ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
Аналитикалық талдау
Тақырыбы: 2016-2020 ж Қазақстандағы ғарыш бағдарламасының дамуы
Орындаған: Серікқызы Т. Тобы: ТП-21-4К Қабылдаған: Оспанов Б.Л.
Шымкент 2021 ж. 2016-2020 ж Қазақстандағы ғарыш бағдарламасының дамуы XXI ғасырдағы Қазақстанның жетістігі - бұл оның саяси және экономикалық ықпал ету, мәдени және адамгершілік жағынан тартымды болу орталығы ретінде қалыптасуы. Бұл жаңа даму шептеріне ұмтылыс, өмір мен қауіпсіздіктің жаңа сапасын бекіту. Ғаламдық динамикалық бәсекелестік жағдайында елімізге табыс идеологиясы, Қазақстанның табысты жобасы әрі оның құрылысының бағдарламасы ауадай қажет. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауы - осы қазақстандық табыс идеологиясының берік негізі, мықты іргетасы. Бұл құжаттың зор тарихи мағынасы, болашақ өзгерістер қуаты және мемлекеттік дамудың күшті энергетикасы бар. Құжат Үкімет пен Қазақстан қоғамының алдында орасан зор міндеттер қояды, оларды іске асыру дүниежүзінің жоғары дамыған және бәсекеге аса қабілетті мемлекеттердің таңдаулы клубына алып шығады. Бәсекеге қабілеттілік - Қазақстанның әлемдік экономика мен қауымдастыққа табысты ықпалдасу жолы, сондықтан Қазақстанды индустрияландыруды халықаралық нарықтардың талаптары мен шарттарына жауап беретін негізде жаңа тәсілмен қамтамасыз ету қажет. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, жоғары технологиялық индустрияның негіздерін құрудың тиімді жолдарының бірі ғарыш қызметін дамыту, елдің ғарыш бағдарламасын іске асыру және ғарыш технологияларын өнеркәсіптік өндіріске енгізу болып табылады. Дуниежүзінің жетекші елдерінің экономикасында ғылымды қажетсінетін, ресурс үнемдейтін технологиялар мен өндірістер рөлі өсуінің тұрақты үрдісі байқалатыны сөзсіз. Өте үлкен аумағы және аса бай қорлары бар Қазақстан үшін космонавтика - бұл геосаяси, экономикалық және ғылыми-практикалық мүдделер аясы. Онсыз елімізде бірыңғай ақпараттық кеңістік құру, оның табиғи ресурстарын зерттеу және ұтымды пайдалану, экологиялық мониторинг жүргізу өте қиын. Бұл ретте көптеген жағдайларда ол ұсынатын мүмкіндіктерге балама жоқ. Ғарышты игеру адамдарға байланысты және көп арналы телевизиялық хабар таратуды, түрлі объектілердің орналасқан жерін жоғары дәлдікпен табуды және олардың қозғалысын басқаруды, метеорология және басқаны ұйымдастыруда негізінде жаңа міндеттерді шешудің шексіз мүмкіндіктерін ашты. Ғарышсаласыжобаларыныңұзақмерзімділігіменғылымдықажетсінуінескереотырып, тиістіБағдарламанықабылдаусалақұрылысынақатысушылардың, соныңішіндеғарышқызметтеріналуғамүдделімемлекеттікоргандардыңжәнешаруашылықжүргізушісубъектілердіңбарлықкүшінбіріктіругемүмкіндікбереді.