Бағдарламаны орындау іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ 5 жылдық кезеңдерге арналған стратегиялық жоспарларды әзірлеу және іске асыру арқылы шартты түрде екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.
2010 - 2012 жылдар кезеңінде:
«KazSat-2» FA ұшыру;
FЗK, ЖҚЗ ҒЖ және ҒА ҚҰСК тапсырыс берушінің функцияларын игеру;
ЖҚЗ ҒЖ жобалау, әзірлеу, жасау және сынау барысында технологиялардың трансфертін жүзеге асыру және шетелде мамандарды оқыту;
іске асырылатын жобалар шеңберінде «KazSat-2» ҒА пайдалану жөнінде тәжірибе жинақтау жоспарланып отыр.
2013 - 2014 жылдары мынадай негізгі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:
«KazSat-3» ҒА ұшыру;
жоғары және орта шешімді 2 ЖҚЗ ҒА ұшыру;
ЖҚЗ ҒЖ пайдалану жөнiнде, жеке ҒА ҚұСК құру жұмыстары бойынша тәжірибе жинақтау және мамандарды қосымша оқыту;
ҒА жобалау және ҒА жинақтауыштарын өндіру технологияларын игеру;
соңғы тұтынушыларға коммерциялық қызметтер көрсету.
Бағдарлама міндеттері бөлінісінде оны былайша іске асыру жоспарланып отыр.
1. Мақсатты ғарыш жүйелерін құру мынадай іс-шараларды жүргізуді көздейді:
1) «KazSat» сериялы спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру, ол мыналарды көздейді:
Қазақстандық геостационарлық FA үшін екі орбиталық позицияны бөлу және Қазақстан Республикасына бекіту;
«KazSat-2» және «KazSat-3» ұлттық FA құру және ұшыру;
«KazSat» сериялы FA РЖБК құру;
2) ЖҚЗ ғарыш жүйесін құру, бұл мыналарды көздейді:
ЖҚЗ жоғары шешімді FA және ЖҚЗ орта шешімді FA құру және ұшыру;
ЖҚЗ ҒЖ жерүсті басқару кешенін құру;
басты ақпарат орталығын және ақпаратты қабылдау, өңдеу және тарату жерүсті станцияларының бөлінген желісін қамтитын жерүсті мақсатты кешенін құру;
3) ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру, бұл ғылыми міндеттерді шешу, жаңа ғарыш технологияларын пысықтау, жер сілкіністерінің хабаршыларын зерттеу үшін ҒА жобалық материалдарын әзірлеуді көздейді;
4) жеңіл класты ғарыштық мақсаттағы зымыран-тасығышы ҒЗК-ні құрудың экономикалық орындылығын негіздеу;
5) «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрамға кірмеген және Ресей Федерациясы жалға алған құрамнан шығарылған объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) «Байқоңыр» кешенінің Ресей Федерациясы жалға алған құрамға кірмейтін объектілерін кәдеге жарату және жөндеу әрі аумақтарын қайта құнарландыру.
Көрсетілген шаралар іске асқаннан кейін 4 ғарыш аппараты ұшырылады, оның ішінде 2 ҒА байланыс және хабар тарату және 2 ҒА ЖҚЗ.
Байланыс және хабар тарату, Жерді қашықтықтан зондтау, деректерді беру меншікті ғарыш жүйелерін, ғылыми мақсаттағы FA құру және пайдалану телекоммуникациялар, ауыл шаруашылығы, темір жол және автомобиль көлігі, жер ресурстарын басқару, геодезия, картография, энергетика және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты салаларда Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне әкеледі.
«KazSat» сериялы FA тобы тікелей телехабар тарату, дәлдігі жоғары телехабар тарату, тікелей кең жолақты абоненттік кіру қызметтері, ТД-дабылдарын, Интернет-трафигін және дыбыстық хабар таратуды ұтқыр абоненттердің терминалдарына тікелей беретін мультимедиялық спутниктік хабар тарату сияқты болашақ бағыттарда қызметтер көрсету үшін жаңа техникалық мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. Бұл ретте, көрсетілген сегменттердегі ішкі нарығының іске асырылмаған зор әлеуеті бар.
«KazSat-1» FA іске қосқаннан бастап 1,5 жылда шетелдік спутниктік байланыс операторларының ұсыныстарынан бағасы 25 - 30%-ға төмен Қазақстан Республикасының 18 спутниктік байланыс операторы «KazSat-1» арнасына жалға берілді. Бұл Қазақстан Республикасының белгіленген спутниктік байланыс арналарында 60% сұранысын қанағаттандырды. 2011 жылдың ортасында іске қосуға жоспарланып отырған «KazSat-2» FA «KazSat-1» FA қарағанда жақсырақ сипаттамаға ие, бұл 2014 жылдың соңында 3 жыл аралығында спутниктік байланыс арналарында 80% сұранысын қанағаттандыруға жағдай туғызады.
2015 жылға қарай «KazSat» жобасы бойынша ЖҚҚ болжамдық көрсеткіші 33 млрд. теңге құрайды.
Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесін құру шетелдік компаниялардан Қазақстан Республикасының жер кадастрын және жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрын жасау үшін ғарыш түсірілімдерін сатып алудан бас тартуға мүмкіндік береді.
Екі ҒА түратын ЖҚЗ ғарыш жүйесін 2014 жылдың ортасында іске қосу жоспарланып отыр. Құру жоспарланып отырған жүйенің өнімділігі елімізді ғарыш мәліметтерімен 100% сұранысын қанағаттандырады. Бірақ, ЖҚЗ ҒЖ толығымен қуаттылығымен игеру 1 жылға таман уақытты қажет етеді, сондықтан 2014 жылдың соңына дейін ғарыш мәліметтерімен 50% еліміздің сұранысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
ЖҚЗ ҒЖ жобасы бойынша 2015 жылға қарай ЖҚҚ және экспорт болжамдық көрсеткіштері тиісінше 17 млрд. теңгені және 4,7 млрд. теңгені құрайды.
Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру жақын және алыс ғарышты сапалы зерттеуді, Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыштық материалтану саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын дамыту мынадай жобаларды іске асыру арқылы жүргізіледі:
1) «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Зенит» ЗТ негізінде «Бәйтерек» ҒЗК құру. Аталған ҒЗК-ні құру «Зенит» ЗТ-ны дайындау барысында қолданылатын қажетті ұйымдық-өкімдік және нормативтік құқықтық құжаттарды дайындау, Ресей Федерациясының нормативтік-техникалық құжаттарды беруі және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының нормативтік базаларын кейіннен үйлестіру жөніндегі жұмыстарды, жалдан шығаруды кезінде қабылдау және қолдану үшін кешен жүйелері мен агрегаттарын пайдалану құрамы мен ерекшеліктері бойынша қазақстандық ұйымның қызметкерлерін шарттық негізде практикалық оқытуды жүргізуді; «Зенит» ЗТ-ның техникалық және старттық кешендерін жалдан шығаруды және оларды Қазақстан Республикасының қабылдап, пайдаланушы ұйымға одан әрі беруін; «Зенит» ЗТ-ны пайдалану, дайындау және ұшыру бойынша бірлескен есептеу құрамындағы кешен агрегаттары мен жүйелерінде дербес жұмысқа мамандардың дайын болуына қарай жалдан шығарылған объектілерді пайдаланғаны үшін қазақстандық ұйымдарға жауапкершілікті біртіндеп көшіруді, «Бәйтерек» ҒЗК-ні одан әрі жаңғыртуды (реконструкциялауды) көздейді;
2) Қазақстан Республикасының «Зенит» ҒЗК және «Днепр» ҒЗК коммерциялық жобаларына қатысу жөніндегі экономикалық тиімділігін қарастыру;
3) ҒА жобалау-конструкторлық және технологиялық базасын құру, бұл ҒА ҚұСК, FT АКТБ жерүсті инфрақұрылымының объектілерін салуды, сондай-ақ Ұлттық ғарыштық технологиялар зертханасын, ҒА жиынтықтауыштарын өндіру жөніндегі кәсіпорындар мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталығын, космонавтика мұражайын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құрудың экономикалық мақсатқа сәйкестігін негіздеуді көздейді;
4) жеңіл класты ғарыштық мақсаттағы зымыран-тасығышы ҒЗК-ні құрудың экономикалық орындылығын негіздеу;
5) «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрамға кірмеген және Ресей Федерациясы жалға алған құрамнан шығарылған объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) «Байқоңыр» кешенінің Ресей Федерациясы жалға алған құрамға кірмейтін объектілерін кәдеге жарату және жөндеу әрі аумақтарын қайта құнарландыру.
Бұл шаралар Мемлекет басшысының 2008 жылғы 4 наурыздағы тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасына «Байқоңыр» ғарыш айлағын біртіндеп өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспарының негізін қалады. Бағдарламаны іске асыру «Байқоңыр» кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік және коммерциялық әлеуетін дамытуды және оның негізінде ғарыш кластерін құрастыруды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің бірі ҒА ҚұСК салу және ҒТ АКТБ құру болып табылады.
Бұдан басқа, Бағдарламаның аса маңызды нәтижелеріне жоғары қосымша құны бар өнім өндіретін жоғары технологиялық кәсіпорындарды құру, ғарыш қызметінің технологиялық салаларындағы инженерлік-техникалық қызметкерлер және жоғары білікті жұмысшылар үшін жаңа жұмыс орындарын құруды жатқызуға болады.
3. Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:
1) зымыран-ғарыш техникасын және ғарыш техникасын құруды ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуін әзірлеу;
2) астрофизикалық және ғарыштық зерттеулердің ғылыми және эксперименттік базасын дамыту;
3) Қазақстан аумағындағы жер қыртысының жерүсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингі жүйесін, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын болжау жүйесін құру;
4) ЖҚЗ деректерін қабылдау, мұрағаттау, өңдеу және бейнелеу технологияларын дамыту;
5) ғарыш ауа-райы мониторингі және болжаудың қазақстандық көп деңгейлі жүйесін құру;
6) ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру;
7) ғарыш кеңістігінде ғылыми зерттеу және тәжірибе бағдарламаларын іске асыру;
8) әр түрлі төтенше жағдайлар ошағын табу, оларды оқшауландыру және жою бойынша шұғыл шаралар қолдану жөніндегі даму серпінін бақылау.
Осы шаралар ғарыш техникасының ғылыми зерттеулерінің, зерттемелерінің, сынауларының және өндірудің тұтас жүйесін қалыптастыру қажеттілігімен айқындалады. Бұл ғылыми негізде және қазіргі заманғы жетістіктерде түрлі типтердегі ҒА құруға және ұшыруға, соңғы тұтынушылардың ғарыш жүйелерін пайдаланудың аппараттық-бағдарламалық құралдарын жасауға, сондай-ақ ғарыш қызметінің технологиялық дамуының басым бағыттары бойынша Қазақстанның серпінді жылжуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұшқыш басқаратын ұшулармен байланысты ғарыштық зерттеулер жүргізілетін болады.
Көрсетілген Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстанға:
ғарыш саласын дамытудың, соның ішінде, техникалық реттеу, халықаралық ынтымақтастық және басқа аспектілер бойынша тиімді нормативтік құқықтық базасын қалыптастыруға;
шамамен 60 мемлекеттік стандарт дайындау жолымен стандарттау бойынша нормативтік құжаттар базасын дайындауға;
ғарыш техникасының және технологияларының жетекші әзірлеушілері мен өндірушілерімен мықты әріптестік қатынастар орнатуға;
ғарыш қызметтерінің халықаралық кооперациясына және әлемдік нарығына кіруге;
бейбіт мақсатта ғарыш қызметін белсенді іске асыратын мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін көтеруге мүмкіндік береді.
Мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін басқарудың негізгі тетігі бағдарламалық-мақсатты басқару тетігі болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру үшін мыналар қамтамасыз етіледі:
1) оны іске асыру барысына Қазғарыштың үнемі мониторинг жүргізуі;
2) белгіленген мерзімде Қазғарышқа орындаушы-ұйымдардың оларға жүктелген Бағдарлама бөлімдерін және белгіленген кезеңге арналған іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау жөнінде есептерін ұсыну.
Ғарыш қызметін дамыту жобаларын іске асыру мемлекетаралық келесімдерге және Ресей, Франция кәсіпорындарының, сондай-ақ ғарыштық бейіндегі қазақстандық мемлекеттік кәсіпорындардың шарттарына сәйкес жүргізілетін болады.
Ғарыш жобаларын іске асыру барысында агенттік қазақстандық мазмұн үлесінің мониторингі мен талдау жұмыстарын және оны ұлғайту бойынша шаралар жүргізетін болады.
Бағдарламаның іске асырылу шамасына қарай экономиканың басқа салаларымен өзара байланысы жолға қойылады, яғни ғарыш саласы құрылысының соңғы мақсаты - экономиканың және қоғамның сұраныстарын қанағаттандыру.
Ресурстық қамтамасыз ету, энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, қуатты үнемдеу және инвестицияларды тарту мәселелері ғарыш жобаларын іске асыру барысында тікелей шешілетін болады;
3) бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның Президент Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне оны іске асыру жөніндегі есептерді кезең-кезеңмен ұсыну және қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау.
Ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты нығайту, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму үшін стратегиялық мәні бар ғарыш жобалары, бағдарламалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңесте оның жұмыс органының ұсыныстары бойынша талқыланатын болады.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде өткізіліп жатқан ғарыш қызметі саласындағы басым жобалар мен жұмыстар заңнамада белгіленген тәртіппен Қазғарыштың салалық сараптамасына жатады.