Сіңірлердің созылуы
Сіңір әдетте жіліншік табан және білек буындарында созылады. Оның белгілері: буынның қатты ауыруы, ісінуі. Көмек көрсету кезінде бинтпен байлап, зақымданған жердің қозғалмауын қамтамасыз етіп, «суықты» басады. Зақымданған аяқ көтерілген, ал зақымданған қол – орамалмен асылған болады.
7.11 Жат заттар түскен жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек
Жат заттар терінің астына түскен кездегі алғашқы көмек
Жат зат терінің (немесе тырнақтың) астына түскен кезде оны оңай және толық алып тастауға сенімді болған кезде ғана жасауға болады. Қандай да бір қиындық туған кезде дәрігерге көрінген жөн. Жат затты теріден алып тастағаннан кейін жарақаттанған орынға йод тұнбасын жағып, таңғыш тағылады.
Достарыңызбен бөлісу: |