7.1.1 Күкірт ангидридінің, меркаптандардың, көміртегі қос тотығының және күкірт көміртегінің қасиеті мен адам ағзасына әсері
Күкірт ангидриді (күкірт газы, күкірт қос тотығы) SO2 - өткір иісті түссіз газ. Қайнау температурасы – 10°C.
Ауаға қатысты тығыздығы – 2,2; судағы ерітіндісі қышқыл болып келеді.
SO2 тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді; ең көп қосылымы олардың жөтел, қырыл,тамақтың, кеуденің ашуы мен ауруы, жас ағу, мұрыннан қан кету түрінде талаурауына әкеледі. Тұншығу, бас саңылауларының қысылуы болғанда өлімге әкеледі.
SO2 иісінің сезілетін шегі – 3 мг/м3. Тамақтың тітіркенуі 20-30 мг/м3 қосылымда болады, көздің тітіркенуі – 50 мг/м3, 60 мг/м3 қосылымда мұрын жарылып, түшкіру, жөтел байқалады, 120 мг/м3 небәрі 3 минутқа ғана шыдай алады, 300 мг/м3 тек 1 минут шыдайды.
Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт ангидридінің ШРҚ – 10 мг/текше м, елді мекендердегі күкірт ангидридінің ШРҚ: орташа тәуліктік – 0,05 мг/м3, ең жоғары бір реттік – 0,5 мг/м3.
Төменгі молекулалы меркаптандар RSH – жеңіл ұшатын, түссіз, тығыздығы бірден төмен тез тұтанатын сұйықтық. Суда нашар ериді, спирт пен эфирде жақсы ериді, өзіне тән иісі бар.
Меркаптандар - өткір жүйкелі у, наркотикті белгісі бар, бұлшық ет ұлпаларының сал ауруын тудырады. Адам ағзасына тыныс алу жолдары, тері, шырышты қабықша арқылы өтеді.
Меркаптандардың аз қосылымында шіріген орамжапырақтың иісіне ұқсас иісі болады, жүрек айнуы мен бастың ауруына шалдықтырады. Біршама жоғары қосылымда құсу, іштің өтуі, несепте ақуыз бен қанның пайда болуы, сіңірдің тартылуы сияқты аурулардың пайда болуына әкеледі. Кейбір меркаптандар үшін алғашқы ретте қоздыру тән. Метил меркаптанның ШРҚ – 0,8 мг/м3, этил меркаптанның ШРҚ – 1 мг/м3.
Елді мекендердегі ауадағы метил меркаптанның ШРҚ – 9х10 мг/м3.
Көміртегі қос тотығы (көміртегі ангидриді, көмір қышқыл газы) СО2 - қышқыл дәмі мен иісі бар түссіз газ. Тығыздығы 1,53 кг/м3 төменгі желдетілмейтін орындарда жиналады. Суда жақсы ериді. Судағы ерітіндісі нашар қышқыл болып табылады.
Көміртегінің қос тотығы адамға наркотикті әсері бар, теріні және шырышты қабықшаны тітіркендіреді.
35. Ең кіші қосылымдарда тыныс алу орталығын қоздырады, аса үлкен қосылымдарда езіп жібереді. Әдетте СО2 жоғарғы құрамы ауадағы оттегі аз құраммен байланысты, бұл тез өлімге шалдығуға әкеледі.
2,5-5% СО2 дем алғанда адамның басы ауырады, жоғарғы тыныс алу жолдары тітіркенеді, жүрек соғысы жиілей түседі, қысымы жоғарылайды. Ең көп қосылымдарда терлейді,құлағы шулайды, жүрек айнып, психиканың қозуына әкеледі, дененің температурасы төмендеп, көру мүмкіншілігі азаяды. Көміртегі қос тотығы ШРҚ 0,5% (көлемдік).
СS2 күкірт көміртегі – жағымды эфир иісі бар түссіз ұшатын сұйықтық, ішінара жарыққа қонады, қонған өнімдерінің түсі сары және нашар иісі болады. Балқу температурасы 112°С, қайнау температурасы 43,3°С, тығыздығы 1,26 г/см3. Суда, эфирде, спиртте ериді, күкіртті, майды ерітеді. Жарылыс шығу қаупі бар, жарылыс шығу қаупі ауа қоспасымен қосылымында 1,25-50% (көлемдік).
Күкірт көміртегі - өткір жүйкелі у, тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкеледі. Тыныс алу жолдарының, көздің, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің тітіркенуіне әкеледі. Теріге тиген жағдайда тітіркендіреді, майды ысылтады, әжім түсіртеді, көбікшелер пайда болады.
Адамның күкірт көміртегін сезу шегі 0,04 мг/м3 астам қосылымда байқалады, 1000 мг/м3 астам қосылымда бас қатты ауырады, ең жоғары қосылымдарда тамыр қозғалысы бұзылады, бас айналып, сезім мүшелері бұзылады, сөйлей алмай қалады, тамағы ауырып, терісі түршігеді. 10000 мг/м3 қосылымда бірнеше рет дем алғаннан кейін есінен танады. Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт көміртегінің ШРҚ 1 мг/м3.
Достарыңызбен бөлісу: |