Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс шаралары



бет230/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   264
Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс шаралары

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және қолданылған жағдайда қорғау, одан болатын залал мен шығынды азайту мақсатында:

1) алдын ала:

- бейбiт және соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасау;

- азаматтық қорғаныстың басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құру мен дамыту және оларды пайдалануға әзiрлiкте ұстау;

- Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, жасақтау, жарақтандыру және әзiрлiкте ұстау;

- зақымдау құралдары қолданылған жағдайда қорғану әдiстерi мен iс-қимыл жасауға басқару органдарын дайындау және оған халықты жаппай оқыту;

- Азаматтық қорғаныстың қорғану құрылыстарын салу мен олардың қорын жинақтау және оларды жұмыс iстеуге әзiрлiкте ұстау;

- Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға және халықтың тiршiлiгiне арналған жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық құралдардың қорларын, резервтерiн жасау, жинақтау және дер кезiнде жаңартып отыру;

- эвакуациялық шараларды жоспарлау мен жүргiзу;

- шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi жөніндегі шараларды жоспарлау және орындау;

- Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларының жұмылдырылу дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды өткізу;

2) зақымдау құралдарын қолданған кезде:

- зақымдау құралдарының қолданылу қатерi мен қолданылуы жайында құлақтандыру, халықты iс-қимыл тәртібі мен ережелерi жөнiнде хабардар ету;

- халықты қорғану құрылыстарына паналату, қажет болған жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдалану;

- жараланғандар мен жарақат алғандарға медициналық көмек көрсету;

- iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу;

- басқарудың, құлақтандыру мен байланыстың бұзылған жүйелерiн қалпына келтiру;

- халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерi мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнде шұғыл авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу;

- Азаматтық қорғаныс құрамаларының әзiрлiгiн қалпына келтiру;

- эвакуациялық шаралар жүргiзу жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет