Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі коммерциялық емес акционерлік қоғам


Шығыс және Батыс дүниетанымының айырмашылығы



бет4/7
Дата24.03.2022
өлшемі48,03 Kb.
#28642
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Фил.СРС1.Ахметов Р.СИБк-20-1

Шығыс және Батыс дүниетанымының айырмашылығы
Философияда «Еуропа Шығысты арабтар арқылы таныды» деген қағида бар, немесе ұлы Абайдың «Батысым Шығыс, Шығысым Батыс» болды деген сөзінен халықаралық байланыстың полимəдениеттілік сипатын көруге болады. Шығыс философиясының қалыптасуына негіз болған көптеген ерекшеліктер бар, олар: өндіргіш күштердегі секіріс; ақшалай-заттай қатынастардың пайда болуы; рулық-тайпалық құрылымның əлсіреуі; алғашқы мемлекеттердің пайда бола бастауы; дəстүрлі діннің оппозициясының өсуі; тиісті адамгершілік ережелер мен түсініктердің сынға алынуы; ғылыми жəне ғылыми емес білімдердің алғышарттарының пайда болуы т. б.Шығыс тəжірибесі мен мəдениетіне деген ынта-ықылас енді қарқындауда. Шығыс мұрасына үңіле отырып, өзіміздің тегіміз бен тарихи тəжірибемізді дұрыс ұғынамыз, шығыс пен батыс бағдарын салыстыра отырып, дүниетанымдық деңгейімізді толықтырамыз.

Алдымен «Шығыс» деген ұғым нені білдіреді, «шығыс философиясы» дегеніміз не? деген басты сұрақтардың мағынасын ашып алайық. Шығысты кейде географиялық кеңістікпен ұштастырады да, Оңтүстік Шығыс (Үндістан), Алыстағы Шығыс (Қытай), Таяудағы Шығыс (Араб елдері), Орта Азия деп жіктеп жатады. Біз қарастырып отырған Шығыс географиялық ұғымнан гөрі, тарихи, əлеуметтік, саяси, қысқасы, дүниетанымдық-мəдени ұғымға жатады. Шығыс дүниетанымы дегеніміз — күні бүгінге дейін өмірлік мағынасын өрбітіп келе жатқан үш арнаулы өркениеттің — үнді, қытай, мұсылман өркениеттерінің аясында қалыптасқан, таралған философиялық дəстүрлердің шартты жиынтығы. Шығыс философиясының орныққан, кең тараған тарихи кеңістігі, мəдени ортасы, əлеуметтік негізі бар.

Шығыс философиясын батыспен салыстырғандағы мынандай ерекшеліктерін атап өткен орынды:


  • халықтық дəстүр-салтқа, мифологиялық аңыздарға, адамдық тəлім-тəрбиелік тəжірибеге молырақ сүйенеді;

  • мифологиялық-діни, əдеби-өнер арнасындағы біржақтылы, екіжақтылы жəне көпжақтылы көзқарасқа қатар жүгінді;

  • ақыл-парасаттық жəне ғылыми оймен байланысының əлсіздігін, аздығын аңғартады;

  • философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі, біржақты тиянақталмауы;

  • негізгі философиялық ұғымдардың мəн-мағынасынын күрделеніп, этикалық сипатты иемденуі.

Шығыс қауымдастық көзқарас пен өмір салтына айрықша мəн берді, топтасу тұрақтылығын ту етті. Шығыс философиясында сезімдік-бейнелі таным, жеке индивидуалды түсініктер басымдық етті. Батыста философия ғылыми танымға, парасатты білімдер жүйесіне тікелей жүгінді, танымның интеллектуалды жетістігін негізге алды.Батыста философия нақты ғылымдардың нəтижесіне сүйенеді, көбінесе соның жетістіктерін сыни тұрғыдан талдау арқылы дүниетанымдық деңгейге көтерілді. Осыдан екі жақтың дүниетанымдық ортақ бір сұраққа жауабы əр уақытта біртекті бола бермеді. Оның басты себебі адам тіршілігінің тірегінен туындады, түптеп келгенде, шаруашылықтың калыптасу қарқынына, өркениеттің бастапқы түрлеріне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет