«Құндылықтар иерархиясын жасау»



бет1/3
Дата23.10.2023
өлшемі1,27 Mb.
#120621
  1   2   3

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
«Құндылықтар иерархиясын жасау»
Орындаған: Айтбаева Бірғаным
Қабылдаған:
Құндылықтар мен олардың табиғаты туралы философиялық ілімі
аксиология деп аталады (грек axios-құндылық пен logos-ілім).
Құндылықтар деп–адам үшін өте маңызды заттар мен құбылыстарды, қасиеттер мен жай-күйлерді атайды.
Тұлғаның барлық құндылықтары белгілі бір тәртіп бойынша иерахияланған: бірі тұлға үшін аса маңызды болса, бірі аса маңызды емес.
Иерархия сатысының ең жоғарғы баспалдағында бір немесе бірнеше басты өмірлік құндылықтар болуы мүмкін. Әрбір тұлғаның өзіндік құндылықтар иерархиясы түрліше құрастырылады.
⚫ «Құндылықтар»–адам үшін оңтайлы маңызы бар зат, құбылыс,
қасиет, жай-күйлер.Тұлға үшін маңыздылығына қарай барлық құндылықтар белгілі бір реттілікпен иерархия құрайды.
Иерархияның басында бір немесе бірнеше негізгі өмірді анықтайтын басты құндылықтар тұруы мүмкін.
Құндылықтар нысаналарының дамуы-жеке түлғаның рухани-адамгершілік дамуының белгісі, оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Жеке тұлға құндылықтар жүйесінің қалыптасуына және құндылықтардың иерархия баспалдақтары бойынша орналасуына әсер ететін негізгі факторлар:
Өмір кезеңдері,беделді тұлға, түрлі жағдаяттар, қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесі. Құндылықтар жүйесі жеке адам үшін қатып қалған дүние емес және иерархия баспалдақтарында құндылықтар түрлі орынға ауысып отыруы мүмкін. Осыған байланысты әрбір тұлға өзі де өзгерістерге ұшырай алады.
Рухани энергия барлық деңгейлерді тізіп өтеді.Барлық деңгейлер өзара байланыста.Әрбір жоғарыдағы деңгей төмендегілерді басқарады. Жоғары сана функциясы – интеллектті бағыттау. Сондықтан, рухани жетіле бастаған адам өз шығармашылықдық әлеуетін аша алады.Жоғары сана – ол жоғары “Меніміз”. (Дене–күйме,ақыл–арбакеш,сезімдер–аттар,жоғары“Мен”–күйме иесі). “Шынайы моральді Ғаламның табиғи бастауларынан іздеген жөн, оның жалпылама заңдылықтарынан. Сонда ғана ол барлық адамға түсінікті және дәлелді бола алады”.
Сондықтан, бір адамды жақсы немесе жаман деп бағалауымыз – уақытша сипат: кеше ғана көк түйнек болған алма бір-екі күннен соң пісіп, хош иіске ие болмайды ма?! Құндылықтар иерархиясы тұлғаның санасында мәңгіге тұрақтап қалмайды: өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса, енді бірі екінші кезекке ауысады.
Құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөледі :
-Т.И.Петракованың ұсынған құндылықтарды классификациялау жүйесі бойынша оларды үш түрге бөледі:
-Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтар – уақыт ағымында өзгермейтін, қандай да бір адамдардың тобына ғана маңызды емес (әлеуметтік топтар, кластар, партия мен мемлекет, одақтық мемлекет) адамзаттың барлығы үшін мәнді құндылықтар.
-Табиғи құндылықтар–бұл жаратылыс күштерінің құндылықтары және жанның қабілеттілігі, яғни, ақыл, сезім мен ерік күші. Табиғи құндылықтарға ақылдың анықтығы, ойдың жылдамдығы, естің беріктігі, сезімнің шынайылығы мен еріктің тұрақтылығы жатады.
-Жүре пайда болған құндылықтар ол–тұлғаның адамгершілік және интеллектуалдық дамуының нәтижесінде меңгерген құндылықтары, оларға сыпайылық, әдептілік, құрмет, адамға мейірімділік, қайырымдылық, ризашылық, ақкөңілділік, төзімділік және т.б. жатады. (өмір бойында өзгереді және тұлғадан тұлғаға)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет