Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет101/161
Дата04.11.2023
өлшемі2,59 Mb.
#121815
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   161
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Анықтаудың құрылымы. Түрлік айырмашылық екі бөліктен тұрады: анықталатын ұғым және анықтайтын ұғым. Анықталатын ұғым – бұл шынайы белгілері ізделінетін ұғымдар, ал анықтайтын ұғым – түбірлік және түрлік белгілерді бейнелейтін ұғымдар. Түбірлік ұғым – бұл жалпылама ұғым, оның көлеміне анықталатын ұғым кіреді. Мысалы, «Электрлік қозғалтқыш» ұғымын анықтау келесідей болады: «Электрлік қозғалтқыш» дегеніміз – электрлік энергияны механикалық (түрлік айырмашылық) энергияға айналдыратын қозғалтқыш (жақын түбірі). Мұнда бірінші орында – анықталатын ұғым, «электрлік қозғалтқыш», екіншісі – бағынышты (түбірлік) ұғым «қозғалтқыш», үшіншісі – түрлік айырмашылық «электрлік энергияны механикалыққа айналдыратын».
Барлық қажетті белгілері көрсетілген анықтама «толық анықтама» деп аталады. Егер де анықтамада барлық қажетті белгілер көрсетілмесе, ол толымсыз деп аталады.
Ұғымдарды анықтау ережесі. Логика қойған бірқатар талаптар ұғымды анықтауды қанағаттандыруы керек. Бұл талаптар – анықтау ережелері деп аталады. Ондай ереже бесеу. Ереженің біреуі бұзылса, ұғымды анықтауда қателік кетеді, яғни ұғымның мазмұны дұрыс ашылмайды. Осы ережелерді қарастырайық:
1. Анықтама өлшемді болуы керек, анықталатын ұғымның көлемі бірдей болуы қажет. Жоғарыда келтірілген электрлік қозғалтқыш анықтамасы осы талапты қанағаттандырады. Бұл ереженің бұзылуына мысал қарастырайық: «ұшақ – бұл машина» немесе «қозғалтқыш – бұл машина», т.б.
2. Түбірлік белгі жақын жоғары ұғымды көрсетуі керек. Осы ережеге сәйкес, ұғымды анықтағанда алшақ түбірді алуға болмайды. Ереженің бұзылғандығын көрсететін мысал: «Бу турбинасы бу энергиясын механикалыққа айналдыратын қозғалтқыш».
3. Түрлік айырмашылық бір түбірге қатысты, тек берілген ұғымға тән белгілер немесе белгілер тобы болуы керек. Бұл ереженің бұзылу мысалы: «Күшті өлшеуге арналған құрал пружинді динамометр деп аталады». Мұндағы белгі (күшті өлшейтін құрал) – тек пружинді динамометрге ғана ортақ емес;
4. Анықтама тек теріс болмауы керек. Теріс анықтама шынайы белгілерді көрсетпейді, ұғымның мазмұнын ашпайды.
5. Кез келген анықтама түсінікті болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет