МОДУЛЬ
ҰН ӨНІМДЕРІ МЕН ЖАРМАЛАРДЫҢ ӨНДІРІСІ
9.1 Модуль мақсаты
Оқушылар ұн мен ұнның басқа өнімдерінің өндірісін жоспарлайды. Олар ұнды өндіреді, өлшеп орайды және шикізат, ұнды дайындау және өлшеп ораудың түрлі үдерістері туралы алынған білімдерін қолданады. Өндіріс үдерісінде еңбек қорғауды және гигиенанықамтамасыз ету шараларын қолданады, тұтынушының талаптарына сәйкес өнімнің сапасының деңгейін қамтамасыз етуін бақылайды. Олар жабдықтың жұмыс істеу принципі мен құрылымын графикалық түрде суреттейді, сонымен бірге, бақсару және бақылау тәсілдері туралы алынған білімдерді қолданады.
Оқушылар зертханалық тәжірибелер және басқа да ұн өнеркәсібінің типтік сынақтарын жүргізеді, өнімнің сапасы мен шығуын бағалайды.
9.2 Модульге қысқаша шолу
9-Модуль шегінде оқушылар ұн және ұн өнімдерінің өндірісі туралы білім және дағдылар алады. Сонымен бірге, жоғары сапалы соңғы өнімнің өндірісіне қажетті сапасын қамтамасыз ету және гигиена туралы терең білім алады.
9.3 Модуль мазмұны
Дәнді дақылдардың қабығынан тұратын өнім мен ұн өнімдерін дайындау бойынша өндірістік үдерісі
Ұн үдерісінің сұлбасы
Өнімнің жабдық арқылы өтуі
Күнжара, қопсыту, ұн өнімдерінің кезеңі
Бидай және арпа ұны
Бидай ұрығының өндірісі
Еңбек қорғау
Қорек өнімдерінің заңнамалық талаптары
Гигиена (GMP)
Химиялық, физикалық және микробиологиялық талдау
Ұн ағынының талданатын мәндері
Ұн типтерін тексеру
Минералды заттардың кестесі және қисығы
Ұн ағындарын құру
Ұнның қосымша өнімдері
Реологиялық талдау
Таңбалау
Жөнелтімді сақтау және дайындау
Достарыңызбен бөлісу: |