Өртті сөндіру үрдісі – еңбек сыйымды және өте қауіпт жұмыс. Ол жану аймағына оттегінің және жанғыш материалдардың келуін шектеуді, жану аймағын салқындату үшін өрт сөндіргіш заттарды қарқынды қолдануды қарастырады. Өрттерді сөндіру кезінде арнайы өрт техникалары мен технологиялары қолданылады.
Ғимараттардың көпшілігі өрт крандарымен, өрт шкафтарымен жарақталады. Әр шкафта өрт шлангасы, түтікше, бекіткіш вентиль (кран) болуы қажет. Өрт туындаған жағдайда жылдам шланганы өрт кранына жалғап, шланганың басына түтікшені кигізеді, бекіткіш вентильін ашады. Егер кнопкасы болған жағдайда оны қосады. Бірінші кнопка желдеткішті іске қосса, екіншісі судың келу жылдамдығын арттыру үшін су сорабын іске қосады. Сумен бірінші жалынды бәсеңдетеді, сонан соң өрт ошағына себеді.
Кішкентай көлемдегі өрт аймағын сөндіру үшін қол өрт сөндіргіштері тиімді қолданылады. Қолданылатын өрт сөндіргіш материалдың түріне қарай олар келесідей бөлінеді: көбікті, көмірқышқылды, ұнтақты. Жұмыс істеу принципі өрт сөндіргіш компоненттерінің өрт сөндіргіш материалдарды түзетін химиялық реакцияларға негізделген.
Химиялық көбікті өрт сөндіргіш (ХКӨС) – 5-50°С температуралар аралығында электр қондырғыларынан басқа жанғыш материалдарды сөндіру үшін қолданылады.
ХКӨС өрт сөндіргішін іске қосу:
- пломбасын бұзу;
- қолсабын көтеру және қайтарғанша қайыру (180°);
- өрт сөндіргішті жоғарыдан төмен қарай төңкеріп, шайқау;
- түтікшесін өрт ошағына бағыттау.
Көмірқышқылды өрт сөндіргіш (КҚӨС) – қоршаған ауа температурасында -25°С-тан +50°С түрлі заттар мен материалдарды, сонымен қатар, жоғары кернеулі электр қондырғыларын сөндіруде қолданылады.
КҚӨС өрт сөндіргішін іске қосу:
- пломбасын бұзу және чекті көтеру;
- түтікшесін өрт ошағына бағыттау;
- тартпасын басу.
Өрт сөндіргіштердің жіктелуі 12 суретте бейнеленген.
Сурет 12. Өрт сөндіргіштердің жіктелуі
Ұнтақты өрт сөндіргіш ҰӨС - қоршаған ауа температурасында -25°С-тан +50°С бензинді, дизель отынын, лакты, сырды және басқа жанғыш сұйықтықтарды, сонымен қатар, кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларын сөндіруде қолданылады.
ҰӨС өрт сөндіргішін іске қосу:
- чекті көтеру;
- кнопкасын басу;
- пистолет түтікшесін өрт ошағына бағыттау;
- пистолет тартпасын басу.
Өрттің қауіпті факторлары:
1. Ашық от (жалын);
2. Ұшқындар;
3. Жылулық шағылу, қоршаған орта мен заттардың жоғары температурасы;
4. Түтін;
5. Өрт аймағындағы ауа құрамындағы оттегі шоғырының төмендеуі;
6. Жану үрдісінің уытты өнімдері (синиль қышқылы, көміртегі тотығы, фосген);
7. Жарылыстың потенциалды қауіпі;
8. Психологиялық ауыртпалықтар, стресс, адамдардың үрейі.
Өрт кезіндегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерінің тиімдісі – эвакуция.
Өрт аймағынан адамдарды жылдам әрі ұйымдасқан түрде жаппай эвакуациялауды өрт сөндіру қызметкерлері мен құтқарушылар жүзеге асырады. Олардың өкімдері мен шешімдері мүлтіксіз орындалуы қажет. Эвакуация кезінде ашық өрт алаңдарынан суға малынып немесе ылғал матаны жамылып өту керек.
Өрт кезіндегі негізгі жарақаттар: термиялық күйу, тұншығу, улану, жүйке ауруы.
Достарыңызбен бөлісу: |