Жоғары мектептің мақсат-мүддесі
Жоғары мектеп алдында тұрған мақсат – білім беру ісін жетілдіру, ғылыми іс-әрекетті жетілдіру, оқыту теориясын жан-жақты өсіруді, жасауды талап етеді. Бүгінгі таңда ғылым ұлы мұхит сияқтанып, шетсіз-шексіз ғарышқа ұқсап тұрған шақта, оқыту, білім беру процесін теориялық бағыт-бағдар қажет-ақ.
Қазіргі заманғы жоғары мектепетегі оқыту, білім беру процесіне орай, білікті де білімді, кәсіби маман кадрлерді дайындау үшін, міндетті түрде мықты теория жасау керек. Оқыту білім беру бағытындағы ғылыми теория білім беру ісінің ғылымымен, техникамен, мәдениетпен, өндіріспен байланысын егжей-тегжейлі талдап, айқындап көрсетіп береді.
И. Лингарт оқу жүйесіндегі ғылыми теорияның бес мақсат-мұратын көрсетеді. Олар:
1. Оқыту жүйесін жөнге келтіріп, ұйымдастыру;
2. Ғылыми ұғым мен категорияларды қалай айқындау жолдры;
3. Ғылыми дамуды анықтау;
4. Ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерді айқындау;
5. Бұл теорияның ғылыми тұрғыда қалай пайдалануына жол көрсету /Лингарт И. Оқытудың үрдісі мен оның құрылымы. М. 1970 ж/.
Ғылым мен техниканың дамуын оқыту, білім беру процесінде жаңаша жұмыс жасауды, талмай ізденуді қажет етеді.
Жоғарғы мектептің оқытушысы ғылыми маман, ғалым, сонымен қоса, ол педагог. Жоғарғы мектеп оқытушыларына қойылар талап шаш етектен. Оған өз саласының мықты маманы болу-аз. Мұнымен қоса, білім беру ісін жан-жақты меңгеруі тиіс. Студентеріне тәлім-тәрбие беруі керек. Студент-жасты адам ету, азамат ету оп-оңай шаруа емес. Бұл жолда жатпай-тұрмай, ерінбей-жалықпай, шаршамай-шалдықпай тер төгуге тиіссің.
Мақсатымыз не?
Жоғарғы мектептегі оқыту, білім берудің негізін не құрайды? Ол қайдан бастау алады? Мәселе осында. Бұл жерде де біз оқыту, білім берудің классикалық үлгісінен қашып құтыла алмаймыз.
Классикалық дидактиканың бастауы Платон мен Аристотельде жатыр. Платон Адам мен бүкіл ғаламды қалай тану керегіне жөн сілтеді. Платон білім беру ісін екі ат жеккен арбаға теңеді. Ақыл мен сезім, бұл тұста, тең түсуі тиіс.
Аристотель тәрбие мен білім беру ісін адамның тұрмыс тіршілігі мен көңіл күйіне орайластыруды қолайлы көрді.
Ян. Амас Каменский ХVІІ ғасырда «Ұлы дидактика» атты еңбегінде оқыту теориясының негізгі бағыт-бағдарын жасады. Ол осы классикалық шығармасында оқыту қағидасының бір қатар ережелерін көрсетіп берді. Үлкен ғалымның сол кездегі айтқандары әлі күнге дейін аз құнын жойған жоқ десек, артық айтқандық емес. Мәселен, «Бір нәрсені танып-білу – оны түсініп-түйсінуден басталады». «Ешкімге ештеңені кеуде қағып тұрып жеткізе алмайсың, оны ақылмен, жақсы көңіл-күймен, тек нақты дерек арқылы ғана көкейіне құясың» ғалым сөзі болып келеді.
Я.А. Коменский жүйелі түрде оқыту, білім беру ісіне қаты көңіл бөлді. Оны маңызды деп тапты. «Біреу үй соқты дейік. Ол оны шатырын жабудан бастамайды. Қабырғасын тұрғызудан бастайды. Ол ең әуелім ірге тасын қалайды. Содан кейін барып басқа жағына кіріседі. Әр іс бірімен-бірі байланысты болса – игі. Рет-ретімен болса жарасады».
Я.А. Коменский жоғары білімді адамның, ой-өрісі болуы үшін, түрлі-түрлі елдерді аралап, ел көріп, жер көргеннің бедері көп екенін шегелеп айтады. Үлкен ғалым айтқан көп қағидалар әлі күнге дейін күшін жойған жоқ.
Дидактика жүре келе толыға-молыға түсті. Бұған үлес қосқандар: Д. Локк, Ж. Руссо, Д. Гельвеций, И.Г. Пестолоци, И. Гербарт т.б.
Бұл оқыту теориясына көптеген оқымысты ағартушылар өз үлестерін қосты. Атап айтар болсақ, В.Г. Белинский, А.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, Д.И. Писарев, А.И. Герцен, В.Я. Стоюнин, К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев, Л.Н. Толстой және басқалар.
Сол сияқты, кешегі өткен Кеңес дәуірінде Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий және тағы басқалар да қомақты дүниелер жасады.
Жоғарғы мектепте оқыту, білім беру ісіне кезінде көп оқымысты ғалымдар қатты көңіл бөлді. Олар: М.В. Ломоносов, Н.И. Лобачевский, Д.И. Менделеев, К.А. Тимерязев, Н.Е. Жуковский, Н.А. Умов, М.В. Остроградский, Л.И. Петрожицкий, И.П. Павлов, Н.И. Пирагов, В.И. Кирпичев, И.М. Соловьев, А.Н. Чапылыгин, А.П. Минаков т.б.
Педагогика саласында жоғарғы мектеп жайлы жарық көрген еңбектерді атап өткен ләзім. Олар: С.М. Василейский «Жоғары мектептегі дәрістік оқыту», С.И. Зиновьев «Кеңестік жоғарғы мектептегі оқыту үрдісі», «Қоғамдық ғылымдарды оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері» (Мәскеу университетінің басылымы). «Жоғарғы мектеп педгогикасы», (П.М. Гапановтың басшылығымен шыққан жинақ), «Жоғарғы мектептегі педагогика пәндерін оқыту мәселесі» (Н.Н. Мартыновтың жетекшілігімен жарық көрген жинақ), «Жоғарғы мектеп педагогикасы, психологиясы мен дидактика мәселелері» (К.И. Васильев жетекшілігімен шыққан), А.В. Кузминаның «педагогтің оқыту, білім берудегі іс-тәсілдері», «Жоғары мектеп студенттерінің білімін бағалау» (Б.Г. Иогазеннің жетекшілігімен), «Жоғары мектептегі оқытудың әдіс-тәсілдері» (Р.А. Низамовтың жетекшілігімен), «Жоғары мектеп педагогикасы жайлы, ой-толғамдар» (И.А. Рейгарда) т.б.
Бұл салада, Ресей педагогикасында, көптеген игі істер атқарылды десек, артық айтқандық емес.
Т.А. Ильина, И.Я. Конфедерав, К.Г. Макварт, А.И. Донский, Г.Н. Александров, Н.Ф. Талызина, А.И. Щербаков, Н.Д: Никаноров және тағы басқалар. Қыруар жұмыс жасады. Дүниеге сан туындылар әкелді. Елеулі еңбек етті. Жоғарғы мектептің ғылымы мен педагогикасын ауыз толтырып айтарлықтай, айтулы үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |