Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Авариялық химиялық қауіпті заттармен туындайтын төтенше жағдайлар



бет100/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

3.3 Авариялық химиялық қауіпті заттармен туындайтын төтенше жағдайлар

Авариялық химиялық қауіпті заттар (АХҚЗ) – қоршаған табиғи ортаға түскенде төтенше жағдай туындататын, ауаны, суды, топырақты ластайтын, өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың улануына және қаза болуына әкеліп соғатын авариялық химиялық қауіпті заттар немесе олардың қосылыстары.

Қазіргі уақытта авариялық химиялық қауіпті зат болып табылатын 6 миллионнан астам химиялық қосылыстар белгілі. Адам күнделікті өмірінде ондаған мың химиялық заттармен кездеседі. Олар ауаның, судың, тағамның құрамына кіреді, бізді қоршап тұрған заттардың барлығы осылардан тұрады. Кейбір бағалаулар бойынша ауамен, сумен, азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, косметикалық препараттармен адам организміне келіп түсетін химияық заттардың саны 10 мыңға жуық. Бұл заттардың аз ғана шоғыры адам денсаулығы үшін қауіпсіз. Химиялық заттардың 500 жуығы жазатайым немесе әдейі қабылдауда, адам үшін өте қауіпті болып келеді.

Көп жағдайда адам келесі АХҚЗ зардап шегеді: азот, күкірт, тұз, синиль қышқылдары, аммиак, бромды метил, күкірт ангидриді, бензол, күкіртті оттегі, үшхлорлы фосфор, тиофос, тетраэтилқорғасын, фторлы сутек, фосген, хлор, хлорпикрин.

Қазақстан Республикасының территориясында 2500 жуық химиялық қауіпті объектілер орналасқан. Қазақстандағы АХҚЗ байланысты төтенше жағдайлар туындауы мүмкін территорияның ауданы шамамен 200 мың км2. Осы территориядағы тұрғындар саны шамамен 8,5 миллионға жуық. Қазақстан кәсіпорындарындағы АХҚЗ қоры миллиондаған тоннаны құрайды. Стандартты көкөніс сақтайтын қоймалардың өзінде 150 т аммиак сақталады. Аммиак тоңазытқыштарда салқындатқыш агент ретінде қолданылады. Су дайындау стансаларында 400 т дейін хлор сақталады. Темір жолдарда бір мезетте АХҚЗ бар 650-700 цистерна болады. Темір жол стансаларында осыншама цистерналар жүктеледі немесе босатылады.

АХҚЗ негізгі қоры химия, целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінде, мұнайхимиялық өндірістерде, қара және түсті металлургияда, тыңайтқыштар өндірісінде шоғырланған. Едәуір көлемдегі қоры тамақ, ет, сүт өндірістерінің объектілерінде, тоңазытқыштарында, сату орындарында, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықта жинақталған.


Кесте 7.

Химиялық заттардың қауіптілік сыныбы бойынша сипаттамасы



Көрсеткіш атауы

Қауіптілік класы бойынша мөлшерлеу

І

төтенше қауіпті



ІІ

өте қауіпті



ІІІ

қауіпті


ІV

төмен қауіпті



Жұмыс аймағындағы мүмкін шектік шоғыры, мг/м3

0,1 кем

0,1

1,1

10 көп

Асқазанға түскен жағдайдағы орташа өлім мөлшері, мг/кг

15 кем

15

150

500 көп

Теріге түскен жағдайдағы орташа өлім мөлшері, мг/кг

100 кем

100

500

2500 көп

Ауадағы орташа өлім мөлшері, мг/м3

500 кем

500

5000

50000 көп

Құбырлардың, цистерналардың немесе сыйымдылықтардың бұзылуынан, құрылғының істен шығуынан, жұмысты жүргізу технологиясының бұзылуынан, транспорттық және стихиялық апаттардан, теңіздер мен мұхиттарға, атмосфераға химиялық заттарды бақылаусыз тастау нәтижесінде қоршаған табиғи ортаға АХҚЗ түсіп, адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді жаппай залалдауы мүмкін.

Авария нәтижесінде авариялық химиялық қауіпті жағдай орнайды. Залалдау масштабы, салдары, залалдау уақыты АХҚЗ түріне, көлеміне, метеорологиялық жағдайға, жимиялық залалдану жағдайына халықтың дайындығына тікелей тәуелді.

АХҚЗ адам организміне әсер ету деңгейі бойынша 4 сыныпқа бөлінеді (кесте 20) [16].

ТЖ туындаған жағдайда АХҚЗ атмосфераға газ, бу, аэрозоль немесе сұйықтық түрінде тасталады. Сұйық АХҚЗ төгіліп ауаны залалдайды. АХҚЗ-мен ластанған бұлттар, ауа мен қоршаған ортаны залалдап, үлкен қашықтықтарға таралады. Заладанған территория ауданының тереңдігі АХҚЗ шоғырына және желдің жылдамдығына тәуелді. Желдің жылдамдығы 1 м/с кезінде залалданған бұлт 1 сағатта 5-7 км, 2 м/с кезінде 10-14 км, 3 м/с кезінде 16-20 км қашықтыққа таралады.

Тұрғындар бұхаралық ақпарат құралдарының көмегімен, ТЖ туындағаны жайлы хабардар болады. Сонымен қатар, заладанған аймақта қандай іс-әрекеттер жасау керектігі айтылады. Осы іс-әрекеттерді қатаң түрде орындау арқылы денсаулығыңзға зиян келтірмей, тірі қалуға болады.

Химиялық заладану фактілерін қосымша нышандары бойынша білуге болады: жағымзыс және тұншықтырғыш иіс, өзін жайсыз сезіну, айналадағылардың есінен тануы, тұрғындар арасындағы үрей, гүл мен көктің солуы, құстардың қырылуы және т.б.

Химиялық залалданудың нышандарын білісімен, тез арада газқағар, теріні қорғау құралдарын киіп, жертөлеге немесе панаханаға тығылу керек.

АХҚЗ әсерінен тұрғынарды қорғаудың әмбебап құралы – панахана. Олардың орналасу орындары арнайы белгілермен немесе жазулармен көрсетіледі.

Химиялық заладану аймағында қалған кейбір адамдарда газқағарлар болмай, панаханаға жасырыну мүмкіндігі болмауы да мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет