Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанындағы бала құқығын қорғау Комитеті


Комитеттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері



бет2/3
Дата12.04.2023
өлшемі20,68 Kb.
#81835
1   2   3
2. Комитеттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
12. Міндеті:
1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
13. Функциялары:
1) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiру және бағыттау;
2) комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
3) адамгершілік-рухани дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мен балалардың әлеуметтік бастамаларын үйлестіру және қолдау;
4) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың халықаралық ынтымақтастық iсiндегi қызметiн үйлестiру;
5) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;
6) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды, балаларды мектепке тасымалдауды, олардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
8) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бала құқықтары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
9) кәмелетке толмағандардың Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ұсталуын үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
10) жеткізушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауына бақылауды жүзеге асыру;
11) шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларды бақылауды жүзеге асыру;
12) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
13) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
14) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптардың сақталуын тексеру;
15) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктің актілерінде оларды бекіту жөнінде тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
16) балалар өмірі көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету;
17) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
18) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асыру;
19) балалар өмірі көрсеткіштерінің мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін белгілеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
20) баланың құқықтарын қорғау, балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуына қарсы іс-қимыл жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мен оның профилактикасы саласында мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
21) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың, балаларды мектепке тасмалдаудың мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;
22) балалар өмірі сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
23) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
24) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;
25) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
26) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
27) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну және оны ресми басылымда жариялау;
28) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған көздерден және мемлекеттік бюджеттен Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырау бойынша іс шаралар өткізу;
29) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
30) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
31) білім және ғылым саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
32) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге ауыстыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
33) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
14. Құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөніндегі түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
3) Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
4) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайда және тәртіпте қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
5) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
6) Комитеттің құзыретіне жататын қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
7) Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;
8) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет