Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы



жүктеу 358.38 Kb.

бет1/4
Дата22.12.2016
өлшемі358.38 Kb.
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ 

 

           ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

                                                            5-9 сыныптар 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

                                                            



                                                            Аcтана  

                                                               2010 

                                           


 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ 

 

 

оқыту қазақ тілдерінде жүргізілетін жалпы білім беретін 

мектептің 5-9 сыныптарына арналған 

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана 2010 

 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  09.07.2010 



жылғы №367 бұйрығымен бекітілген 

 

 



Бағдарлама  авторлары:  Қалиев  Ғ.Қ.,  Исаев  С.М.,  Қосымова  Г.С., 

Түймебаев Ж.Қ., Дәулетбекова Ж.Т., Мадиева А.Т. 

 

 

 

 

 

 

Оқыту  қазақ  тілінде



 

жүргізілетін  жалпы  білім  беретін  мектептің                    

5-9 сыныптарына «Қазақ тілі» арналған оқу бағдарламаcы. – Астана, 2010. – 

34  б.  


 

 

 



 

 

 



 

                                                                                      

 

 

 



 

 

 



 

 

 



                                                                                      © Ы.Алтынсарин атындағы 

                                                        Ұлттық білім беру академиясы, 2010 

 

  


 

 



І. ТҮСІНІК  ХАТ

 

 

 «Қазақ  тілі»  пәні  ана  тілі  ретіндегі  мәнімен,  қоғамдық-әлеуметтік 



маңызымен, жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуының бастау көзі 

ретінде  атқаратын  рөлімен  ерекшеленеді.  Тіл  кез  келген  танымдық  іс-

әрекеттердің құралы,  ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып 

саналады.  Сондықтан  да  болашақ  қоғам  иелерін  тәрбиелейтін  жалпы  білім 

беретін  мектептерде  оқылатын    қазақ  тілі  пәнінің  маңызы  үлкен.  Мектеп 

жасындағы  балалар  «Қазақ  тілі»  пәні  арқылы  тілдің  үш  түрлі  қызметін: 

теориялық  мәселелердің  практикалық  дағдының  базасы  болатынын 

пайымдауға  үйрететін  білімдік  қызметін;  жалпы  адамзат  жинаған  тарихи-

мәдени, рухани мұраларды тіл  арқылы меңгеруге болатынын  және өз ойын 

жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені  танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне 

көз жеткізетін танымдық қызметін, алған білімді практикалық тұрғыда қалай 

қолдану  іскерліктерін  жетілдіруге  бағыттайтын  коммуникативтік  қызметін 

таниды.  

Мектептің  негізгі  деңгейіндегі  (5-9  сынып)  қазақ  тілі  пәнін    оқытуда 

оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас 

білім  беру  және  әдеби  тіл  нормасын  меңгерту  көзделеді.  Тілдік  білім 

оқушының  ойлау  қабілетін  дамыту  арқылы    дүниетанымын  жетілдіреді. 

Негізгі  мектепте  теориялық  білімнің  практикалық  дағдыларға  база 

қалыптастыруына  басымдылық  беріледі.  Олар  әдеби  тіл  нормаларын 

игертуге бағытталады. Әдеби тіл нормалары ауызша, жазбаша  дұрыс сөйлеу 

ережелерін  қамтиды.    Оқушының  сөйлесім  дағдыларын  дамыту    тіл  білімі 

салалары  бойынша  сатылап,  олардың  өзара  сабақтастығына  негізделіп 

жүргізіледі.  Сөйтіп,  негізгі  деңгейдегі  оқушы  білімі  бастауышта  меңгерген  

сауаттылық  дағдыларына  табан  тірейді  де,  бейіндік  деңгейдегі  сөз 

мәдениетіне  база қалыптастырады. 

Ана  тілі  ретінде  оқытылатын  қазақ  тілі  пәні    оқушының  лексикалық 

қорын  байытады,  сөз  мағыналарын  танытады,  тіл  дыбыстарының  жасалу 

жолдары  мен  қызметін  білдіреді,  сөздерді  таптастырудың  белгілерін 

меңгертеді,  сөзжасам  тәсілдерін  игертеді,  сөздерді  байланыстырудың 

тәсілдері мен түрлерін білгізеді, сөйлемнің түрлері мен  стиль түрлерін және 

пунктуацияны меңгертеді. Оқушыға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен 

адам өміріндегі мәні, рөлі жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас 

түсінік қалыптастырады.  

Сөйлесім  компоненттерінің  түрлері  –  оқылым,  тыңдалым,  айтылым, 

жазылым  бойынша    қол  жеткізілетін  құзыреттіліктер  оқушының  ақпаратты 

түсіну,  қолдану,  талдау,  жинақтау,  өңдеу  және  өз  ой-тұжырымдарын 

қорытып шығару, бағалау әрекеттеріне сүйене отырып анықталады. Мысалы, 

оқылым мен тыңдалым, айтылым мен жазылым әрекеттерінде оқушының өз 

бетінше ізденуі, шығармашылық тұрғыда қолдануы, дара ойлауға ұмтылысы 

негізінде  туындайтын  құзыреттіліктер  қалыптастыруға  мүмкіндік  мол. 

Мұнда түрлі өмір жағдаяттарында оқушының дұрыс жол табуы, сын сәттерде 


 

өзіне тиімді шешім жасауы, өзіндік көзқарастарын сөз әдебін сақтап жеткізе 



алу,  ойын  түсінікті  әрі  жүйелі  айта  алу  қабілеттері  шыңдалады.  Оқушының 

ауызша  және  жазбаша  тілде  ойын  еркін  және  әдеби  тіл  нормаларының 

талаптарына  сай,  стильдік  ерекшеліктерді  ескере  отырып  жеткізуі 

біліктіліктің өлшемі болып саналады.  

Білім  мазмұнындағы  тақырыптар  тілдің  коммуникативтік,  танымдық, 

экспрессивтік  қызметтерін  бірлікте  меңгертеді.  Тілдің  ішкі  заңдылықтары 

мен  өзара байланысын танытады және тілдік сезімін қалыптастырады.  

Жалпы  білім  беретін  мектептің  негізгі  деңгейінде  «Қазақ  тілі»  пәні 

барлық  пәндермен  байланысқа  түседі.  Қазақ  тілінің  лексика  тарауында 

барлық пәнге тән  терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы 

сөздер  қамтылады.  Сөзжасамда  биология,  география,  астрономия,  физика, 

химия пәндеріне  қатысты ұғым  атаулары  меңгертіледі.  Морфологияның  сөз 

таптары  аясында  математика,  тарих,  қоғамтану,  өнер,  технология, 

валеология,  т.б.  пәндерге  қатысты  терминдердің  табиғаты  мен  тұлғалық 

ерекшеліктері танытылады. Синтаксис пен стиль салаларында мектептегі оқу 

пәндерінің сөйлем жүйесі мен қолданылу ерекшеліктері игертіледі.  

Білім беру жүйесінің негізгі деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың 

мақсаты    –  ана  тілінің  қоғамдық-әлеуметтік  мәнін  түсінген,  әдеби  тіл 

нормаларын  жетік  қолдана  білетін,  сөйлесім  әрекеті      қалыптасқан,  тілдің 

қызметін  жүйелі  меңгерген  дара  тұлға  қабілеттерінің  дамуына  мүмкіндік 

жасау. 


 

Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  «Қазақ  тілі»  пәні  танымдық 

және практикалық бағыттарда төмендегідей міндеттерді шешеді: 

 



оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту; 

 



тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін таныту

 



сөйлесім  компоненттері  (оқылым,  тыңдалым,  жазылым, 

айтылым) бойынша қатысымдық дағдыларын жетілдіру

 

әдеби  тілдің  лексикалық,  орфографиялық,  орфоэпиялық, 



сөзжасамдық, 

грамматикалық, 

стильдік, 

пунктуациялық 

нормаларын меңгерту; 

 



тілдік жағдаятқа сай қарым-қатынас жасауға дағдыландыру. 

Бұл мақсатты орындау үшін танымдық  және практикалық  бағыттағы 

бірнеше міндеттер қойылады.  

Қазақ  тілі    сабағы  оқушы  үшін  тек  грамматикалық  ережелер 

жаттайтын,  қызықсыз  жаттығуларды  құлықсыз  орындататын  пән  қатарынан 

шығып,  баланың  ой  өрісін  өсіріп,  оған  тілдің  ұлттық  мәдени  мұра, 

тіршіліктің  өзегі,  танымның  көзі  екендігін  сезіндіру  қажет.  Бұл  оқу 

материалдарының,  жалпы  білім  мазмұннының  ішкі  байланыстарынан 

туындап, оқушының  шығармашылық  бағыттағы жұмыстарымен  ұштасқанда 

жүзеге асырылады. Шығармашылық баланың интуициясына, қиялына, таным 

деңгейіне  сүйеніп,  оның  өмірге,  қоршаған  ортаға  деген  қатынасын 

қалыптастыруға  себін  тигізеді.  Оқушының  таным    деңгейі  оның  сөйлеу  

тіліне, сөздерді орынды қолданып, сөйлемді дұрыс құрастыру, ойын жеткізе 


 

білу  іскерлігіне  тікелей  тәуелді.  Сондықтан  жаңа  бағдарламада  оқушының 



тілдік  білімін  кеңейтіп  қана  қоймай,  олардың  пәнге  қызығуын,  ынтасын 

арттыратын  әлеуметтік,  танымдық  мотивтердің  қалыптасуына  жол  аша 

отырып,  алған  білімдерін  практикалық  іскерлік  –дағдыға  айналдыру 

көзделеді. Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің әрі оқушының 

лингвистикалық  дүниетанымының  қалыптасуына,  әрі  тілдік  қабілеті  және 

сөйлесім  құзіретінің  базасы  ретінде  қызмет  етуіне  негіз  қалайды.  Пәнді 

оқытуға  тірек  етіп  алынған  танымдық  және  практикалық  бағыттардың 

нақтылануы  тіл  арқылы  баланың  логикалық  ойлауын  дамытуға,  тілдік-

эстетикалық 

талғамдарын 

жетілдіруге, 

қатысымдық 

іскерліктерінің 

шыңдалуына  ықпал етеді.  

Негізгі 

мектепте 

оқытылатын 

тілдік 


материалдар 

мазмұны  

оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай дидактикалық ұстанымдар негізінде 

сұрыпталды.  «Қазақ  тілі»  пәнінің  білім  мазмұнын  таңдауда  басшылыққа 

алынған негізгі ұстанымдар: 

 



түсініктілік,  жүйелілік,  ғылымилық,      жас  және  психофизиологиялық 

ерекшелікті ескеру, т.б. ұстанымдар; 

 

білімді    дара  тұлғаға  бағдарлау  (бейімдеу,  дамыту,  психологиялық 



үйлесімділік, өмірлік қажеттілік); 

 



тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау

 



этнолингвистикалық және этномәдени ерекшеліктерді ескеру; 

 



оқушыны әлеуметтендіру ұстанымы

 



пәнаралық байланысты сақтау; 

 



әрекетшілдік-бағдарлылық 

ұстанымы 

(әрекетке 

үйрету, 


оқу 

жағдаятындағы  әрекеттен  өмірлік  жағдаяттық  әрекетке  көшу,  оқу 

танымдық  әрекеттен  оқушының  өзіндік  әрекетіне  көшу,  креативті 

немесе  шығармашылық  пен  біліктілікке  мүдделілігінің  негіздерін 

қалыптастыру); 

 



мәдени-бағдарлылық  ұстанымы  (әлемнің  бейнесі,  әлемге  мәндік 

көзқарас,  білім  мазмұнының  тұтастығы,  жүйелілігі;  тілді,  мәдениетті 

ұлттық, адамзаттық құндылық ретінде таныту). 

Қазақ  тілінің  бағдарламасы  төмендегідей  басты-басты  функцияларды 

атқару мүмкіндігіне жол ашады: 

 



алынған  білімді  бекіту  және  өзін-өзі  бақылау  функциясы.  Оның 

мақсаты  оқушылардың    оқу  материалын  тиянақты  игеруіне,  алған 

білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.  

 



Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.  

 



Үйлестіру  функциясы.  Оның  мақсаты  оқытудың  өзге  құралдарын 

тиімді  пайдалануға    үйрету,  әр  түрлі  білім    көздерінен  алынған 

біліммен ұштастыра білу.  

 



Жүйелеуші функциясы. Оның мақсаты оқушыларды әр салаға  жататын 

білімнің  құрылымындағы  ұқсастық    пен  айырмашылықты  тауып, 

пайдалана білуге үйрету.  


 



 

Дамыту  функциясы.  Оның  мақсаты  оқушылардың  жеке  басына  тән 

интеллектуальды, жалпы және жеке оқу біліктерін  қалыптастыру.  

 

Пән бойынша оқу жүктемесі 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік    жалпыға  міндетті  

білім  беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес    5-9 

сыныптардағы  «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  

 

5-сынып  — аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат;  



 6-сынып  — аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат; 

 7-сынып  — аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат;  

 8-сынып  — аптасына 2 сағат,  оқу жылында - 68 сағат; 

 9-сынып  — аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат. 



 

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі 

Пәнді  оқытудың  вариативті  бөлігі  оқушылардың  білімдерін  одан  әрі 

жетілдіре,  тереңдете  түсу  мақсатында  пайдаланылады.  Білім  алушылардың 

тұлғалық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  олардың  өз  ойларын  еркін  және 

дәлелді  түрде  ауызша  да,  жазбаша  да  сауатты    жеткізе  білуін  жетілдіру 

мақсатында  оқушылардың  сұранысына  орай  арнайы  сабақтар  ұйымдастыру 

қажет.  Мәселен:  вариативті  бөлімде  қазақ  тілінен  ұсынылатын  қосымша 

мағлұматтар төмендегідей үлгі-тақырыптар негізінде оқытылады 

5-6  сыныпта: «Сөз сыры», «Сөзжасамдық норма»; 

7-8 сыныпта:  «Сөз таптарының қолданысы», «Мәтін және сөйлем»; 

 9сыныпта:  «Құрмалас  сөйлемдер жүйесі», «Тіл  тарихы», «Стиль  және 

сөз мағынасы».  



 



ІІ. «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША БАЗАЛЫҚ БІЛІМ 



МАЗМҰНЫ 

 

5 – СЫНЫП 

 

Ана тілінің қызметі (1сағат)  

І.  Әдеби тіл және мәтін (8 сағат) 

Әдеби  тілдің  жазу  мен  сөйлеудегі  мәні.  Әдеби  тілдің  ауызша  және 

жазбаша  түрі.  Мәтіндер  бойынша  жазба  әдеби  тіл  мен  ауызша  әдеби  тілдің 

ерекшеліктерін  аңғарту.  Мәтіннің  түрлері.  Ауызекі  сөйлеуге  қатысты 

мәтіндер,  ондағы  тақырыптық  ерекшеліктер.  Оның  берілу  формалары, 

сөйлем құрау жүйесі. Мәтіннің құрылысы.  

Жазбаша мәтіндер. Тақырыбы, негізгі идеясы. Ойдың берілу тәсілдері: 

әңгімелеу,  баяндау,  сипаттау,    талқылау,  мінездеу  және  т.б.  мәтіннің 

құрылысы.  Абзац.  Сөйлем.  Сөйлемдердің  байланысы.  Әр  абзацтағы,    әр 

сөйлемдегі тірек сөздер.  



ІІ. Лексика (48 сағат)  

Сөз және оның мағынасы (28сағат)  

Сөз және оның мағынасы 

Сөз  мағыналары  мен  тіл  байлығы  –  Лексиканың  қарастыратын 

мәселелері.  Сөздің  дыбыстық  жалмығы    мен  ішкі  мағыналық  бірліктен 

тұратыны. Сөздің негізі лексикалық  мағына болып табылатындығы. Сөздің 

бір  мағыналы  және  көп  мағыналы  болатындығы.  Сөздің  негізгі  қызметі  – 

атау, яғни зат, құбылыс, әрекетті, олардың белгілерін атап білдіруі. Сөздердің 

сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына екендігі. 

Сөздің тура мағынасы және ауыспалы мағынасы. 

Сөздің атауыш мағынасы тура мағына деп аталатындығы.  

Сөздің  тура  мағыналары  толық  мағыналы  дербес  сөздердің  бәріне  де 

қатысты  болатындығы.  Бірнеше  лексикалық  мағынасы  бар  сөздердің 

алғашқы, бастапқы мағыналары тура мағыналары болса, кейінгі мағыналары 

ауыспалы мағыналары болып табылатындығы.  

Ауыспалы  мағына  деген  ұғымның  екі  түрлі  ұғынылатындығы:  жүре 

келе  пайда  болған  кейінгі  атауфш  мағынаны  да  білдіретіндігі  және  сөздің 

көркемдеп  қолданудан  сөйлеу  үстінде  туатын  «жаңа»  мағынасын  да 

білдіретіндігі.  

Сөздің  ауыспалы  мағынада  қолданылуы  көп  мағыналы  сөздердің  

тууына себепші  болатындығы.  

Көп мағыналық. Көп мағыналы сөздердің  екі я одан да көп мағынасы 

болатындығы.  Бұлардың  әр  сөз  табына    қатысты  екендігі.  Көп  мағыналы 

сөздердің бір негізден шығатындығы.  

Сөздердің мағыналық топтары.  

Омонимдер.  Омоним  сөздердің  анықтамасы.  Омоним  сөздердің    көп 

мағыналы  сөздермен    ұқсастығы  және  айырмашылығы.  Омонимдердің  бір 

сөз  табынан  да,  әр  түрлі  сөз  табынан  да  болатындығы,  түбірлердің  сөз 

тудыруға  ұйтқысы болатындығы. Омонимдер сөздігі.  


 

Синонимдер. Синонимдердің анықтамасы. Синонимдердің тіл байлығы  



мен  сөз оралымдылығының көрсеткіші  екендігі.   Синонимдік  қатар, ондағы 

сөздердің  мағыналық,  реңктік  ерекшеліктері,  оларды  мақсатқа  сай  талғап, 

саралап  қолданудың  мәні.  Синонимдердің  мағыналық  айырмашылығын 

ажыратудың    жолдары.  Синноним  сөздердің  сөздердің  бір  ғана    сөз  табына 

қатыстылығы. Синонимдер сөздігі.  

 Антонимдер.    Антонимдердің  қарсы  мәндес  сөздердің  жұбынан 

тұратындығы.  Антонимдердің  көп  мағыналы  сөздерге,  синонимдерге, 

омонимдерге  қатысы.  Антонимдердің  ойды  анықтап,  көркемдеп,  әсерлі 

жеткізудегң мәні. Антонимдер сөздігі.  

Табу. Эвфемизмдер мен дисфемизмдер. Табудың анықтамасы. Мұндай 

сөздердің  қазақ  халқының  өмірінде  кең  тарағандығы,  қолданылу  себептері. 

Эвфемизмнің анықтамасы, оның табу сөздерден айырмашылығы. Қолданылу 

жағдайлары.    Дисфемизмнің  анықтамасы,  оның  эвфемизмге  қарама-қарсы 

құбылыс екендігі. Қолданылу жағдайлары, әдеби тілге жатпайтындығы.   

Фразеологизмдер  (тұрақты  тіркестер).  Тұрақты  тіркестердің  өзіндік 

ерекшеліктері:екі не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына 

білдіруі,  құрамындағы  сөздердің  орын  тәртібінің  тұрақты  болуы,  даяр 

қалпында  жұмсалып,  сөйлемнің  бір  ғана  мүшесі  қызметін  атқаратындығы. 

Фразеологизмдердің  ойды  әсерлі  берудегі  мәні.  Фразеологизмдердің 

синониммен,  антониммен  байланыстылығы.  Фразеологиялық  сөздік. 

Фразеологизмдердің емлесі.  

Мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің халықтық рухани қазына екендігі, 

олардың  өзара  ұқсастығы  мен  ерекшеліктері.  Мақалдардың  ғибраттық 

өсиеттік  мәні;  мәтелдің  ишара,  меңзеу  тұрғысында  қолданылатындығы. 

Мәтелдердің фразеологизмдермен ұқсастығы, өзгешелігі.  

Тілдің сөздік құрамы (20 сағат).  

Сөздік қор және сөздік құрам.  

Тілдің  сөз  байлығын  құрайтын  сөздік  қор  және  сөздік  құрам  жөнінде 

түсінік.  Сөздік  құрамның  қоғаммен  бірге  дамып,  өзгеріп  отыратындығы. 

Сөздік құрамның тармақтары.  

Қазақтың байырғы төл сөздері және басқа тілден енген сөздер.  

Тілдің  негізгі  сөздік  қорын  байырғы  сөздер  құрайтындығы,  оның  тіл 

дамуының қайнар көзі екендігі.  

Басқа  тілден  енген  сөздердің  тілге  сіңісу    жолдары  (сол  қалпында, 

дыбыстық    өгеріске  ұшырап  енуі).  Олардың  сөздік  құрамнан  алатын  орны. 

Басқа тілден енген сөздердің емлесі, орфоэпиялық нормасы.  

Көнерген  сөздер  мен  жаңа  сөздер.    Көнерген  сөздердің  тарихи  сөздер 

және архаизмдер болып бөлінетіндігі. Тарихи сөздердің қоғамдық-әлеуметтік 

атауларға, ал архаизмдердің халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық атауларға 

қатыстылығы. Қазіргі қазақ тіліндегі көнерген  сөздердің «жаңғыыру» үрдісі, 

этнолингвистикалық атаулардың қайта жандауы.  

Жаңа  сөздердің  жасалуы.  Жаңа  сөздердің  ең  әуелі  баспасөз,  ақпарат 

құралдары  арқылы  таралып,  тілге  сіңісетіндігі,  бірте-бірте  жалпылама 

лексикаға ауысатыны.  


 

10 


Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері.  

Жалпылама лексика. Жалпылама лексиканың сол тілде сөйлеушілердің 

бәріне  түсініеті  болатындығы.  Жалпы    халықтық  лексикаға  қолдагылу 

жағынан    шек  қоылмайтындығы,  барлық  стильге  бірдей  ортақ  қызмет 

атқаратындығы, жалпылама лексика әдеби тіл сөздігінің негізгі қоры болып 

табылатындығы.  

Диалект  сөздер.  Диалект  сөздердің  өзіндік    белгілері.    Диалектілердің 

тарихпен,  аймақтық  ерекшеліктермен    байланысы.  Диалект  сөздердің  тіл 

мәдениетімен    қатысы.  Диалектілердің  қолданылу  өрісі.  Диалекталогиялық 

сөздік.  

Кәсіби  сөздер  және  терминдер.  Кәсіби  сөздердің  өзіндік  белгілері: 

белгілі  бір  кәсіпке  байланысты  қолдынылатындығы,  сол  кәсіппен 

айналасатындарға  ғана  түсініктілігі.  Кәсіби  сөздердің  термин  сөздерге 

жақындығы. 

Термин  сөздердің  ғылым,  техника  саласымен  байланыстылығы. 

Терминнің  қолдану  аясының  тарлығы,  бір  ғана  ұғымды  білдірнтіндігі.  Тер-

миндердің жасалу жолдары. 

      III.Фонетика (28 сағат). 

 Фонетиканың қарастыратын мәселелері. 

 

Тіл  дыбыстары  туралы  жалпы  ұғым.  Тіл  дыбыстары  туралы 



бастауышта  алған  білімдерін  еске  түсіру.  Тіл  дыбыстарының  сөз 

мағынасымен арақатынасы. Тіл дыбыстарының жасалуы. 

Қазақ әліпбиі. Қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін білудің мәні. 

Дауысты  дыбыстар.  Дауысты  дыбыстардың  өзіндік  белгілері:  үннен 

тұратындығы, созылып айтылатындығы, буын құрайтындығы. 

Дауысты  дыбыстардың  жіктелуі:  а)  тіл  қатынасына  қарай:  жуан, 

жіңішке;  ә)  ерін  қатынасы  қарай:  еріндік,  езулік;  б)  жақ  қатынасы  қарай: 

ашық, қысаң болып бөлінетіндігі. 

Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері: үн мен 

салдардан  тұратындығы,  созуға  келмейтіндігі,  буын  құрай  алмайтындығы. 

Дауыссыз  дыбыстардың  үн  мен  салдардың  қатынасына  қарай  жіктелуі:  а) 

қатаң  дауыссыз  дыбыстар;  ә)  ұяң  дауыссыз  дыбыстар;  б)  үнді  дауыссыз 

дыбыстар. 

Үндестік заңы. Буын және дыбыс үндестігінің мәні. 

Сингармонизм  заңының  қазақ  тілінің    халықтық  сипатын 

танытатындығын.  Қазақ  сөздерінде  буын  үнестігінің  сақталуы  тілдік 

заңдылық  екендігі. Сөз  құрамындағы дауысты  дыбыстардың бірыңғай  жуан 

не  жіңішке  болып  келетіндігі  (мысалы:  -  балалар  (балалер  емес);  үйлер 

(үйлар емес). Еріндік, езулік дауыстылар арасындағы үндестік: о-ы, ө-і, ұ-ы, 

ү-і әріптерінің емлесі 

Басқа  тілден  енген  сөздердің  құрамындағы  дауысты  дыбыстардың 

аралас келе беретіндігі, буын үндестігінің сақталмайтындығы. 

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, олардың емлесі. 


 

11 


Дыбыс үндестігі – қазақ тілінің тұрақты сипаты. Сөз қолданысындағы 

дауыссыз    дыбыстардың    өзара    үндесетіндігі,  дауысты    дыбыстардың  

дауыссыз дыбыстарға әсер ететіндігі. 

Ілгерінді ықпал, оның ерекшелігі , қолданылатын  орындары. 

Кейінді ықпал, оның ерекшелігі, қолданылатын орындары. 

Сөз  құрамындағы,  сөз  тіркестеріндегі  дыбыстардың  үндестігін  сақтап 

айтудың тіл мәдениетімен байланысы.  

Басқа тілден енген сөздердің жазылуы: 

б, в, г, д әріптерінің емлесі; 



қосарлы дауыссызға аяқталған сөздердің емлесі. 

Орфоэпия  және  орфография.  Сөздерді    дұрыс  айту    мен    дұрыс 

жазудың  нормалары.  Олардың    тіл    мәдениетіне    қатысы,    қолданылатын 

орындары.    Орфоэпиялық  және  орфографиякалық  нормалардың  арнаулы 

сөздіктерде берілуі. 

Буын.  Буынның  анықтамасы.  Буынның  түрлері:  ашық  буын,  тұйық 

буын,  бітеу  буын. 

Тасымал. Сөздерді тасымалдау тәсілдері. 

Екпін.  Қазақ  тіліндегі  екпіннің  тиянақтылығы.  Екпіннің  түрлері:    сөз 

екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін, қолданылатын орындары. 

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәні. Олардың  

тілдік  этикетпен  байланысты  болатындығы.  Сөздің  дұрыс  берілуіндегі 

итонация мен дауыс кідірісінің, екпіннің атқаратын рөлі, сөйлеу мақсатымен 

бірлігі. 

 Интонация  және  оның  элементтері  (сөз  әуені,  әуезі,  тембрі,  сөйлеу 

мәнері). 



  1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал