Қорытынды
Шығыс, Батыс елдерінде жəне еуразиялық кеңістіктерде қалыптасқан рухани құндылықтардың тұтастығы мен сапа жағынан айырмашылықтары адамзат философиясы тарихының бүгінгі таңдағы келелі мəселелерінің бірі болып табылады. Өйткені əлемдегі халықтардың, ұлттардың, нəсілдердің бəріне тəн жалпы адамзаттық құндылықтарымен қатар, əр халықтың өзіне тəн тарихи қалыптасқан рухани, мəдени байлықтарын, адамгершілік қасиеттерін, яғни өзіндік кұндылықтарын, ескеру аса кажет. Тарихтың қазіргі белесінде осы құндылықтарды жандандыру, солардың негізінде жаңа белеске көтерілу бүгінгі таңның талабына айналуда. Сондықтан да белгілі бір жағдайға байланысты қазақ халқының тоқыраған философиялық жəне тарихи құндылықтарын терең зерттеу, олардың ішкі мəнін айкындау, жалпыадамзаттық өркениет аясындағы даму бағыттарын зерделеу — коғамдық ғылымдардың алдында тұрған басты мəселелердің бірі.
Бұл аталып отырған проблеманың маңызы өзінің ғылымға қажеттілігімен немесе қазақ халқының сана-сезімін оятуға бағытталуымен ғана шектелмейді. Тəуелсіздік жағдайында еліміз нарықтық экономика, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру мақсатын алдына қоюда. Олар тарихи тамырлас рухани негізде қалыптаспаса, өрісі тарылып, ішкі жəне сыртқы күшке төтеп беруі қиынға соғуы мүмкін. Рухани тəуелсіздіктің философиялық мəнін адамның дүниеге көзқарас жүйесінен іздеу қажет. Біздің руханилығымыздың бастауы сонау ежелгі кытай философы Конфуцийден, орта ғасырдағы əл- Фарабиден, кейінгі Абай мен Шəкəрім идеяларынан нəр алды. Олардың негізгі ойлары антропоцентризм философиясының: əлемнің тірегі адам деген тұжырымның төңірегінде болды.
«Өзінді таны жəне өзгерт» — бұл даналықтың үлгісі, халқымыздың ойлау жүйесінің өзекті мəселесі. Əрбір адам үшін болмыс — сол адамның өзінің тіршілік ету ауқымы. Ал оның өмірінің бағыты мен мазмұны «мен қалай ойлаймын, солай тіршілік етемін» деген қағидалық үлгіге саяды.
Өзін-өзі шыңдау, жасампаздық — адамның өзіндік дамуынын мəңгілік процесі. Абайдың философиялық идеясы осыған мегзейді. Жігер, ақыл, жүрек үштігінде жүрек негізгі орынды алады. Ал Шəкəрімнің «арлы ақылға» ден қоюы да бекер емес.
Əркім өзіндік философиясына ең сенімді, басты ізгілік идеяларды, қағидалар мен мақсаттарын белгілеп алуы абзал. Ол үшін адамның рухани кемелділігі өршіл көзқарасты қалыптастыруға, бақыт пен құштарлыққа қол жеткіземін деген мақсатты шыңдауға көмектесуі кажет. Батыс философиясында осы мақсат басқаша түсіндіріледі: абсолютті ақиқатты ақыл, логикалық ойлау процесі арқылы ұғынып, іске асыруға болады. Осы мақсатты түсіну қатардағы адамға мүмкін емес, ол қызық та емес, ал күнделікті мəселелерді осы философияның принциптерімен шешу, керісінше, əсер етуі де ықтимал.
Абайдың айтуынша, дана адамдағы білім, ақыл жəне жігер жақсылыкка, ізгілікті істерге, адамдарға деген сүйіспеншілікке бағытталуы тиіс. Даналық жандылықпен, арлы ақылмен, əділеттілік жəне акиқатпен ұштасып жату керек.
Достарыңызбен бөлісу: |