Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет2/4
Дата10.11.2022
өлшемі44,02 Kb.
#49248
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Ағымдағы жағдайды талдау


 Қазіргі кезеңде дүние жүзіндегі ғарыш қызметі және оның ғылыми-өндірістік базасы ғаламдық экономиканың табиғи қызмет ететін, дамудың әмбебап заңдылықтарына мен үрдістеріне бағынатын саласына айналды. Бұл ретте ғаламдық экономиканың ғарыш секторы серпінді және тұрақты даму үстінде.
Жалпы әлемдік ғарыш қызметінің құрылымында мынадай негізгі сегменттер мен стратегиялық бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
байланыс пен хабар таратудың спутниктік жүйелерінің қызметтері;
Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) жүйелерінің қызметтері;
іске қосу қызметтерін көрсету;
ғарыш аппараттарының (бұдан әрі - ҒА) өндірісі;
ғарыш жүйелерінің жерүсті, соның ішінде навигациялық жабдығының өндірісі және пайдалану.
Космонавтиканы дамытудың жалпы үрдістері Қазақстан Республикасына дүниежүзілік ғарыш нарығында өз орнын белсенді іздеуді талап етеді, ол мыналарға байланысты:
Біріншіден, нарықта көшбасшылық орынды алып отырған, қарсы маркетингтік саясат жүргізіп отырған және нарықты өз араларында бөліп алған ғарыш қызметінің негізгі қатысушылары (АҚШ, РФ, Еуропа ғарыш агенттігі, Жапония, ҚХР, Үндістан, Израиль) арасындағы өсіп келе жатқан бәсеке;
Екіншіден, қазақстандық бағдарлама дүниежүзілік бірлестіктің әр түрлі экономикалық-индустриялық даму деңгейіндегі мемлекеттерінің ғарыш қызметіне белсенді қосылуының аясында дамып жатыр.
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың алғашқы нәтижелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру кезінде алынды.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
Ғарыш аппараттарын жерден басқару кешенін құру және «KazSat-1» байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру жобасы іске асырылды;
«Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені (бұдан әрі - «Бәйтерек» ҒЗК), ЖҚЗ және ғылыми мақсаттағы, дәлдігі жоғары спутниктік навигация ғарыш жүйелерін құру техникалық ұсыныстары мен ТЭН әзірленді;
«Орбита» радиополигонының техникалық құралдары және Алматы қаласында «Космостанция» эксперименттік базасы жаңғыртылды;
Халықаралық ғарыш станциясының (бұдан әрі - ХҒС) бортында ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізудің кешенді бағдарламасы әзірленді;
ғарыш кеңістігінің радионавигациялық мониторингі, жоғары атмосферадағы оптикалық құбылыстарды зерттеу саласында және шетелдік ғалымдармен бірлескен басқа да зерттеулерде бірқатар ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің (бұдан әрі - ҰҒМЖ) негізгі инфрақұрылымын, зымыран-ғарыш кешендерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық қауіпсіздігінің мониторингі жүйесін дамыту бөлігінде жұмыстар жүргізілді және белгілі нәтижелер шығарылды.
Осылайша, Қазақстанда ғарыш саласын қалыптастыру үшін маңызды объективті алғышарттар бар. Сондай-ақ бұл алғышарттарға жоғары технологиялар саласында серпілісті қамтамасыз ету қажеттілігі, экономиканың, ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктері және ең бастысы меншігінде дүние жүзіндегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағының болуы жатқызылуы тиіс. Дүниежүзінің жұмыс істейтін шамамен 30 ғарыш айлағының жалпы және коммерциялық іске қосуларының саны бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағы бірінші болып келеді. Дүниежүзінде ең ірі болып саналатын бұл ғарыш айлағы еліміздің бірегей бәсекелік артықшылығы болып табылады.
Бүгiнде «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Протон», «Союз», «Днепр», «Зенит» ғарыш зымыран кешендерi (бұдан әрi – FЗK) жұмыс iстейдi, соңғысының негізінде «Бәйтерек» ҒЗК құру жоспарлануда.
«Протон» ауыр сыныпты ЗТ 1966 жылдан бастап коммерциялық іске қосулар үшін қолданылады және дүниежүзілік коммерциялық ұшырулар нарығында жетекші орынға нық ие болды. «Протон» ЗТ әр коммерциялық іске қосуы кемінде 85 млн. АҚШ долларына табыс әкеледі. 2010 жылға 12 іске қосу жоспарланғанын ескерсек, ILS халықаралық компаниясының «Протон» ЗТ коммерциялық іске қосуларына арналған келісімшарттарының сомасы 1 млрд. АҚШ долларынан асатынын көрсетеді.
Жүзбелі ғарыш айлағынан коммерциялық іске қосулар үшін 1998 жылдан бастап «Зенит» орта сыныпты ЗТ «Морские старты» ойдағыдай қолданылуда. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Зенит» ЗТ коммерциялық іске қосуларды «Международные космические услуги» ресейлік-украиналық компаниясы да жүзеге асырады, іске қосу құны 70 млн. АҚШ долларынан астам бағаланады.
«Днепр» жеңіл сыныпты ЗТ коммерциялық іске қосулар үшін 1999 жылдан бастап табысты қолданылуда және ғарыш аппараттарын ұшыруға бейімделген, дайын РС-20 континентаралық баллистикалық зымыран болып табылады. «Днепр» ЗТ коммерциялық іске қосуы 20 млн. АҚШ долларынан астам бағаланады.
Жоғарыда айталғанға байланысты, жыл сайын «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алғаны үшін 115 млн. АҚШ долларын төлеуді және жыл сайын оның объектілерін ұстауға 100 млн. АҚШ долларын салуды Ресейдің пайдалы деп есептеуі әбден қисынды. Қазақстанның, көзқарасы бойынша, жыл сайынғы жалгерлік ақыны алу, өзінің бірегей бәсекелік басымдығын іске асыру болып табылады. Жалға беру кезеңінің ішінде ел бюджетіне 1,8 млрд. АҚШ долларынан астам түсті.
Сонымен қатар, Қазақстан күш-жігерін жұмсамайынша, оның бірегей бәсекелік басымдығын сақтап қалу мүмкін емес. Мамандардың бағалауы бойынша ғарыш айлағының технологиялық жабдығының табиғи және моральдық тозуының қалған мерзімі шамамен 10 жылды құрайды және мұның Ресей аумағында «Восточный» ғарыш айлағы құрылысының белгіленген мерзіміне сәйкес келуі кездейсоқ емес шығар.
Қалыптасқан жағдайларда Қазақстан өз ғарыштық бағдарламаларының негізінде ғарыш айлағын дамыту арқылы өзінің бірегей бәсекелік басымдығын бұдан әрі де сақтап қала алады. Өзінің ғарыштық бағдарламалары коммерциялық іске қосуларға қатысуға, ғарыш аппараттарының өз өндірісін құруға негізделуі тиіс.
Сондай-ақ ҒА меншікті өндірісін құру қажеттілігі, еліміздің әртүрлі ғарыш қызметтеріне, атап айтқанда ғарыштық байланыс жүйелерінің, Жерді қашықтықтан зондау ғарыш жүйелерінің (бұдан әрі - ЖҚЗ ҒЖ) және спутниктік навигация жүйелерінің қызметтеріне қажеттілігінің жыл сайын өсуімен байланысты.
Отандық операторлар «KazSat-1» спутнигінде қолданылған тарифтерден екі-үш есе жоғары бағалар бойынша шетелдік спутниктер ресурстарын жалға алады. Бұл ретте Қазақстанда негізгі қызметтерді алушылар ел бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер болып табылады.
Мәселен, бүгінгі таңда шетелдік спутниктер ресурстарын жалға алу жылына 34 млн. АҚШ долларын құрайды. Демек, бұл қаржы қаражаты мемлекет ішінде ұлттық байланыс операторларын дамыту үшін пайдаланылмай, шетелдік компаниялардың және олардың өндірістік қуаттарының дамуына кетеді. Спутниктік ресурстарды жалға алу ұзартылған жағдайда тек қана шетелдік компаниялардың жыл сайынғы жалгерлік ақысы 50 млн. АҚШ долларына жетуі мүмкін.
Талдаушылардың бағалауы бойынша Қазақстанның ЖҚЗ ғарыш түсірілімдері нарығының әлеуетті сыйымдылығы жылына 93 млн. АҚШ долларын құрайды, соның ішінде мемлекеттік ұйымдар қажеттілігі - 66 млн. АҚШ долларын және коммерциялық сектор - 27 млн. АҚШ долларын құрайды. Соңғы жылдары GPS аспаптарының бірлескен және жаппай нарығы айтарлықтай өсті және экономикалық әрі әлеуметтік жағынан маңызды болды. Сарапшылардың бағалары бойынша Қазақстандағы навигациялық жүйелер нарығы шамамен 5,8 млн. АҚШ долларын құрауы мүмкін, бұл ретте жаппай нарықтың үлесіне шамамен 25%, немесе 1,4 млн. теңге келеді. Бұл ретте Қазақстанда жоғарыдәлдікті деректердің әлеуетті тұтынушылары геодезия мен кадастр, ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындары, құрылыс кәсіпорындары және басқа ведомстволар мен ұйымдар болып табылады.

Осы саланың (сектордың) күшті және әлсіз жақтарын,
мүмкіндіктері мен қауіп-қатерін талдау


Қазақстанның әлемдік ғарыш индустриясы қатысушыларының қатарына (ғарыш державаларының қатарына) кіру қажеттілігі уақыттың, ел экономикасын әртараптандыру ниетінің, жоғарыдәлдікті өнімнің өндірісін игеру талаптарымен ғана емес, елде ғарыш индустриясының осындай «Байқоңыр» ғарыш айлағы сияқты маңызды құрамдауышының болуымен байланысты.
Бұл басымдық Қазақстанға одан жүргізілетін ҒА ұшыруларына қатысу, зымыран-тасығыштарды дайындау, қызметтер көрсету және іске қосуды жүзеге асыру, меншікті өндірістік-сынау базасын дамыту үшін бірегей мүмкіндік береді. Қазақстанның әртүрлі қызметтерге және Байқоңырда жүзеге асырылатын халықаралық жобаларды іске асыруға қатысуы аса басымды міндеттердің бірі болып табылады.
Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша ғарыш саласының кейбір күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіптерін атап көрсетуге болады:

Күшті жақтары (артықшылықтары):

Әлсіз жақтары (кемшіліктері):

1) дүниежүзіндегі ең ірі және белсенді «Байқоңыр» ғарыш айлағының меншікте болуы;
2) жоғары ғылыми әлеуеттің болуы;
3) практикалық бағыттағы мамандарды даярлау үшін Байқоңыр қаласында Мәскеу авиациялық институты филиалының болуы;
4) ЗТ бөлінетін бөліктердің құлау аудандары ретінде пайдалану үшін жер телімдерінің болуы;
5) ел экономикасының ғарыш
қызметтеріне ішкі мұқтаждығы;
6) ғарыш қызметін дамытуды
мемлекеттік қолдау.

1) «Байқоңыр» ғарыш айлағының
негізгі құрал-жабдығының моральдық және табиғи тозуы;
2) өзінің бірегей бәсекелік
артықшылығына тұтынушылық
қатынас;
3) «Байқоңыр» ғарыш айлағының
коммерциялық әлеуетін тиімді
пайдалану жөнінде шаралар
қабылдамау;
4) ғылыми-технологиялық базаның жоқтығы;
5) мамандардың жетіспеуі.

Мүмкіндіктері:

Қауіптер:

1) әлемдік ғарыш нарығының
ғарыш ұшыруларына қажеттілігінің
тұрақты өсуі;
2) әлемдік коммерциялық
ұшырулар нарығында «Протон» ЗТ,
«Зенит» ЗТ және «Днепр» ЗТ
орнықты тауашаларының болуы;
3) Қазақстан мен Ресей арасында
«Байқоңыр» ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану туралы және «Байтерек» ҒЗК бірлесіп құру туралы келісім;
4) ЗТ бөлінетін бөліктерін құлау аудандары ретінде Қазақстанның аумағындағы жер телімдерін пайдалану үшін Ресейдің мұқтаждығы.

1) Ресейдің өзінің жаңа «Восточный» ғарыш айлағына кетуі;
2) басқа Қытайдың, Үндістанның, Кореяның ірі ғарыш айлақтары жағынан бәсекенің өсуі;
3) әлемдік экономикалық дағдарыс;
4) экологиялық себептер бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағын жабу үшін күрес жүргізетін қоғамдық күштер.Жүктеу

Тиісті саланы (секторды) дамытудың негізгі проблемалары,
үрдістері мен алғышарттары


Бұдан басқа, Қазақстанның ғарыш саласын дамыту перспективаларын бағалау кезінде мынадай проблемалардың барын ескеру керек:
жоғары технологиялық және инновациялық өндіріс саласындағы, нарық нақты талап ететін зерттеулермен айналысатын қазіргі конструкторлық, технологиялық және сынау орталықтарының жоқтығы;
ғарыштық, сондай-ақ жалпы жоғары технологиялық және инновациялық өндірістің жоқтығы;
орта және жоғары техникалық білім жүйесінің әлсіз дамуы, ғарыш саласында ғылыми және кәсіптік кадрларды оқыту және даярлау жүйесінің жоқтығы;
ғылыми-өндірістік, жоғары технологиялық, инвестициялық және салық салаларындағы заң базасының нашар дайындығы, сондай-ақ ғарыш қызметін реттейтін заңдардың жоқтығы;
болашақ өлшемде ғарыш қызметін дамыту тәуекелдерінің болуы;
ғарыш қызметін соңғы тұтынушыға дейін жеткізу қызметтерінің, заңды қамтамасыз етілуінің және инфрақұрылымының жоқтығы.
Осының салдарынан ғарыш қызметінде қазақстандық қамту (құрамдас) үлесі жоқ.
Белгіленген проблемаларды шешу жүйелі және кешенді қағидаттар негізінде қалыптасқан Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қарастырылады.

Саланы (секторды) мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын талдау


Осы кезеңге арналған ғарыш қызметін дамытудың айқын стратегиясының, сондай-ақ Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды мемлекеттік басқару және мониторингінің тиімді жүйесінің болмауы, яғни ғарыш қызметі саласында кәсіптік мемлекеттік органның жоқтығы себебінен Мембағдарламаның нәтижелері мардымсыз болды. Бұдан басқа, әзірлеуші жоспарлаған мерзімде жүзеге асырылмайтын міндеттерді қойған.
Анықталған жүйелі қателерді жою үшін ел Президентінің Жарлығымен 2007 жылы ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты, мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді іске асыруға орталық жауапты мемлекеттік басқару органы ретінде Қазғарыш құрылды.
Құрылған кезден бастап Қазғарыш ғарыш саласының дамуын реттейтін бірқатар құжаттарды: Ғарыш саласын қалыптастыру стратегиясын және Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігін, бес жылдық кезеңдерге арналған стратегиялық даму жоспарларын әзірледі.
Норма шығару қызметінің шеңберінде Қазғарыш «Ғарыш қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірледі.
Ғарыш қызметін дамыту жөнінде белгіленген іс-шараларды іске асыру үшін ғарыш бейініндегі қазақстандық кәсіпорындар құрылды және әрекет етуде.

Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет