Бағдарламаның мақсаты толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін іске асыру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері
Салалық бағдарламаның нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
1) мақсатты ғарыш жүйелерін құру;
2) жерүсті ғарыш инфрақұрылымын дамыту;
3) ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын
дамыту;
4) ғарыш жүйелерін пайдаланудың нысаналы жобаларын iске асыру;
5) ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін қалыптастыру;
6) ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтік-техникалық базасын құру.
Бағдарламаның әрбір міндеті бойынша белгіленетін
нәтижелер көрсеткіштері
.
1. Мақсатты ғарыш жүйелерін құру келесі нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
мемлекеттік қажеттіліктер үшін әлемдік деңгейдегі сипаттамалармен
4 FA ұшыру;
тұтынушыларды спутниктік байланыс, теле- және радиохабар тарату қызметтерімен 80% дейін қамтамасыз ету;
«KazSat-2» ҒА-ның жалпы сыйымдылығынан 75 %-ға және «KazSat-3» ҒА пайдаланудың бірінші жылында ҒА жалпы сыйымдылығынан 7 %-ға дейін жүктелуін қамтамасыз ету;
2014 жылдан бастап тәулiгiне ауданы 1 млн. шаршы км дейiнгi орта шешiмдi ғарыш түсiрiлiмдерiмен тұтынушыларды қамтамасыз ету;
2014 жылдан бастап тәулігіне ауданы 220 мың шаршы км дейінгі жоғары шешімді ғарыш түсірілімдерімен тұтынушыларды қамтамасыз ету.
2. Жерүстi ғарыш инфрақұрылымын дамыту мынадай нәтижелерге қол жеткiзудi көздейдi:
«Зенит» ЗТ негізінде «Бәйтерек» ҒЗК-ін құру;
ҚұСК ғимаратын салу және оның негізгі сынау жабдығын монтаждау үшін дайындау. ҒА ҚұСК 2015 жылы пайдалануға берілетін болады.
3. Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту келесі нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
ғарыш технологияларын пайдаланумен өнімнің 4 тәжірибелік-өндірістік үлгісін құру;
кемінде 9 ғылымды қажетсінетін ғарыш технологияларын енгізу; ғарыш саласының ғылыми және ғылыми-технологиялық базасының 3 объектісін жаңғырту;
гептилді трансформациялаудың бірқатар өнімдері үшін 2 технологиялық регламент, 2 әдістеме және 2 гигиеналық норматив әзірлеу
4. Ғарыш жүйелерін пайдаланудың мақсатты жобаларын іске асыру келесі нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
ҰҒМО үшін 16 ахуал орталығын, 10 тестілік полигон құру;
Қазақстанның тұтынушыларын координаталық-уақыттық және навигациялық қызметтермен 100 % қамтамасыз ету;
жоғарыдәлдікті спутниктік навигация қызметтеріне елдің сұранысын 30 % (Қазақстан аумағын жабу пайызы) қанағаттандыру.
5. Ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін қалыптастыру, ол кәсіптік стандарттар жүйесін енгізуді, отандық және шетелдік ЖОО мен ғылыми орталықтарда, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды, шетел ғарыш орталықтарында тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, кәсіби кадрларды қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтиды және мынадай нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
ғарыш саласы қызметкерлерінің жалпы санына қатысты ғарыш қызметі саласындағы қазақстандық білікті мамандардың санын 50 %-ға дейін;
ғарыш бейінінде, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша даярланған мамандар (бакалаврлар, магистрлер, кандидаттар және ғылым докторлары, Ph.D докторлары) санын – 700 адамға ұлғайту.
6. Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтік-техникалық базасын құру келесі нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
ғарыш қызметі саласында әріптес-мемлекеттердің санын ұлғайту (жыл сайын кемінде 2 мемлекет);
ғарыш қызметі саласында жеке нормативтік құқықтық база құру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзірлеу.