Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанындағы бала құқығын қорғау Комитеті



бет1/3
Дата12.04.2023
өлшемі20,68 Kb.
#81835
  1   2   3

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанындағы бала құқығын қорғау Комитеті
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 мамырдағы
№ 299 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
6. Комитеттің құрылымы мен штат саны заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітіледі.
7. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты.
9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет