Дидактиканың негізгі заңы
Бұл оқыту, білім берудің негізгі Заңы, бағыт, бағдары педагог-ұстазға келіп тіреледі. Оқытушы, мұғалім оқыту, білім беру үрдісінде оқушыларының белгілі дәрежеде ілім-білім игеруін қамтамасыз етеді. Оның, білім меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін, амал-айласын қарастырады.
Педагог үлкен сенімге ие болуы тиіс. Ол үлкен тұлға болуы қажет. Педагог бойында зор талап-талғам, этика болса құба-құп.
Жоғарғы мектептегі оқыту, білім берудің өзіндік ерекшелігі, қыры-сыры бар. Жоғарғы мектеп оқытушысы жәй ғана шәкіртке әр түрлі хабар жеткізуші ғана емес. Ол – ғалым адам. Ол студенттерді ғылыми және шығармашылық жағынан ұштап, баулып, жақсыға жетелеп, кәсіби білгір маман болып қалыптасуына қолғабыс етуі тиіс.
Білім беру, оқыту ұстанымдары
Дидактика, негізінен, мына ұстанымдарға арқа сүйейді: ғылымилық, жүйелік теория мен практиканың байланысы, оқытудың, білімнің көкейге қонымдылығы, сіңімділігі т.б. Бұл ұстанымдардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.
Ғылыми ұстаным
Бұл ұстаным бүкіл оқыту, білім беру жағдаяттары бүгінгі таңдағы ғылыммен тығыз байланысты болуы керектігін алға тартады.
Бұл ұстанымның жоғарғы мектепте оқыту, білім беру теориясына етер ықпалы, маңызы өте зор. Оған күдік келтіруге тіпті де болмайды.
Жоғарғы мектепке орай ғылыми ұстаным аса қажет. Ғылыми ұстаным көптеген мәселелердің басын ашып алуға көмектеседі. Мәселен, мынандай:
Оқыту пәндеріне енетін жаңалық атаулының мән-мағынасын елеп-екшейді, түсіндірді.
Жинақталған ғылыми жаңалықтарға жаңаша баға береді.
Оқыту ісін талдап, ғылыми тұжырым жасайды.
Оқыту, білім беру деңгейі мен мазмұнының ара жігін айқындап, ғылыми мазмұнын анықтайды.
Кімде-кім сөз болып отырған ғылым айдан анық нәрсе, оған түк алып-қосарымыз жоқ десе, қатты қателеседі.
Жоғарғы мектептегі оқыту, білім беру үрдісі үздіксіз даму, өсу, өркендеу үстінде. Жыл сайын емес-ау, күн сайын ілгерілеуде Ғылым мен техника үздіксіз даму, өсу, алға жылжуда болса, одан біз қалмауға тиістіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |