Жер сiлкiнiсiнен қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс шаралары
1. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн ықтимал жер сiлкiнiстерiнен қорғау мақсатында алдын ала мынадай шаралар кешенi жүргiзiледi:
- сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiн дамыту;
- республика аумағының сейсмологиялық қауiптiлiгiн ғылыми тұрғыдан болжау, бағалау және оны сейсмологиялық ықшам аудандарға бөлу;
- құрылыс нормалары мен ережелерiн сейсмологиялық қауiптi ескере отырып жасау;
- сейсмикалық орнықты үйлер мен ғимараттардың тиiмдi конструкцияларының және шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң сенiмдi жұмыс iстеуiнiң есептерiн ғылыми тұрғыдан негiздеу және оларды жобалау;
- сейсмикалық орнықты үйлер мен ғимараттар құрылысының сапасын бақылауды жүзеге асыру;
- ертеде салынған үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық жағынан орнықты болуын және сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
- аумақтағы құрылыс салуды ықтимал сейсмикалық әсерлердi ескере отырып реттеу.
2. Жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жоюда келесі шаралар орындалады:
- жер сiлкiнiсi туралы ақпарат алу, шешiм қабылдау және оны республика аймақтарына жеткізу;
- iздеу-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
- Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарының iс-қимылына және жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою жоспарына сәйкес басқа да шараларға басшылық жасау.
3. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, ұйымдардың басшылары өз құзыретi шегiнде болуы ықтимал жер сiлкiнiстерiнен халықты қорғау және олардың экономикалық залалын азайту мақсатында алдын ала:
- халық пен қоршаған ортаға аса қауiп төндiретiн, шаруашылық жүргiзу объектiлерi орналасқан ведомстволық бағыныстағы аумақтарда, сондай-ақ интенсивтi түрде мұнай, газ өндiрiлетiн аудандарда және жерасты жұмыстарында сейсмикалық аудандастыру жүргiзу мен сейсмикалық қауiпке баға берудi ұйымдастыруға;
- үйлер мен ғимараттарды, ең алдымен тұрғын үйлердi, мектептердi, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн, ауруханаларды, адамдар жаппай болатын басқа үйлердi, ғимараттарды және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде (жылу, су, газ, энергиямен жабдықтау және байланыс, кталдауация), химиялық және жарылыс қаупi бар өндiрiстердi сейсмикаға қарсы күшейту жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге;
- сейсмикалық жағынан осал үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеуден өткiзген кезде олардың құрылыс конструкцияларын мiндеттi түрде сейсмикаға қарсы күшейтудi көздеуге;
- үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiнде арнаулы шаралар қолданбайынша оларды салуға, сондай-ақ тектоникалық жарық шақтар, топырағы жайсыз аймақтарда және көшкiн болу қаупi бар беткейлерде құрылыс салуға жол бермеуге мiндеттi.
4. Жер сілкінісінің зардаптарын жою мақсатындаға АҚ күштерінің міндеттері:
1) уәкілетті органның басшысы:
- құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
- жер сілкінісінің күші, қираған жерлер, шығындар мен оның зардаптарын жою жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны жоғары тұрған органдар мен халыққа беруді жүзеге асыру;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары:
- жер сілкінісінің зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
- қираған жерлер, шығындар мен жер сілкінісінің зардаптарын жою жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны уәкілетті органға беруді жүзеге асыру;
3) ұйымдардың басшылары:
- жер сілкінісінің зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қызметкерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |