7.13 Суға бату жағдайларында көрсетілетін алғашқы көмек
Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі негізгі талап – ойланып, салмақты және абайлап әрекет ету. Біріншіден, батып бара жатқанды көрген кезде тез арада жағдайды саралау.
Барлық жағдайда батып бара жатқанға оның байқалғандығы және көмек көрсетілетіндігі хабарланады. Бұл оны жігерлендіреді және зардап шегушіге күш-қуат береді.
Егер мүмкін болса, батып бара жатқан немесе жүзу кезінде шаршаған адамға оны жағаға, қайыққа тарту үшін таяқтың немесе киімнің үшін береді не қолда бар суға батпайтын құтқару затын немесе арнайы құтқару қару-жарағы лақтырылады. Құтқаратын затты лақтыру кезінде батып бара жатқанға тимейтіндей қылып лақтырылады. Егер ондай заттар болмаса немесе оларды пайдаланудың өзі батып бара жатқан не шаршаған адамды құтқаруды қамтамасыз етпесе, онда оған көмек көрсету үшін жүзіп барады.
Көмек көрсетушінің өзі жақсы жүзумен қатар, зардап шегушіні тасымалдау тәсілдерін білуі қажет. Оның қолымен ұстауларынан босана білуі және қолмен дем алдыру мен жүрек сыртынан массаж жасайды.
Егер жаппай жазатайым оқиға орын алған кезде батып бара жатқандардың әр қайсына бөлек көмек көрсетуге тырысады. Бірнеше адамды бірден құтқару мүмкін емес.
Батып бара жатқанға көмек көрсету үшін дереу суға секіру қажеттілігі кезінде аяқ-киім мен киімді шешеді. Жағадан секіру кезінде түбі мен тереңдігін білмейтін жерлерге аяқпен секіреді. Судың ағысын пайдалану үшін суға секіретін жерді таңдаған жөн.
Жағадан алыс қашықтықтағы суға киіммен секірген кезде мүмкіндігінше барлық киім мен аяқ-киім шешіледі.
Су температурасы төмен болған кезде немесе шаршағанда аяқтың балтыр, жамбас немесе саусақтың бұлшық еттерінің тартылуы мүмкін. Балтыр тартылған кезде арқасына жатып жүзіп, тартылып тұрған аяқты судан шығарып, саусақтарын өзіне қарай тартады. Жамбастың бұлшық еттері тартылған кезде тізені қатты бүгу, оған қоса табанды қолмен жамбастың ішкі жағына қарай тартады. Қолдың бұлшық еттері тартылған кезде қолды жұдырыққа түйіп, судан шығарып, қатты серпеді.
Жүзу кезінде шаршаған адамға мынадай көмек көрсетуге болады: көмек көрсетуші өзінің иығын шаршаған адамның созылған қолының астына қойып, оны «брасс» стилімен жүзіп отырып тасымалданады. Егер шаршаған адам көмек көрсетуші адамның қозғалыстарына ілесе отырып, аяғымен жүзсе бұл оған көмек болады. Шаршаған адамның қолдарының көмек көрсетушінің иығынан сырғып кетпеуі бақыланады.
Батып бара жатқанға көмекті артынан, оның жабысып ұстауынан қорғана отырып көрсетіледі. Батып бара жатқанның жабысып ұстауынан босанудың бірнеше тәсілдері бар:
- егер батып бара жатқан көмек көрсетушінің денесіне немесе мойынына алдынан жабысып ұстап алса, бір қолмен оның белінен ұстап тұрып, екінші қолының алақанымен батып бара жатқанның иегіне тіреніп оның мұрныны қысып тұрып, иегінен қатты итеру қажет. Болмаған жағдайда көмек көрсетуші тізесімен батып бара жатқанның ішіне аяғымен тірелуі және күшпен одан итерілуі керек;
- егер батып бара жатқан көмек көрсетушінің артынан мойынын қысып алса, бір қолмен батып бара жатқанның қолының білегінен ұстап, екінші қолмен сол қолдың шынтағын итеру қажет. Содан кейін көмек көрсетуші батып бара жатқанның қолын өзінің басы арқылы жылдам түрде ауыстырады және қолын босатпай тұрып, батып бара жатқанды өзіне арқасымен бұрып алып жаға қарай тартады;
- егер батып бара жатқан көмек көрсетушіні қолының білектерінен жабысып ұстап алса, ол жұдырығын түйіп, бір уақытта аяқтарын батып бара жатқанның ішіне итере отырып, сыртқа қарай қатты сілкеді;
- егер батып бара жатқан көмек көрсетушінің аяғынан жабысып ұстап алса онда бір қолмен оның басын өзіне қарай қысып, екінші қолмен оның иегінен ұстап, өзінен ары қарай бұрады.
Егер батып бара жатқан адамның артына жүзіп бару мүмкін болмаса, онда одан бірнеше метр қашықтықта сүңгіп, жанына жүзіп келіп, бір қолмен оның тізесін итеріп, екінші қолмен аяғын ұстап, оқыс қимылмен оны арқасымен өзіне қарай бұрып, жағаға қарай тартады.
Егер зардап шегуші су айдынының түбінде бетімен жоғары қарап жатса, көмек көрсетуші суға сүңгіп, оған оның аяқ жағынан жүзіп келеді. Қандай жағдай болмасын көмек көрсетуші зардап шегушінің қолтығынан көтеріп, аяғымен судың түбінен қатты итеріліп, онымен бірге судың бетіне жүзіп шығуы және оны жағаға тартады.
Батып бара жатқанды бірнеше тәсілмен тартуға болады:
«басынан» тарту тәсілі. Бұл үшін көмек көрсетуші батып бара жатқанды арқасына аударып, оның бетін алақанымен екі жақтан қысып – бас бармақтарымен оның беттерін, ал шынашақтарымен – астыңғы жағын, құлақтарын жауып, оның бетін судың бетіне шығарылған қалпында ұстайды;
арқасымен жүзу арқылы;
«қолынан тарту арқылы» тәсілі. Бұл үшін көмек көрсетуші батып бара жатқанның артынан жүзіп келіп, оның шынтақтарын артына қайырып, өзіне тарта отырып, жағаға еркін стильде жүзеді;
«қолының астынан тарту» тәсілі. Бұл үшін көмек көрсетуші батып бара жатқанның артынан жүзіп келіп, өзінің оң (сол) қолын батып бара жатқанның оң (сол) қолының астына салып, батып бара жатқанды екінші қолының шынтағынан ұстайды. Содан кейін батып бара жатқанды өзіне тартуы және бір жанымен жағаға қарай жүзеді.
Ессіз зардап шеккенді тартып шығару үшін көмек көрсетуші бір жанымен жүзіп, зардап шегушінің шашынан немесе киімінің жағасынан тартып шығарады.
Тартып шығарудың қандай тәсілін қолданса да, батып бара жатқан адамның мұрны мен аузы судың бетінде болады.
Батып бара жатқанды қайықтан құтқару кезінде оны жанынан емес артымен немесе алдымен келтіреді. Батып бара жатқанды қайыққа алу кезінде оны артынан немесе алдынан алу керек, себебі жанынан алу кезінде қайықтың аударылуы мүмкін. Егер екінші көмек көрсететін адам қайықтың артынан ұстай алмаса, батып бара жатқанды әрдайым қайыққа алуға болмайды.
Егер қайықта бір ғана адам болса, суға секірудің қажеті жоқ, себебі басқарылмайтын қайық судың ағысымен кетуі мүмкін. Қайықпен батып бара жатқанды арнайы құтқару қару-жарақтарынсыз құтқаруға шығатын кезде егер ол есін жоғалтса батып бара жатқанға беру үшін өзімен бірге таяқ, қада және сол сияқты заттарды алуы керек болады.
Зардап шеккенге көмек оны судан шығарғаннан кейін дереу көрсетіледі. Егер зардап шегуші есін жоғалтқан болса (бозарған, тамырының соғу сезілмесе немесе әрең сезілсе, дем алмаса немесе терең дем алса) оны тірілтуге кірісіп, дәрігер шақырады.
Егер қолмен дем алдыру қажет болса, оны бастар алдында оның аузын ашу және оны лайдан, құмнан, балдырлар мен шырыштан орамалмен немесе көйлекпен тазалайды. Содан кейін қолмен дем алдыруға кіріседі. Төменгі тыныс алу жолдарынан суды шығаруға уақытты кетірмейді. Егер зардап шегушінің ұйқы күре тамырының соғуы сезілмесе және көз қарашықтары үлкейген болса, дереу жүректің сыртынан массаж жасауды бастау қажет. Қолмен дем алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасауды зардап шегушінің тұрақты дем алуы қалпына келгенге немесе оны медицина персоналына тапсырғанға дейін жүргізеді. Көмекшілер болған жағдайда олар бұл уақытта зардап шегушінің денесі уқаланады және жылытылады. Су мен ауадан созылған асқазанды босату үшін зардап шегушіні қырына жатқызып, ішінің үстіңгі қабатын басып, бетімен жерге қаратып және ішін қолмен қысып, оны жоғары көтеріп суды сыртқа (зардап шеккенді «көтеріп-түсіріп») шығарады. Бұл іс-шаралар тез жасалынады.
Зардап шегуші дем алып бастаған кезде оған мұсатыр спиртін иіскетіп, (жарты стакан суға) шүйіншөп тұнбасының 15-20 тамшысын ішкізіп, құрғақ киімді ауыстырып кигізіп, жылы нәрсемен үстін жауып, қою шай беру және медицина персоналы келгенше толық тыныштықпен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |