Леонид Владимирович Занков ( 1901-1977)
Л. В. Занков дидактика мәселелерін зерттеуші ғалым. Ол кеңес мектебінің негізгі міндеттерін мектептің тәжірибесін талдаумен тығыз байланысты зерттеді. Ол «Дидактика және өмір» атты еңбегінде мектептің оқушыны дамытуына баса назар аударып, эксперименттік оқыту принциптерін, осы бағыттағы мектеп тәжірибесінің нәтижелерін ашып көрсетті.
Кіріспе
Бұл кітапта кеңестік дидактикада бұрын соңды зерттелмеген немесе жалпылама қаралған бірқатар мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар дидактикалық принциптер мен әдістердің жаңа аспектілері көрсетіледі. Әсіресе оқушыны оқыту мен дамытудың ара қатынастарына ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл еңбекте эксперименттік дидактика зертханасының, кейінірек – 1952 жылдан Педагогика ғылымдар академиясының Теория және педагогика тарихы институтының тәрбиелеу және дамыту зертханасының жүргізген зерттеулері ұсынылады.
Зертханалық зерттеулермен бірге, қазіргі заман сұраныстары мен кеңестік мектептің даму болашағына қызмет ететін, басқа да дидактикалық материалдар зерттеледі.
Оқыту мен дамыту (эксперименттік-педагогикалық зерттеулер). М.Н.Скаткин дидактиканың теориялық мәселелері қатарында, оқыту мен дамытуды қарастырады. Ол былай дейді: «Оқыту мазмұны мен әдістерін зерттеуде, оқыту мен дамытудың байланысы ауқымды өзектілікке ие болады».
Бастауыш оқытудағы эксперименттік жұмыс оқушылардың жалпы дамуына бағытталады.
Дидактикалық және психологиялық еңбектерде (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, М.А.Данилов, Г.С.Костюк және т.б.) мынадай терминдер қолданылады: «даму», «жалпы даму», «ақыл-ой дамуы», «жалпы ақыл-ой дамуы». Бірінші аталған термин көп мағыналы және мәтіннің астарлы мағынасына байланысты жалпы дамуды немесе дамудың бір түрін білдіреді.
«Ақыл-ой дамуы» терминінің мағынасына, көптеген авторлар ең бастысы ойлау үдерістерінің дамуын, ақыл-ой әрекеттері мен тәсілдерін жатқызады. Мәселен, Д.Н.Богоявленский мен Н.А.Менчинская былай дейді: «Ақыл-ойдың дамуы үшін тек білім қорын жинақтап қоймай, өзіндік ақыл-ой тәсілдерінің операцияларын, «іріктелген» және мықты бекітілген қорын интеллектуалдық дағдыларға жатқызуға болады».
Ақыл-ой дамуын Л.С. Выготский өзгеше түсінген. Ол оқыту мәселесі мен ақыл-ой дамуын зерттеуде ғылыми және өмірлік түсініктерді салыстырмалы қолданған (психологияда бұл мәселе ойлау саласына жатады), ақыл-ой дамуын тек кең ауқымда ғана емес, сапалы жаңа мағынада қолданған. Осы айтылғандарды Л.С.Выготский талдай отырып, былай деп жазған: «оқушының ақыл-ой тәрбиесіндегі орталық мәселе – саналылық пен ырықтылықтың даму мәселесі».
«Жалпы даму» термині кең ауқымдағы мағынада физикалық және психикалық дамуды қамтиды. Адамның біртұтас дамуын шешетін маңызды жолдардың бірі, дамудың осы екі қырының байланыстарын анықтау. Өкінішке орай, кіші жастағы оқушыларды оқытудағы физикалық пен психикалық дамудың ара қатысын анықтайтын арнайы эксперименттік-педагогикалық зерттеу жүргізілмеген. Сондықтанда, бізге баланың физикалық және психикалық дамуының ара қатысын шектеуге тура келеді.
Қорыта келе, бұл кітапта жалпы дамуды психикалық әрекеттің жан-жақты дамуы деп қарастырады. Бұл жағдайда жалпы даму ақыл-ой дамуынан ерекшеленеді, ол тек қана танымдық үдерістерді ғана емес, ерік пен сезімді де қамтиды. Белгілі болғандай, психология ғылымында қазірге дейін ерік пен сезім (немесе эмоция) психиканың ерекше қыры болып саналады, ол сезіну, қабылдау, ес-жады, ойлау және басқа да танымдық үдерістерден өзгеше.
Педагогикалық зерттеу үшін жалпы даму мен арнайы дамуды ажыратудың маңызы зор. Психология ғылымында нақты теорияға негізделген ажырату болмағанықтан, жанама жолдарды қолдануға тура келеді.
Біз түрлі жас мөлшеріндегі психологиялық зерттеулердегі қабылдау, ес-жады, ойлау және басқа да психикалық үдерістерді ескердік. Бұл зерттеулер оқыту жағдайында жүргізілмесе де, психика дамуының кейбір қырларынан түсінік береді.
Дарындылық пен қабілеттілік мәселесіне арналған зерттеулер дамудың түрлерінен түсінік береді. Біз Б.М.Тепловтың музыкалық қабілеттілік психологиясын және В.А.Крутецкийдің математикалық қабілеттілік психологиясын тірек етеміз. Осы аталған еңбектер жалпы және арнайы дамудың айрмашылықтарын көрсетеді.
Осы міндеттерді, яғни дарындылық пен арнайы қабілеттіліктерді шешу үшін кейбір еңбектерге тоқталуға болады. Б.Т.Ананьев «дарынды лық пен арнайы қабілеттіліктің ара қатысында – жалпы және арнайы дамудың іргелі ара қатысы тұр, оның педагогикалық және бала писхологиясы үшін маңызы зор» - дейді.
Аталған еңбектердегі теориялық тұжырымдар мен фактыларды ескерсек, онда тұлғаның сапасы, әрекет тәсілдері тәрізді, өзінің негізін жалпы дамуға негіздесе, онда ол кез келген материалдар мен түрлі жағдаяттарда көрінеді. Арнайы даму белгілі бір салада (мысалы, өнерде немесе ғылымда, оның бөлімдерінде) білінеді.
Әрине, жалпы даму мен арнайы даму адам бойында ажырамайды. Керісінше, жалпы даму арнайы дамуға негіз болады және оның бойынан көрінеді, сөйтіп, жалпы дамуға түрткі тудырады. Кез келген саладығы іс-әрекет тек жалпы даму негізінде ғана жүзеге аспайды. Белгілі психикалық әрекет тәсілдерін (мысалы музыкалық қабілеттілік, сезіну) қалыптастырға соған сәйкес білім мен дағдыларды меңгертуге болады.
Қорыта келе, оқушылардың жалпы дамуын оқумен байланысты зерттеудің әдіснамалық және практикалық қажеттігі бар.
Баланың жалпы дамуына, әрине «даму» мазмұны кіреді, ол бәрін тегіс қамтитын маңызға ие: қарапайымнен күрделіге, төменнен жоғарыға қозғалу, жоғары өрлеу, ескі қалыптан жаңа, жоғары сапалық қалыпқа жаңару үдерісі, жаңаның пайда болуы, ескінің жойылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |