Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет1/42
Дата07.04.2023
өлшемі251,06 Kb.
#80167
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
38-Элеватор-ұн-тартатын-жармалық-және-құрама-жем-өндірісі-мамандығы-бойынша


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
1216000 – Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі мамандығы бойынша
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Біліктіліктер:




Астана – 2015
МАЗМҰНЫ



Кіріспе

4

Оқу жоспары

6

Түсіндірмелік жазба

7

Білім беру бағдарламасы мазмұны мен құрылымы

8

Оқу модульдері

45

Оқу әдебиеттерінің тізімі

75

Оқу жабдықтарының тізімі

79


КІРІСПЕ
Аталған білім беру бағдарламасы LD DIDACTIC Group (Германия Федеративтік Республикасы) шетелдік білім беру мекемесінің қатысуымен, орта буындағы мамандарға және кәсіби жұмысшы мамандарға қойылатын халықаралық заманауи құзыреттілік талаптарына сай әзірленген.
Білім беру бағдарламасы, құзыреттілікке негізделген, өмір бойы оқу концепциясы есебінен әзірленген, өйткені білім беру бағдарламасы бір жағынан, еңбек саласында болып жатқан өзгерістерге жылдам бейімделетін жоғарғы білікті мамандарды қалыптастыруға бағытталса, ал екінші жағынан білімі мен кәсіби өсуін жалғастыруға негізделіп отырып әзірленген.
Аталған тәсіл әрбір білім алушылардың бойында жетістік сезімін құруға септігін тигізеді, яғни оны әрбір білім беру мекемесі өзі қалыптастырады, оның шеңберінде білім алушы өз білімін басқара және басқаруы қажет, яғни білім алушы өз білімі үшін жауапкершілік алуға бейімдейді, ал болашақта – өзінің кәсіби өсуі мен карьерасына жауапкершілік алады. Осыдан келе, білім алушы тұтынушы ретінде, біліммен қанағаттанады, ол өз білімін еңбек нарығына сай жетілдіре алады.
Мамандық бойынша білім беру бағдарламасында кәсіптік білімді жүзеге асыру мен үміткерлерге қойылатын оқу жоспарында кәсіптік профиль, біліктілік деңгейіне сай ақпараттар берілген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық бірыңғай біліктілігінің 3,4 және 5 біліктілік деңгейіне сай құзыреттерге қойылатын талаптар есепке алынған.
Қазақстан Республикасының «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі мамандығы бойынша» мамандығының техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасын әзірлеу мыналарға сәйкес жүзеге асырылды:

  • 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

  • 2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы (ҚР Президентінің 2010 жылдың 7 желтоқсанындағы №1118 қаулысы);

  • 2012 - 2021 жылдарға арналған «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының даму стратегиясы (ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1751 қаулысы);

  • 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының стратегиясы мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы № 957 қаулысы).

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік шеңбері (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың 28 қыркүйегіндегі №444 және Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі 2012 жылдың 24 қыркүйегіндегі №373 біріккен бұйрығы).

Келесі біліктіліктерді алу қарастырылған «121606 3 Техник-технолог*», «121604 2 Астықты өңдеу аппаратшысы*», «121601 2 Ұн тарту өндірісінің аппаратшысы», «******* Кіші инженер-технолог».
Аталған бағдарламаны білім беру мекемесіндегі тәжірибеге енгізу үшін аймақтардың еңбек нарығы ерекшелігіне сәйкес және тапсырыс беруші-жұмысберушінің талаптарына сай оқу жұмыс жоспарын және бағдарламасын құрастыруы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет