Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет1/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   264



Ж.Н. Рахманбердиева

ЭКСТРЕМАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА АДАМНЫҢ ӨМІР СҮРУ ТӘСІЛДЕРІ

Шымкент, 2021




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ж.Н. Рахманбердиева

ЭКСТРЕМАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА АДАМНЫҢ ӨМІР СҮРУ ТӘСІЛДЕРІ

Шымкент, 2021



ӘОЖ 614.8 (075.8)

КБЖ 68.69 Я 73

Ж 27
Рахманбердиева Ж.Н. Экстремалдық жағдайларда адамның өмір сүру тәсілдері. – Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2021. 248 бет.

ISBN 978-9965-20-319-0










Мазмұны





Кіріспе

7




Қысқартылған терминдер

9

1

Төтенше жағдайлар және олардың жіктелуі

10

2

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың туындау көздері

25


2.1

Су тасқынымен туындайтын төтенше жағдайлар

25

2.2

Жер сілкінісімен туындайтын төтенше жағдайлар

38

2.3

Күшті желдермен туындайтын төтенше жағдайлар




2.4

Атмосфералық жауын-шашындармен туындайтын төтенше жағдайлар

47


2.5

Жанартаулардың атқылауымен туындайтын төтенше жағдайлар

54

2.6

Көшкіндермен, опырылмалармен, сырғымалармен, селдермен туындайтын төтенше жағдайлар

58


2.7

Табиғи өрттермен туындайтын төтенше жағдайлар

64

3

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың салдары

72


3.1

Өрттермен туындайтын төтенше жағдайлар

72

3.2

Жарылыстармен туындайтын төтенше жағдайлар

97

3.3

Авариялық химиялық қауіпті заттармен туындайтын төтенше жағдайлар

101

3.4

Радиациямен туындайтын төтенше жағдайлар

105

3.5

Электр тогымен туындайтын төтенше жағдайлар

108

3.6

Транспорт құралдарымен туындайтын төтенше жағдайлар

110

3.6.1

Автокөліктегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары

110

3.6.2

Әуе көлігіндегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары

112

3.6.3

Теміржол көлігіндегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары




114


3.6.4

Қоғамдық көліктердегі төтенше жағдайлар мен оларға қарсы іс-шаралар

115


3.6.5

Су көлігіндегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары

116

3.6.6

Метрополитендегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары

117

4

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың туындау негіздері

122


4.1

Соғыстармен туындайтын төтенше жағдайлар

122

4.1.1

Ядролық қару

123

4.1.2

Химиялық қару

131

4.1.3

Биологиялық қару

133

4.1.4

Жаңа физикалық принциптегі қарулар

134

4.1.5

Қарапайым қарулар

140

4.2

Лаңкестік әрекеттермен туындайтын төтенше жағдайлар

142

4.2.1

Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат тапқан жағдайдағы іс-әрекеттер

145


4.2.2

Телефон бойынша лаңкестік акті қаупі төнген кездегі іс-әрекеттер

147


4.2.3

Лаңкестік қауіп жазбаша түрде түскен кездегі іс-шаралар

149

4.2.4

Пошта арқылы жіберілген жолдамаларда күдікті заттар табылған кездегі әрекеттер

150


4.3

Адамдарды ұрлаумен туындайтын төтенше жағдайлар

151

4.4

Кепілге алумен туындайтын төтенше жағдайлар кезіндегі іс-шаралар

153


4.5

Қауіпті әдеттермен туындайтын төтенше жағдайлар мен олардың зардаптары

154


4.5.1

Нашақорлық және оның зардаптары

154

4.5.2

Маскүнемдік және оның зардаптары

157

4.5.3

Шылымқорлық және оның зардаптары

160

4.5.4

Девиантты (ауытқымалы) мінез-құлық

167

5

Экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар

178

5.1

Адам және өмір сүру ортасы

178

5.2

Атмосфераның ластануы және ауа сапасын бақылау ережелері

180

5.3

Гидросфера және оның ластануы

191

5.4

Топырақ және оның ластануы

196

5.5

Қауіпсіздік және экологиялылық талаптарын бақылау жүйелері

200

6

Төтенше жағдайлар салдарын жою тәсілдері

206

6.1

Тіршіліктің қауіпсіздігін басқару

206

6.2

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi

207

6.3

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру принциптерi мен тәртібі

208

6.4

Қазақстан Республикасының халқын, аумағы мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау саласындағы азаматтық қорғаныс шаралары

208

6.5

Азаматтық қорғаныс күштерi




214

7

Алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері

217

7.1

Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек

219

7.1.1

Күкірт ангидридінің, меркаптандардың, көміртегі қос тотығының және күкірт көміртегінің қасиеті мен адам ағзасына әсері

220

7.2

Радиобелсенді, улағыш, күшті әсер ететін улы заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек

221

7.3

Электр тогынан зардап шегушіге алғашқы көмек

223

7.4

Жасанды дем алдыру арқылы көрсетілетін көмек

227

7.5

Жүрек сыртына массаж жасау арқылы көмек

228

7.6

Жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы көмек

230

7.7

Қан кету жағдайында көрсетілетін алғашқы көмек

231

7.8

Күйіп қалғанда көрестілетін алғашқы көмек

234

7.9

Үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек

235

7.10

Сүйек сынған, шыққан, соғып алған және буын аралығы созылған жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек

236

7.11

Жат заттар түскен жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек

239

7.12

Есінен тану, жылу мен күн өткен және улану жағдайларында көрсетілетін алғашқы көмек

240

7.13

Суға бату жағдайларында көрсетілетін алғашқы көмек

241

7.14

Шағу жағдайларында көрсетілетін алғашқы көмек

243

7.15

Зардап шеккендерге көрсетілетін тасымалдау әдістері

244




Қолданылған әдебиеттер тізімі

246

Кіріспе


XXІ ғасырда орын алған қарқынды ғылыми-техникалық прогресс тек ғана өнімділіктің жоғарылауына әсер етпей, сонымен қатар көптеген көлемде қалдықтардың жинақталуы мен қоршаған табиғи ортаға кері әсерін тигізіп отыр. Күн сайын көлемі артып жатқан қалдықтар адамзаттың өмірі мен денсаулығына, халықтың тұрмыстық объектілеріне, инфрақұрылымға және қоршаған ортаға айтарлықтай зиянын тигізуде.

Өндірістік кәсіпорындардың, энергетикалық жүйелердің және транспорт құралдарының атмосфераға, су ортасына және топыраққа шығаратын тастандыларының көлемі, кейбір өндірістік орталықтарда мүмкін шектік мөлшерлерінен әлде-қайда артып түсуде. Сондықтан да, қоршаған ортаны қорғау мәселелері адамзаттың алдындағы маңызды тапсырмасы.

Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп тұр. Себебі адам өмір сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауынан, техникалық жоғарғы деңгейге жетпегендіктен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады.

Өмір сүру ортасы адамға әр уақытта өзінің жағымсыз әсерін тигізіп келді. Бірақ, көптеген ғасырлар өте өмір сүру ортасы өзінің бейнесін біршама өзгерте бастады. Осыған орай жағымсыз әсерінің түрі мен деңгейі де өзгерді. ХХ ғасырдың аяғынан бастап адамның белсенді әсер етуінің нәтижесінде өмір сүру ортасында елеулі өзгерістер болды. Жер бетінде биосфераның шамадан тыс ластанған аймақтары пайда болды. Биосфера өзінің мәнін жоғалтып, адам көп шоғырланған жерлері техносфераға өтті. Нәтижесінде ғаламшарда экожүйесі бұзылмаған территориялар аз қалды. Әсіресе дамыған елдердің экологиялық жүйесі көбірек бұзылуда.

Техносфераны жасай отырып, адам баласы тіршілігінің үптелген жағдайын жоғарылатуға тырысты. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап өндірістік өнеркәсіптер 100 есеге артты. Бұл прогресс адам баласын ең жоғарғы деңгейге шығарды, бірақ ол өзінің кері әсерін, яғни жер қойнауының кедейленуіне әкеліп соқты.

ХХ ғасырда адамның, қоғамның және мемлекеттің басты мақсаты техногендік сфераны қарқынды дамыту болса, ал ХХІ ғасырда адам, қоғам, мемлекет және жалпы адамзат өркениеті үшін шығындар мен қауіптерді төмендету болып отыр.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап өндірістердегі түпкілікті өзгерістер, көп жағдайда айтарлықтай деңгейде химиялық өнеркәсіптердің қарқынды дамуымен байланысты.

Біріншілей энергия көздері болып табылатын мұнай мен газ саласы 70% өсті. Заманауи объектілердің энергия тұтыну қабілеті орасан зор. Қуаты жылына 10-15 млн/тонналық мұнай өңдеу зауытының территориясында 300-500 мың тоннаға дейін көмірсутекті отын қоры жинақталды. Бұл қордың энергиясы эквивалентті түрде 3-5Мт тротил баламасына тең. Технологиялардың әр уақытта қарқындауынан температура, қысым, қауіпті заттардың мөлшері сияқты көрсеткіштер тоқтамсыз өсіп, өзінің шектік мәніне жетуде. Аппараттардың бірлік қуаттары да артуда, осыған сәйкес ондағы қауіпті заттардың да мөлшері артуда. Осы жіктелген заманауи өндірістік кәсіпорындардың ерекшеліктері апаттық жағдайлардың масштабын арттыруда.

Сонымен, адамның өз қолымен жасалған техносфера, оның қауіпсіздігі мен үптелген жағдайының талаптарын максималды қанағаттандыруда үмітін ақтамады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет