Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата22.12.2016
өлшемі399,02 Kb.
#21
1   2   3   4

8-сынып оқушылары: 

Әдеби тіл және мәтін: 

 

әдеби тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәнін түсінеді; 



 

әр  тұрлі  жанрдағы  мәтіндерге  мазмұндық-құрылымдық  талдау 



жасайды; 

 



мәтіндерді сөзжасамдық норма тұрғысынан талдайды; 

         Синтаксис 

 

сөйлемдегі сөздердің тіркесу қабілетін анықтайды; 



 

сөз таптарын меңгерудің тәсілдері арқылы байланыстырады; 



 

сөйлемнің сөз тіркестерінен тұратынын дәйектейді; 



 

хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты,  лепті  сөйлемдердің    жасалу 



жолдарын  меңгереді,  контекстегі  қолданылу  ерекшеліктерін 

талдайды,  ауызша  және  жазбаша  жанрларда  шығармашылықпен 

қолданады; 

 



сөйлемнің  құрамын  меңгереді,  мәтіндегі  сөйлем  мүшелерінің 

қандай сөз таптарынан жасалдығын талдайды; 

 

сөйлемнің  тұрлаулы  және  тұрлаусыз  мүшелерінің  жасалу 



жолдарын 

ажыратады, 

оларды 

жанр 


түрлеріне 

қарай 


шығармашылықпен қолданады; 

 



сөйлемнің  бірыңғай  мүшелерінің  қызметін  біледі,  оларды 

сөйлесім әрекетінде талғап қолданады; 

 

сөйлем  мүшесі  болмайтын  сөздер  тобын  ажыратады,  тыныс 



белгілерінің қойылу себептерін түсіндіреді; 

 



мәтіннен  жай  сөйлем  білдіретін  ойды  табады,  олардың  тілдік 

қатынастағы мақсатын саралайды; 

 

мәтін ішіндегі сөздердің байланысу тәсілдерін ажыратады; 



 

мәтін  мазмұнын  құрайтын  жай  сөйлем  түрлерінің  қолданылу 



мақсатын айқындап,  өзінің көзқарасын дәйектейді; 

 



тақырыпқа    сәйкес  жоба-жоспар  жасауда  сөз  тіркесін  талғап 

қолданады; 

 

айқындауыш мүше мен бірыңғай сөйлем мүшелерінің қолданылу 



мақсатын айқындайды; 

 



сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыратын  жай  сөйлем  түрлерінің 

дұрыс қолданған үлгілерін талдайды; 

 

сөз  тіркесу  нормаларының  сөйлеу  мәдениетіндегі  рөлін 



анықтайды; 

 



көркем шығармалардың тіліне, мазмұнына байланысты  өз ойын 

жай сөйлем түрлерімен дәл жеткізеді; 

 

мәтін  құрауда  әдеби  тілдің  грамматикалық    нормаларын  



қолданады;  

 



бірыңғай  сөйлем  мүшелерінің    синонимдік  сипатын    жанр 

түрлеріне қарай айырып, таңдап қолданады; 



 

30 


 

жай  сөйлемнің  түрлерін  қатыстырып,  монолог,  диалог  түрінде 



пікірлеседі; 

 



оқшау  сөздерді  пайдаланып  ұсынылған  мәтін  сипаты  жайлы 

өзгелермен пікір бөліседі. 

 

шығармадағы  тірек  ұғымдарды  білдіретін  сөздердің  басқа 



сөздермен байланысын ажыратады; 

 



мәтіндерге синтаксистік кешенді тілдік талдау  жасайды; 

 



мәтіндегі  сөз  тіркестері  мен  сөйлемдердің  стильдік  бояуын 

жанрлық ерекшелікпен байланыстырып түсіндіреді; 

 

мәтіндегі  тірек  сөздердің  басқа  сөздермен  байланысу  жолдарын 



анықтайды; 

 



мәтіннің    тақырыбын,  идеясын  ашып  тұрған  сөйлем  мүшелерін 

салыстыра талдайды; 

 

тірек  сөздерді  публицистикалық  және  ғылыми  мақала  



жанрларында түрлендіріп  қолданады; 

 



жай  сөйлемнің  қызметін,  қолданылатын  орындарын  көркем 

шығарма тілі  мен ауызекі сөйлеу тілінде  ажыратады; 

 

жанр  түрлері  бойынша  тілдік  жағдаяттарда  жай  сөйлем 



түрлерімен мәтін құрайды; 

 



тарихи, ғылыми-көпшілік сипаттағы ауызша және жазбаша мәтін 

құрауда жай сөйлемнің түрлерін шығармашылықпен қолданады. 

 

9-сынып оқушылары

Әдеби тіл және мәтін: 

 

мәтін ішінде әдеби тілдің грамматикалық нормаларын талдайды; 



 

әр  түрлі  мазмұндық-тақырыптық  мәтіндердің  құрылымдық 



бөліктерін ажыратады. 

 



Синтаксис: 

 



құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін таниды; 

 



жай 

сөйлемдердің 

құрмаласу 

тәсілдерін 

ажыратады, 

баяндауыштарының жасалу жолдарын меңгереді; 

 

құрмалас  сөйлем  сыңарларын  байланыстыратын  жалғаулық 



шылауларды айырады, оларды сөйлеу тілінде еркін қолданады; 

 



салаласа,  сабақтаса  байланысатын  құрмаластың  түрлерін 

меңгереді, оларды қатыстырып мәтін құрайды; 

 

аралас  құрмаластың  жасалу  жолдарын  түсіндіреді,  мәтін  ішінде 



талдайды, тілдік қарым-қатынаста қолданады; 

 



сабақтаса 

құрмаласқан 

сөйлемдерді 

салаласқа, 

саласты 

сабақтасқа  айналдыру  жолдарын  меңгереді,  контекстегі 

қолданылу  ерекшеліктерін  талдайды,  ауызша  және  жазбаша 

жанрларда шығармашылықпен қолданады; 



 

31 


 

төл  сөз  бен  төлеу  сөздің  ерекшеліктерін  дәлелдейді,төл  сөздің 



орналасу  тәртібін  біледі,  тыныс  белгілерінің  қойылу  себебін  

түсіндіреді; 

 

төл  сөзді  төлеу  сөзге,  төлеу  сөзді  төл  сөзге  айналдырудың 



жолдарын  меңгередіі,  оларды  мәтін  ішінде  өзіндік  белгілеріне 

қарай  талдайды,  жанр  түрлеріне  қарай  шығармашылықпен 

қолданады. 

 



тарихи,  қоғамдық-әлеуметтік,  әдеби  мазмұндағы  мәтіндерден 

қажетті  ақпаратты  іріктейді,  ақпараттарды  құрайтын  құрмалас 

сөйлемдердің қолданылу  мақсатын саралайды; 

 



әлеуметтік-мәдени    тақырыпқа    сәйкес  жоба-жоспар  жасап,  төл 

сөз бен төлеу сөзді қатыстырып мәтін құрайды; 

 

көркем мәтін тіліндегі мазмұнға байланысты қолданылған мақал- 



мәтелдер мен  даналық сөздердің мәнін ашады; 

 



тарихи,  әдеби,  қоғамдық  мазмұндағы  мәтіндердің  тақырыптық-

лексикалық ерекшеліктерін бағалайды. 

 

мәтін  абзацтарындағы    мазмұнына  тірек  болып  тұрған    сөйлем 



түрлерін  ажыратады; 

 



мәтіндердегі  құрмалас  сөйлемдерге  кешенді  тілдік  талдау  

жасайды; 

 

мәтіннің  мазмұнындағы  авторлық  көзқарасты  білдіретін 



синтаксистік тілдік құралдарды дәйектейді; 

 



құрмалас    сөйлемдердің  сөйлесім  әрекетіндегі  қызметін, 

қолданылатын орындарын біледі; 

 

жанр  түрлері  бойынша  құрмалас  сөйлемдерді  түрлі  мақсатта 



жұмсап, әр алуан тілдік жағдаяттарда мәтін құрайды; 

 



баяндау,  суреттеу,  сипаттау,  талдау  сипатындағы  мәтін  құрауда 

құрмалас  сөйлемдер  мен  төл  сөзді    шығармашылықпен 

қолданады; 

 



ауызша және жазбаша қарым-қатынастарда дұрыс сөйлеп, дұрыс 

жаза білудің шарттарын меңгереді. 

 

 


 

32 


IV. «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Қазақ  тілі  пәнінің  ерекшелігі  тілдің  қызметінен  көрінеді.  Тілдің 



танымдық,  білімдік,  эстетикалық,  коммуникативтік  қызметтері  оқушыны 

жан-жақты  дамытады,  Тұлға  етіп  қалыптастырады.  Тілдің  қызметін  әр 

сабақта  нәтижелі  оқыту  көн  нәрсеге  қол  жеткізеді.    Қазақ  тілін  пән  ретінде 

оқытудың  тиімділігі  сабақта  қолданылатын  оқыту  формалары  мен  әдіс-

тәсілдеріне  және  жаңа  технологияларды  тиімді  қолдануға  байланысты 

болмақ. Технологияларды іріктеу жоспарланған нәтижелердің сипатына және 

«Қазақ тілі» оқу пәні мазмұнының ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.  

Негізігі  мектептегі  «Қазақ  тілі»  сабақтарында  қолданылатын  оқыту 

әдістемесінде төмендегідей ортақ ұстанымдар басшылыққа алынады: 

5-6-сыныптарда  оқушыларға  лексикалық,  фонетикалық,  сөзжасамдық, 

морфологиялық  нормаларды  меңгертуге,  сөздік  қорын  молайтуға,  сөз 

байлығын  жетілдіруге  және    тілдік  жағдаяттарда  сөздерді  мағыналарына 

сәйкес  пайдалануға  үйрету  көзделеді.

  Бұл  сыныптарда  оқытудың  мақсаты 

оқушының  теориялық  және  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  дамытуға 

бағытталады.  Сол  арқылы  оқушының  ойлау  және  сөйлесім  әрекетінің 

белсенділігін  арттыратын    проблемалық  оқыту  әдістеріне  сәйкес    сын 

тұрғысынан  ойлауын  дамытуды  және  оқушының  болашақтағы  даму 

мүмкіндіктерін  ескеріледі.  Мұнда  қазақ  тілінің  тіл  туралы  мағлұматтары 

алдын-ала  берілетін  тірек  сызбаларды  қолдану  арқылы  іске  асырылады, 

оқушының қабылдау, қиялдау, елестету, есте сақтау қабілеттері дамытылады.  

Іс-әрекет  барысында    шынайы  қарым-қатынасқа  жақын  жағдаяттар 

туғызуға  мүмкіндік  беретін  алуан  түрлі  дидактикалық  материалдар 

(сөзжұмбақтар,  ребустар,  карталар,  кестелер,  диаграммалар)  кеңінен 

қолданылатын  ойын  түрлері  оқушының  оқу-танымдық  әрекетін  басқаруға 

мүмкіндік  береді.  Пәндік,  пәнаралық    сипаттағы  дидактикалық  және 

сюжеттік, рөлдік ойындар оқушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен 

санасуға,  қарым-қатынас  әдебін  үйренуге,  өз  білімін  көрсетуге  жол  ашады. 

Ойындардың  көмегімен  оқушылардың  коммуникативтік  дағдыларын 

қалыптастыратын  оқу  міндеттері  шешіледі.  Ойын  арқылы  тілдік 

жағдаяттарда оқушыны қарым-қатынас мәдениетіне төселдіру көзделеді. 

7-8-сыныптарда  оқушыларға  сөз  таптарын,  олардың  түрлену  жүйесін, 

сөздің  тіркесу  қабілетін,  жай  сөйлемнің  ойды  жеткізудегі  ерекшелігін 

меңгерте отырып, сөйлесім әрекеттерін дамытуға басымдылық беріледі

. Бұл 

сыныптарда  проблемалық  оқыту  әдісімен  қатар  ізденістік-зерттеу  әдістері 



арқылы  тілдік  жағдаяттарда  оқушының  таным  белсенділігін  арттыруға,  өз 

бетімен зерттеу жүргізуге, шешім шығаруға төселдіріледі. 

Онда 

оқушының 



танымдық 

белсенділігін 

арттыру; 

пәнге 


қызығушылығын  ояту;  өзіндік  көзқарасын  білдіруге  мүмкіндік  беру; 

зерттеуге  икемділігін  дамыту;  сөйлесім  әрекеті    белсенділігін  арттыру  

ұстанымдары басшылыққа алынады.  

Осы  сыныптарда  топтық,  ұжымдық  әрекетке  баулуға  айрықша  көңіл 



 

33 


бөлінеді.  Онда  әр  баланың  қабілетін,  дарынын  дамытуға,  ұжымдағы  әрбір 

мүшенің 


өз 

таланты 


мен 

әркімге 


және 

бір-біріне 

көмегіне, 

ынтымақтастығына,  мұғалім мен оқушы әрекетінің алмасып келіп отыруына 

басымдылық  беріледі.  Мұғалімнің  қызметін  ұжымның  атқаруы,  яғни  оқу 

әрекетін  ұйымдастыруда,  бір-бірінің  жұмыстарын  саралауда,  бағалауда, 

талдауда 

оқушының 

өздерінің 

жетекшілік 

етуі, 

ал 


мұғалімнің 

ұйымдастырушы,  кеңесші  қызметін  атқаруы  оқыту  үдерісінде  белсенділік 

сипат алады.  

9-10-сыныптарда  оқушыларды  құрмалас  сөйлемнің  түрлерін,  олардың 

қолданыс  ерекшеліктерін  меңгертуге,  стиль  түрлері  мен  пунктуация 

заңдылықтарын  сөйлесім  әрекеттерінің  мақсаты  мен  ерекшеліктеріне  қарай 

тиімді  пайдалана  білуге    төселдіру  көзделеді.

  Бұл  сыныптарда  оқушының 

шығармашылық- зерттеушілік қабілетін жетілдіру, оқушылардың өз бетімен 

білім алу дағдыларын қалыптастыру, олардың бойында әрекеттік, танымдық,  

креативтік  қабілеттерін  дамытуға  мүмкіндік  беретін  оқыту  технологиялары 

қолданылады.  Оқыту  үдерісінде  оқушының  өздігінен  білім  алуына,  болжам 

жасауына,  өз  бетінше  ізденуіне  жол  ашу  мақсатындағы  жұмыс  түрлері 

ұйымдастырылады.  Онда  оқығандары  бойынша  ойталқының  жүргізілуіне, 

оқушының  өзіндік  әрекетіне,  тілдік  бірліктерді  салыстыру,  жинақтау, 

саралау,  топтау  және  тілдік  құбылыстардың  заңдылықтарын  тануына  мән 

беріледі.  

Негізгі  мектептің  барлық  сыныптардағы  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінде 

деңгейлеп  оқыту  басшылыққа  алынады.  Бұл  әр  оқушыға  өз  деңгейін  өзі 

айқындау  арқылы  өзін-өзі  дамытуына,  бағалауына  мүмкіндік  туғызады. 

Мұнда  оқушының  тілдік  қабілеттері,  тапсырманы  орындау  мүмкіндіктері, 

осыған  дейін  меңгерген  білім  деңгейлері  ескеріледі.  Оқушының  жеке  бас 

қабілеті  мен  психологиялық  ерекшеліктері  негізге  алынады.  Оқушының 

қалауы бойынша орындауды талап ететін деңгейлік тапсырмалар оқушының 

өзін-өзі  бағалауына  да  жол  ашады.    Бірінші  деңгейде  (оқушылық  деңгейде) 

оқушы  жаңа  материалдың  тақырыбын  түсінуге  арналған  тапсырмаларды 

орындайды.  Тапсырмалар   оқушы  есінде  ұзақ  сақтау  мақсатында  жасалады.  

Мұнда  тақырыпты  оқушының  қабылдап  және  оны  саналы  түрде  қайталап 

беруі  талап  етіледі.  Екінші  деңгейде  (алгоритмдік  деңгейде)  алғашқы 

деңгейдегі білім мазмұны тереңірек алынады, тапсырмалардың құрылыс мен 

мазмұны  күрделенеді.  Мұнда  тапсырмалар  бір-бірімен  тығыз  байланыста 

болып, жүйелі түрде алғашқысынан кейігісі дамытылған түрде, кейінгісінен 

соңғысы  тереңдетілген  түрде  беріледі.  Үшінші  деңгейде  (ізденімдік 

деңгейде)  жаңа  материал  бойынша  меңгерген  алғашқы  білімдері 

жетілдіріліп,  тереңдетіліп  өз  ізденісінің  нәтижесінде  жаңа  білім  алады. 

Мұнда  оқушы  өзін  шағын  зерттеу  жұмыстарымен  шұғылданатын  ізденуші 

ретінде сезінеді, жаңа материалдың қыр-сырын өз бетімен таниды. Төртінші 

деңгейде  (шығармашылық  деңгейде)  оқушы  шығармашылық  жұмыспен 

айналысады,  жаңа  материал  туралы  түсінігін,  оның  негізгі  белгілерін, 

қолданылу  аясын,  кеңейтілген  білімін  шығармашылық  жұмыстарда 

қолданады.  Шығармашылық  деңгейде  оқушының  интеллектуальдық  ойлау 


 

34 


дәрежесінің өскендігін дәлеледейді.  Деңгейлеп оқыту тапсырмалары арқылы 

тілдесім  әрекеті  дамытылады,  сөйлеудің  функционалдық  стильдері 

меңгертіледі.  

Сонымен  қатар  бұл  сыныптарда  қолданылатын  модуль  арқылы  оқыту 

түпкі  нәтижеге  сатылай  отырып  жетуді  көздейді.  Қазақ  тілінің  ғылыми 

негізін толық әрі біртұтас аяқталған білім негізінде игертуді көздейтін негізгі 

сатыда  тіл  білімі  салалары  модульдік  негізде  тиянақталып  беріледі. 

Лексикадан  басталған  бұл  жүйе  фонетикаға,  сөзжасамға,  грамматикаға, 

стилистикаға,  пунктуацияға  қарай  күрделендіріліп,  өзара  сабақтастықта 

жалғасып  отырады.  Тіл  салалары  өз  ішінде  де  нақты  тақырыптарға 

шоғырландырылады.  Нәтижесінде  оқушының  тіл  туралы  лингвистикалық 

дүниетанымы қалыптастырылады. 

Сабақтарда 

бейнероликтерді, 

интернет 

материалдарын, 

мультимедиалық  құралдарды,  үн  және  бейне  таспалар,  ақпараттық 

технология ресурстары, электронды оқулықтар, компьютерлер, лингафондық 

аппараттар  кеңінен  қолданылады.    Компьютерлік  оқыту  нәтижесінде 

оқушының  қазақ  тілінен  тілдік  білімдерін  орфографиялық,  орфоэпиялық, 

лексикалық,  грамматикалық,  пунктуациялық  ережелер  бағдарламаларының 

көмегімен меңгертуге қол жеткізіледі. 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет