Фугасты оқ-дәрілер – өндірістік, әкімшілік және тұрғын ғимараттарды, темір жолдарды, көпірлерді, техника мен адамдарды зақымдауға арналған. Негізгі зақымдаушы факторы – соққы толқыны.
Кумулятивті оқ-дәрілер – сауытталған нысандарды зақымдайды. Әсер ету принципі жоғары температуралы, жоғары қысымды күшті газ ағымымен кедергіні жағуға негізделген.
Бетонқиратқыш оқ-дәрілер – аэродромдардың ұшу-қону алаңдарын және басқа да бетонмен қапталған объектілерді бұзуға арналған.
Көлемді жарылысты оқ-дәрілер – адамдарды, ғимараттарды, үймереттерді және техниканы соққы толқынымен зақымдайды. Әсер ету принципі газ-ауалы қоспаны шашыратуға негізделген.
Жандырғыш оқ-дәрілер – ададмдарды, техниканы және басқа да объектілерді зақымдауға арналған. Әсер ету принципі жоғары температураны қолдануға негізделген. Жандырғыш оқ-дәрілердің негізін қоспалар мен заттардың тобы құрайды. Ең тиімді қоспа бензиннен (90-97%) және қоюландырғыштан (3-10%) тұратын өртегіш. Өртегіш ылғал беттікте де оңай тұтанып, 5-10 минут аралығында жоғары температура (1000-1200°С) ошағын жасай алады. Ол судан жеңіл, сондықтан, су бетінде қалғып жану қасиетін сақтайды.