шынайы белгілерді ашуға мүмкіндік беретін ұғымдарды анықтаудың тәсілдерін көрсетеді. Ұғымды анықтаудың бірнеше тәсілі бар: жақын түбірі мен түрлік айырмашылығы бойынша анықтау, генетикалық анықтау – заттың құрылу тәсілін көрсету арқылы анықтау. Сонымен қатар номиналды анықтауды (берілген ұғымды білдіретін сөздің, терминнің немесе атаудың мәнін түсіндіру) ажыратады. Анықтаудың алғашқы басты тәсілі түбірді көрсетуден басталады. Мұнда түр ретінде анықталатын ұғым кіреді (genus proximum). Ұғымды анықтаудың бастауы – бұл ауқымды ұғымды табу. Екінші кезең – анықталатын ұғымның түрлік айырмашылығын (differentia specifica) көрсету. Әрбір түбірге көптеген түр кіреді. Ұғымды дәл анықтау үшін, берілген түрдің мазмұнын табу керек.
Ұғымды жақын түбірі және түрлік айырмашылығы арқылы анықтау тәсілін алғаш рет Аристотель енгізді. Ол дәстүрлі логикамен кабылданған анықтаудың ережелерін де қалыптастырды. Мысалы, К. Маркс өзінің «Капитал» деген жұмысында еңбектің тәсілдерін анықтайды: «Еңбек тәсілі дегеніміз – бұл заттар кешені. Адам оның көмегімен әсер ете алады».
Жоғарыда біз қозғалтқыштың классификациялық схемасын қарастырған болатынбыз (5.а.-сурет). Қозғалтқыштың әрбір түрін анықтағанда оның белгілері көрсетіледі. Осылайша, көрсетілген қозғалтқыштың барлық түрлерінің жақын түбірлік ұғымы – бұл «қозғалтқыш», ал түрлік айырмашылығы жоғарыда айтылған болатын.